Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкаларын бекіту
Осы редакция 2005 ж. 30 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 19 қарашадағы № 1405 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 47, 457-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 19 қарашадағы № 1405 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 19 тамыздағы № 1264 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 37, 360-құжат); 3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 қарашадағы № 1405 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 15 мамырдағы № 640 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 226-құжат). 3. Осы қаулы 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1660 қаулысымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж. № 18 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Заңды тұлғалардың құрылуын мемлекеттік тiркеу (есепке алу) кезiндегi мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары: 1) заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен, осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларымен көрсетiлгендердi қоспағанда, алым төленген күнге қолданылатын жиырма еселенген айлық есептiк көрсеткiштi құрайды; 2) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерден, қазыналық кәсiпорындардан және үй-жай (пәтер) иелерi кооперативтерiнен, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен алым төленген күнге қолданылатын бiр айлық есептiк көрсеткiштi құрайды; ҚР Үкіметінің 2005.10.03 ж. № 221 қаулысымен 3-тармақша өзгертілді 3) балалар мен жастардың қоғамдық бiрлестiктерiнен, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен, республикалық және өңiрлiк ұлттық-мәдени қоғамдық бiрлестiктер филиалдарынан алым төленген күнге қолданылатын екi айлық есептiк көрсеткiштi құрайды; 4) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен, алым төленген күнге қолданылатын бес еселенген айлық есептiк көрсеткiштi құрайды. 2. Осы қосымшаның 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен, мемлекеттік қайта тiркеген (есепке алу) кезде заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу ставкасы, осы қосымшаның 1-тармағында белгiленген тиiстi ставканың елу пайызын құрайды. 3. Осы қосымшаның 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне мемлекеттік (есепке алу) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасы берiлген жағдайда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу ставкасы осы қосымшаның 1-тармағында белгiленген тиiстi ставканың жиырма бес пайызын құрайды. 4. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi қызметiн тоқтатқан жағдайда, заңды тұлғалардан мемлекеттік тіркеу үшiн алым төлеу ставкасы төленген күнге қолданылатын бiр айлық есептiк көрсеткiштi құрайды. |