|
|
|
«Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексінің (Салық кодексі) 422-3-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса беріліп отырған туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы ўділет министрлігі екі ай мерзімде бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 11 қаулысымен бекітілген
Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары
1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары алымды төлеу күніне қолданылып жүрген үш айлық есептік көрсеткішті құрайды. 2. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары: 1) жеке тұлғалардан - алымды төлеу күніне қолданылып жүрген екі айлық есептік көрсеткішті; 2) заңды тұлғалардан - алымды төлеу күніне қолданылып жүрген үш айлық есептік көрсеткішті құрайды. 3. Мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың түпнұсқасын бергені үшін алым ставкалары: жеке және заңды тұлғалардан - алымды төлеу күніне қолданылып жүрген екі айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |