|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 774 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 45, 564-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесінде: 5-тармақтың төртінші абзацындағы «өткізілген конкурстардың нәтижелері бойынша» деген сөздер алынып тасталсын; «ай сайынғы» деген сөздер алынып тасталсын; «жүзеге асырылған және» деген сөздерден кейін «жыл басынан бастап» деген сөздермен толықтырылсын; «1» деген сан «1-1» деген сандармен ауыстырылсын; 19-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы Ережеге 1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есепті және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалын орындау туралы есепті;"; көрсетілген Ережеге 1-қосымшадағы 15-баған алынып тасталсын; осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 1272 қаулысына Қосымша
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесіне 1-1 қосымша
Жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп 200__жылдың_________ (жыл басынан бастап)
кестенің жалғасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |