Тылдық қамтамасыз ету түрлерi бойынша нормаларды бекіту туралы Қазақстан
Осы редакция 2005 ж. 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 15-бабына, "Заңдық актiлердi одан әрi жетiлдiру жөніндегі жұмыс туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде материалдық-техникалық құралдарды негiздi талап ету және пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерiн заттай мүлiкпен қамтамасыз ету нормалары; 2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң және Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiн азық-түлiкпен қамтамасыз ету нормалары; 3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің әскери техникасы мен қару-жарағын пайдалану, жөндеу және консервациялау кезiнде жанармайлардың, майлардың, жағармайлардың және арнайы сұйықтардың жұмсалу нормалары; 4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери бөлiмдерiн және мекемелерiн мал дәрiгерлiк мүлкiмен жабдықтау нормалары бекітілсiн. 2. "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджеттiң жобасын әзiрлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 16 наурыздағы № 219 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсін: 18-тармақтың 1) тармақшасындағы екiншi, үшiншi және бесiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерiн заттай мүлiкпен қамтамасыз ету нормалары; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің әскери қызметшілерін азық-түлікпен қамтамасыз ету нормалары; Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімдерін және мекемелерін мал дәрігерлік мүлкімен жабдықтау нормалары". 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінiң 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762 қаулысымен Бекітілген ҚР Үкіметінің 23.07.04 ж. № 788 қаулысымен № 52 нормамен толықтырылды № 52 Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде халықаралық мiндеттемелердi орындайтын арнайы мақсаттағы бөлiмшелер мен бөлiмдердiң әскери қызметшiлерiн заттай мүлiкпен, арнайы киіммен, жылы заттармен, керек-жарақтармен, спорттық мүлiкпен және төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етудiң нормасы*
* Осы норма бойынша офицерлер, прапорщиктер, келісім-шарт бойынша және мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi қамтамасыз етiледi. ** Осы мүлiк бөлiмшелер мен бөлiмдердiң мүкәммал мүлкі болып табылады және жеке құрамның тізімдік санына беріледі. *** Міндеттерді орындау өңіріне байланысты түсін айқындау. Ескерту: 1. Жүннен тоқылған свитер, жылы іш киім мен жүннен тоқылған қолғаптар суық климатты және суық климатты аудандарға теңестірілген аудандарда беріледі. 2. Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне беріледі. 3. Тізеқаптар мен шынтаққаптар бөлімшелер мен бөлімдер жеке құрамының 50% әскери қызметшілеріне, ал инженерлік-саперлік бөлімшелер мен бөлімдер әскери қызметшілер жеке құрамының 100%-ына беріледі. |