|
|
|
Теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 607 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 5 желтоқсандағы № 1196 қаулысымен бекітілген
Теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
Өтініш беруші сәйкес болуы тиіс теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада ұсынылатын мынадай құжаттардың болуын қамтиды: 1) теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру саласындағы бұрынғы қызметінің тәжірибесі мен ауқымы және техникалық мүмкіндіктері, сондай-ақ қызметтерді тұтынушылармен өзара қарым-қатынас жөніндегі дербестік деңгейі (дербес жүзеге асырылады немесе делдалдар - "қызметтерді көрсетушілер" талап етіледі) туралы мәліметтер көрсетілген өтінім; 2) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне байланыстырылған даму кезеңдері бойынша қызметті жүзеге асыру аумағының картасы; 3) штатында теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі бейіндік жоғары немесе орта арнаулы білімі бар шығармашылық және инженерлік-техникалық қызметкерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер және осы саладағы кемінде бір жыл тиісті жұмыс стажы; 4) хабар таратудың тәуліктік орташа көлемі көрсетілген теледидар және (немесе) радио бағдарламаларының тұжырымдамасы және хабар тарату кестесі; 5) лицензия алған сәттен бастап қызметтерді ұсынудың басталуы көрсетілген өтініш берушінің бизнес-жоспары; 6) көп бағдарламалы теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру үшін теледидар және (немесе) радио арналардың тізбесі; 7) теледидар және радио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теледидар және (немесе) радио бағдарламаларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер; 8) лицензияланатын қызмет түрін сапалы және қауіпсіз жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі үлгі шарт; 9) негізгі техникалық шешімдер туралы мәліметтер: теледидар және (немесе) радио бағдарламаларын әзірлеу және (немесе) тарату кезінде пайдаланылатын техникалық үй-жайлар мен таңдап алынған жабдықтың түрлері көрсетілген қолда бар немесе жоспарланған материалдық-техникалық база туралы; көп бағдарламалы теледидар және (немесе) радио хабарларын тарату (эфирлік цифрлық, кәбілдік, эфирлік-кәбілдік) операторлары үшін желі абоненттерінің болжалды саны туралы; теледидар немесе радио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы туралы; төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы және оларды сақтау жөніндегі міндеттемелері туралы; Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын техникалық қамтамасыз ету схемасы (көп бағдарламалы теледидар және (немесе) радио хабарларын тарататын операторлар үшін) туралы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |