«Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті
ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығымен күші жойылды
"Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 5-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) бекітілсін. 2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (М.Т.Мамашев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 426 бұйрығымен бекітілген
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) (бұдан әрі - Нұсқаулық) ұйымдарға қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу кезінде жәрдемдесуге арналған. 2. Нұсқаулық бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын (бұдан әрі - шоттардың жұмыс жоспары) әзірлеу жөніндегі жалпы талаптарды айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|