Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 Осы редакция 2006 ж. 13 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамыту үшін тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі қаңтарда және шілдеде жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1351 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасы Астана, 2003 ж. 1. ПАСПОРТ 2. КІРІСПЕ 3. ТРАНЗИТ-КӨЛІК ӘЛЕУЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ 1. Транзиттік тасымалдарды дамыту үшiн алғышарттар 2. Транзиттiк тасымалдардың нақты жай-күйi және өсу перспективалары 3. Транзиттік тасымалдардың халықаралық және ұлттық аспектілерi 4. Көлiк инфрақұрылымы және халықаралық тасымалдарды қамтамасыз ету бойынша оның техникалық мүмкіндiктерi 5. Тасымал көлемдерiн арттыру үшiн техникалық мүмкіндiктер. Табиғи кедергiлер 6. Халықаралық тасымалдарды нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету 7. Қазақстан Республикасы транзит-көлiк әлеуетiнiң дамуына сыртқы факторлардың әсерi 8. Мультимодальды тасымалдар 4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 5. ТРАНЗИТ-КӨЛІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ 6. ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ КӨЛЕМДЕРІ 7. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР 8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТРАНЗИТ-КӨЛІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ 2004-2006 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ 1-қосымша 2-қосымша 3-қосымша Қабылданған қысқарған атаулар Атауы Қазақстан Республикасының транзит-көлiк әлеуетiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы. Бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiздер Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясы, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік көлік саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 801 қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы iс-шаралар туралы" 2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы, Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесi мәжілісiнiң 2003 жылға 16 қазандағы хаттамасы. Негiзгi әзiрлеушi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Бағдарламаның мақсаты Қазақстанның транзит-көлiк әлеуетiн жетiлдiруге және озық дамытуға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, техникалық, экономикалық және қаржылық сипаттағы, республиканың көлiк магистралiмен транзиттік және экспорттық-импорттық тасымалдардың көлемiн ұлғайту және тиімділігiн арттыру үшiн қазiргi кезеңдегi бiрiншi кезектi шаралардың кешенiн қабылдау, сондай-ақ осы шараларды iске асыру жөніндегi іс-әрекеттердi нақтылау және оларды жүзеге асырудың орынды кезеңділiгiн белгiлеу. Бағдарламаның мiндеттерi халықаралық деңгейде елдiң көлiк дәліздерін және транзиттік бағыттарын институционалды күшейту мен дамыту; жолаушылар, жүктер, ақпараттар мен қызмет көрсетулер қозғалысы жолындағы табиғи емес кедергiлердi жоюға бағытталған Қазақстан Республикасының екi жақты және көп жақты ынтымақтастығын дамыту және тереңдету; халықаралық конвенциялар мен келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының көлiк заңнамасын бiрiздендiру және үйлестіру; елiмiздiң транзит-көлiк әлеуетiн дамытуға сыртқы факторлардың терiс әсерiн азайту; ұлттық көлiк-коммуникация желiлерiн жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және дамыту; қызмет көрсетудiң логистикалық жүйелерi мен мультимодальды тасымалды дамытуға негiзделген қазiргi заманғы көлiк технологияларын енгізу; қызмет көрсетудің логистикалық жүйелері мен мультимодальды тасымалды дамытуға негізделген қазіргі заманғы көлік технологияларын енгізу; ұлттық мүдделерді ескеретін және еліміздің транзиттiк тартымдылығын қамтамасыз ететiн тариф саясатын жетiлдiру; халықаралық көлiк дәлiздерiнiң қызметiне ақпараттық-талдаулық және ғылыми-техникалық қолдау көрсету. Бағдарламаның негізгі бағыттары және iске асыру тетiктерi. Қажеттi ресурстар. Бағдарламаны орындауды қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi бағыттар мен тетiктер және оны iске асыру үшiн қажеттi ресурстар Бағдарлама субъектiлерiнің перспективтi және жылдық жоспарларында белгiленедi. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi Негiзгi қаржыландыру көздерi болып мыналар табылады: Бюджет қаражаты және рынок субъектілерiнің меншiктi қаражаты әкiмшілiк етуге (мемлекеттік басқару), құқықтық және нормативтiк-техникалық, ақпараттық-талдамалық және ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге; Рынок субъектiлерiнің меншiктi қаражаты, сондай-ақ iшкi және сыртқы алыс-берiстер - қызмет көрсетудiң логистикалық жүйелерiн құруға, көлiк-коммуникация кешенiн қайта жаңартуға, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға және оның жаңа объектiлерін салуға. Қаржыландыру өлшемi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 929 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға индикативтi жоспарының әлеуметтiк-экономикалық дамуында анықталған: - 2004 жылға - 9220,2 млн.теңге; - 2005 жылға - 1186,3 млн.теңге; - 2006 жылға - 351,5 млн.теңге. Күтілетiн нәтижелер Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн транзиттiк жүк ағынының өсуi, бұл оларға қызмет көрсетуден түсетін Қазақстан Республикасының тiкелей және жанама кiрісін ұлғайтуға әсер етедi; ұсынылатын көлiк қызметтерiнiң сапасын көтеру: жүктердi жеткізудiң жылдамдығын арттыру мен олардың сақталуын қамтамасыз ету, тауар бiрлiгiне есептегенде көлiк шығындарын қысқарту; жол және көлiк құрылысы саласында, көлiк инфрақұрылымы кәсiпорындарында, қызмет көрсету саласында қосымша жұмыс орындарын ашу; шектес мемлекеттермен сауда-экономикалық және саяси байланыстарды нығайту, бұл өңiрдегi саяси жағдайды одан әрi тұрақтандыруға және экономикалық дамуға қызмет ететiн болады; елге жаңа технологияларды тарту. Бұдан басқа, Бағдарламаны iске асыру, мақсатты нәтижелерге қол жеткізуден өзге, iшкi тасымалдарда көлiк шығындарын төмендетуге әкеледi, ол жаңа көлiк технологияларын игеру мен жаңғыртылған көлік желiлерiнде көлiк процесiн жетілдірудiң есебiнен жүргiзiледi. Бағдарламаны iске асыру мерзiмдерi Бағдарламаны iске асыру мерзiмдерi - 2004-2006 жылдар. Тиімдi және сенімдi жұмыс iстейтiн еуразиялық континентаралық байланыстарды қалыптастыру экономика жаhанданудың қазіргі жағдайында ерекше өзекті мәселе болып отыр. Бұл сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстардың кеңеюiмен байланысты, олардың негiзiнде ұлттық және өңiрлiк мүдделерді қамтамасыз ету үшiн мемлекетаралық ынтымақтастық жатыр. Қазақстанның орын алып отырған көлік проблемаларын шешуге белсендi қатысуы еліміздiң географиялық жағдайына, оның табиғи байлықтарына, өңiрдегі экономикалық белсенділiктің өсуiне, көлік кешенiнiң жеткілікті жүк тасу қуатының болуына және еліміздің әлемдiк экономикалық жүйеге тең құқықты интеграциясына бағытталған саяси таңдауына байланысты. Әлемдiк рынокта көлік-коммуникация кешенінің бәсекелестiк қабiлеттілігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзиттік ағындарды ұлғайту "Қазақстан-2030" Стратегиясына экономикалық дамудың ұзақ мерзімді басымдықтарының бiрi ретiнде қаралады. Көлік мәселелерін шешудің негізгі бағыттары мынадай тұжырымдамаларда берілген: - Қазақстан Республикасының 2008 жылға дейiнгі кезеңге арналған мемлекеттік көлiк саясаты; - Қазақстан Республикасының халықаралық көлiк дәліздерінің дамуы. Қазақстан Республикасының транзит-көлiк әлеуетiн дамыту бағдарламасы осы тұжырымдамаларды практикалық іске асыру жолындағы бiріншi кезектегі міндеттерді белгiлейдi және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiң жан-жақты дамуына назарды нақтылайды. Бағдарламаны әзірлеуді негіздеу - "Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы. 3. Транзит-көлік әлеуетінің қазіргі жай-күйін талдау 1. Транзиттік тасымалдарды дамыту үшiн алғышарттар Қазiргi даму кезеңiнде Қазақстан Республикасында транзиттiк мүмкiндiктерiн пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру үшiн қолайлы алғышарттар пайда болды. Солардың бiрi Еуропа және Азия елдерi арасында серпiндi дамып келе жатқан сауда-өнеркәсiптік алмасуға байланысты. Осы алмасу жаңа, неғұрлым оңтайлы еуразиялық көлiк коммуникацияларын қалыптастыруға ынталандырады. Көптеген халықаралық ұйымдардың күш-жігерi осы саладағы проблемаларды шешуге бағытталған. Қабылданған шешiмдер шеңберiнде Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) халықаралық трансконтиненталды темір жол бағыттарын, ал Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) және Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтiк комиссиясының (БҰҰ АТМЭӘК ("Азиядағы жердегi көлiк инфрақұрылымын дамыту" жобасы шеңберiнде (АЛТИД) хатшылықтары автомобиль жолдарының халықаралық желiлерiн қалыптастырады. Қазақстанның еуроазиялық құрлықтың ортасында географиялық орналасуына байланысты қалыптасушы құрлықаралық бағыттардың кейбіреулерi оның аумағы арқылы өтедi. Бұл ретте Қазақстан аумағы арқылы өтетiн бағыттар аралықты қысқартуға мүмкiндiк бередi, мысалы, "Батыс Еуропа елдерi - Қиыр Шығыс елдерi" қатынасында темір жол тасымалдарын шамамен 1,5 мың км қысқартады. Транзиттiк тасымалдарды дамыту үшiн екiншi өзектi алғышарт Тәуелсiз Мемлекеттер достастығы (ТМД), Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберiнде өңiрлiк ынтымақтастықты кеңейту болып табылады. Орталық Азия елдерiнің Ресей Федерациясы мен Қытайдың рыноктарымен объективтi сауда байланыстары өздерiнiң едәуiр көлемiнде тек Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ғана жүзеге асырылады. Оның үстiне, Орталық Азия мемлекеттердiң басқа әлемдiк рыноктарға шығулар, көбiне, өңiрлiк ынтымақтастық жағдайында болатын бағыттармен байланысты. Экономикалық жүйелердiң тарихи қалыптасқан өзара тығыз байланысы және бұрынғы кеңес одағының барлық мемлекеттерi рыноктарының өзара едәуiр тәуелдiлiгi өңiрлiк тауар алмасудың ойдағыдай дамуына мүмкіндiк туғызады. Халықаралық тасымалдардың барлық бағыттары бойынша көлiктің барлық түрлерiнде тасымалдау мүмкiндiктерiнің елеулi резервi бар. 2. Транзиттiк тасымалдардың нақты жай-күйi және өсу перспективалары Қазақстан аумағындағы көлiк жұмысының аса маңызды құрамдас бөлiгi транзиттiк тасымалдар болып табылады. Елеулi қашықтықтарға байланысты олар көбіне темір жол көлiгi арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы шекараларындағы бағыттар бойынша темір жол транзитiнiң динамикасы (3-қосымшаны қараңыз) соңғы онжылдықта темір жол желісі бойынша транзиттiк тасымалдардың көлемi жаңа мыңжылдықтың басында жылына 5,6 млн. тонна деңгейiне тұрақтанып шамамен 20 есеге азайғанын айғақтайды. Алдыңғы жылдары қазақстандық темір жол желісі арқылы транзиттiк тасымалдардың негiзгi көлемi Ресей мен бұрынғы Одақтың басқа да республикаларының аймақаралық байланыстары есебiнен қалыптасты. Ресей Федерациясы - Орта Азия республикалары қатынасындағы транзит үлесi 50-70% құраса, ал "батыс-шығыс" қатынасында 30% шамасында ауытқып отырды. КСРО ыдырағаннан кейiн тасымалдардың тек көлемi ғана емес, сонымен бiрге географиясы да өзгерiске ұшырады. Елеулi көлемде жүзеге асырылып келген ресейлік жүктердің аймақаралық тасымалдары Транссибтің негiзгi магистралiне ауысты. Осы себептен темір жолдардың батыс қазақстандық желісі учаскелерiнде Орал, Поволжье және Ресейдiң оңтүстiк аймақтары арасындағы қатынастарда ресейлiк жүктердi тасымалдары толығымен тоқталды. Ресейдi мамандардың болжамы бойынша көз жетерлiк келешекте қазақстандық темір жолдарды аймақаралық ресейлiк тасымалдар үшiн осы қатынастарда пайдалану көзделмейдi. Қазiргi кезде Қазақстанның аумағындағы негiзгi транзиттi (80% шамасында) Ресей Федерациясы және еуропалық елдер - Орталық Азия мемлекеттерi қатынасындағы тасымалдар құрайды. Абсолюттi көрсеткiштерде осы бағыттағы тасымалдар көлемi қол жеткен ең жоғары деңгейден 10 еседен астам азайды. Соған қарамастан мұнда қолайлы транзиттiк перспективалар сақталуда. Мұны осы бағыттағы тасымал жөніндегi негiзгi әріптестер Ресей мен Өзбекстанның сауда-экономикалық байланыстарының қолайлы даму барысы растайды. Осы мемлекеттердің сыртқы сауда айналымы соңғы кезде тұрақты өсу қарқынымен сипатталды және 2000 жылы 17% құрады. Тасымалдардың негiзгi көлемдерi Озинки, Илецк, Никель-Тау Шеңгелдi және Ақсарай - Бейнеу бағыттарында, яғни ОРТА АЗИЯ және БАТЫС дәлiздерi шегiнде жүзеге асырылады. Шеңгелдi және Бейнеу темір жол станциялары арқылы тасымалдарға трансконтиненттiк транзиттің (TPACEKA дәлiзінің солтүстiк бағыты) ықпалы елеулi емес. Сондықтан тұтас алғанда осы бағыттағы транзит өсiмiнің көлемiн Орталық Азия елдерінің жалпы iшкi өнiмiнiң (ЖIӨ) орташа безбенделген өсуiне балама ретте қабылдауға болады. Түрлi бағалаулар бойынша осы шама Бағдарламаның қолданылуы кезiнде 3-тен 7%-ға дейiнгi мөлшердi құрай алады. Қазақстан темір жолдарының желісі бойынша транзиттiк тасымалдардың өсуiнiң перспективалары, негiзiнен республикалық магистральдарды трансконтиненттiк бағыттардың еуразиялық жүйесіне қатыстыруға және шекаралық Достық-Алашанькоу темір жол өткелінің пайдалануға берілуiне байланысты. Қазiргi кезде теңiз көлiгі арқылы жүзеге асырылатын Еуропа және Азия - Тынық мұхит аймағы елдерi арасындағы жүк тасымалының жыл сайынғы көлемі жылына 90 млн. астам тонна құрайды (ТМД темір жол көлiгi жөніндегі Кеңестiң деректерi). Осы қатынастағы континенттiк тасымалдардың үлесi (негiзiнен ресейлiк Транссиб бойынша) жалпы жүк алмасудың 1%-ын құрайды. Бұл орайда осындай тасымалдардың шамамен 40%-ы табиғи түрде құрлық (темір жол) бағыттарына ұмтылатын Солтүстiк Еуропа елдерiнiң үлесiне келедi. БҰҰ АТМЭӘК деректерi бойынша тасымалдар көлемi 1999 жылы 2,5 млн. жиырма футтық эквиваленттiң контейнерлерiн (ЖФЭ) құрады. Тасымалдар көлемдерiнiң жылдық орташа өсімдері (1993-2000 жылдар) 10% астам құрады. Континенттiк бағыттардың теңiз бағыттарымен салыстырғандағы негiзгі артықшылығы қашықтықтарды және жүктердi жеткізу мерзiмiнде елеулi қысқарту болып табылады. Мәселен, Жапония - Суэц каналы - Орталық Еуропа теңiз тасымалының ұзақтығы 35-37 тәулiктi құрайды. Қозғалыстың қолданыстағы ұйымдастырылуында Қытай, Қазақстан және Ресей Федерациясы арқылы Трансазия темір жолы бойынша жүктердi жеткізу мерзiмi 21-23 тәулiкке дейiн қысқарады және жүрдек контейнерлiк поездармен тасымалдау кезiнде 12-13 тәулiкке дейiн жеткiзілуi мүмкiн. Алайда Достық станциясы арқылы транзит аса тұрақсыз күйде қалып тұр: 1996 жыл - 660 мың тонна; 1999 жыл - 285 мың тонна; 2001 жыл 400 мың тонна, 2002 жыл - 700 мың тонна. Осыған байланысты оның өзгерістерiнiң болжамы, тiптi таяу перспективада да соншалық белгiсiз болып табылады. Сыртқы саяси және экономикалық ахуалдың оң дамуы жағдайында, сондай-ақ тауарлар қозғалысы жолындағы барлық табиғи және табиғи емес кедергiлердi жойған жағдайда Дружба станциясы арқылы транзиттiк тасымалдардың көлемi бiрнеше есеге артуы мүмкiн. Бағдарламаның қолданылу кезеңiне транзиттiң екi есеге ұлғаюы неғұрлым ықтимал болып табылады. Оқиғалар қолайсыз дамыған жағдайда транзит ең төмен тiркелген белгiлерге дейiн құлдырауы мүмкін. Сонымен, жағдайлардың сәттi тоғысуында Қазақстан Республикасы арқылы темір жол транзитi 2005 жылға 6,1-7,6 млн. тоннаға жетуi мүмкін, бұл көрсеткiш 2001 жылғы деңгейден 17-46%-ға жоғары. Автомобиль көлiгiнде мемлекет иелiгiнен айыру және жекешелендiру процестерi аяқталғаннан кейiн автомобиль көлiгi тасымалдарының барлық түрінің, соның ішінде транзиттi жүк тасқындарының да статистикалық есебiнiң нақтылығы жойылды. ТРАСЕКА жобаларының материалдары бойынша былай тұжырымдауға болады, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы көлiктің барлық түрлерiмен жалпы транзит (соның ішінде құбырлық та) 1998-2000 жылдары жылына шамамен 8-9 млн. тоннаны құрады. Бұл ретте транзиттiк тасымалдардың 10%-дан сәл азырағы автомобиль көлігiмен жүзеге асырылды. Жылына 0,9-1,0 млн. тонна шаманы 1998 және 2000 жылдары Көлiк және коммуникациялар ғылыми-зерттеу институтының ("KK ҒЗИ" ЖАҚ) мамандары жүргізген республиканың негізгі магистральдарындағы iшiнара тексерулер де көрсетті. Автокөлiк транзиттің негізгі бағыттары Ресей Федерациясы Орталық Азия және Еуропа елдері - Орталық Азия елдерi болып табылады. Осы қатынастарға барлық транзиттік тасымалдардың тиiсінше 52%-ы және 40%-ы келедi. Ресей Федерациясы - Қытай және Орталық Азия елдері - Қытай қатынасындағы автокөлiк транзитi тең шамалы және шамамен 3-4%-ға бағаланады. Транзиттік тасымалдар үшiн негізінен ОРТА АЗИЯ және ОРТАЛЫҚ АЗИЯ-ШЫҒЫС дәліздерi пайдаланылады. Жол тексерулерi көрсеткенiндей СОЛТҮСТIК және ОРТАЛЫҚ дәліздерi көбіне жүктердiң экспорттық-импорттық тасымалдары үшiн пайдаланылады. Автокөлiк транзитінің өзінің өңірлік сипатын сақтауы айқын. Алдын ала бағалаулар 2005 жылға қатысты оның 12-30 пайызға өсетiндігін көрсетеді, 2000 жылға қатысты оның мәнi 1,10-1,2 млн. тоннаға жетеді. Ақтау теңiз сауда порты арқылы транзиттің дамуы TPACEKA және СОЛТҮСТIК-OҢTYCTIK халықаралық көлiк дәліздерiн қалыптастырумен байланысты. Порт арқылы транзиттік тасымалдар 2001 жылы 0,2 млн. тоннадан кемірек шаманы құрады. Соның iшiнде Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстiк аймақтарынан, қайткенде де порттың жақсы қол жетімділігі қамтамасыз етілетiн сәтке дейін асып кеткенде де осы деңгейдің елеулi ұлғаюы екіталай. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттiң әлеуетті өсуi ИКАО болжамдық бағаларынан шығарылуы мүмкін, оларға сәйкес Еуропа және Азия арасындағы жолаушы тасымалдары таяудағы 5 жылда 5-7%-ға, ал жүк тасымалдары - 9-10%-ға өceді. Қазақстан транзитiнің өсуi көрсетілген шамалардан жоғары да, төмен де болуы мүмкін, ол Қазақстан Республикасы әуе дәліздерінiң бәсекелестiк қабiлетiмен анықталады. 3. Транзиттік тасымалдардың халықаралық және ұлттық аспектілерi Халықаралық көлік бағыттары түрлі мемлекеттердің көлiк желілерінің жеке учаскелерi негізінде халықаралық қатынастағы тасымалдар бойынша олардың қызметтерiн біpiктipу және жөнге келтіру жолымен қалыптастырылады. Осындай жүйелердiң тиiмдi жұмыс істеулерi, аумақтары бойынша бағыт өтетін барлық мемлекеттердiң келiсілген қызметi жағдайында ғана және әрбiр мемлекеттің ұлттық шекарасы шектерiнде тасымалдардың лайықты жағдайлары болуы кезiнде қамтамасыз етiлуі мүмкiн. Құрлықаралық бағыттарды қалыптастыру мен пайдаланудың халықаралық аспекті мiндеттi шарт ретiнде барлық қатыстырылушы елдердiң көлiк әкімшіліктерінің тұрақты ынтымақтастығын көздейдi. Бұл ынтымақтастық құрлықаралық алмасу жүйесiнде бағыттың тартымдылығын арттыру мен бәсекелік қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында бiрыңғай техникалық стандарттар мен пайдалану нормаларын жасауға, нормативтік және құқықтық негiзді біріздендіруге (үйлестіруге), көлiк тасқындары жолдарындағы табиғи және табиғи емес кедергілерді жоюға, келісілген тариф саясатын және т.с.с жүргiзуi бағытталуы тиіс. Қазіргі сәттe еуразиялық қатынаста тасымалдарды ұйымдастыру кезінде белгілi бiр таңдау еркiндiктерiн беретiн бағыттар қалыптасты (теңіз, сондай-ақ құрлық). Таңдаудың шешушi өлшемі ретiнде тасымал сапасының жалпы деңгейiн анықтайтын "қызмет көрсетулер пакеті" аталатын құжат болып табылады және ол мынадай көрсеткіштерді бiрiктiреді, олар: құн; уақыт (ұзақтығы); қауіпсіздік (жүктің сақталынуы); қызмет көрсету деңгейi (мерзiмінде жеткізу кепілдігі, ақпараттық қамтамасыз ету және т.б.). "Қызмет көрсетулер пакетінің" ең озық көрсеткіштеріне қол жеткізу бағыттың қажеттiлігін қамтамасыз ету жөніндегi негізгі мiндет болып табылады. Халықаралық тасымалдар практикасы, олар бойынша халықаралық көлiк дәліздерінің, мультимодальды тасымалдар экспедиторлары мен операторлары кәсiби бiрлестiктерiнiң бағыттары өтетін елдер өкілдерінен тұратын жұмыс істеп тұрған халықаралық органдарға (ұйымдарға) қатысуды жандандыру, сондай-ақ қажет болған жағдайда, жаңа органдар мен халықаралық кеңестер құру жазықтығында жатқандығын көрсеттi. Бұл бағытты тиiмдi пайдалануды ұйымдастыруға, оның тартымдылығын арттыруға бағытталған техникалық және тарифтiк икемдi саясат жүргiзуге мүмкіндік бередi. Континентаралық бағыттардың жұмыс істеулерінің халықаралық сипаты мемлекеттік деңгейде де бiрқатар мәселелерді шешудi талап етедi. Интеграция бойынша нақты қадамдар жасамас бұрын, халықаралық көлiк жүйесiне мыналар талап етіледі: ұлттық басымдықтарды анықтау мақсатында жұмыс істеп тұрған және әлеуетті халықаралық бағыттарға түгендеу жүргізу; халықаралық көлік байланыстарын жетілдiру (оңтайландыру) бойынша ұлттық желілердің әлеуеттi мүмкіндіктерiн анықтау; аумақтары бойынша нақты бағыт өтетiн мемлекеттер арасында екi және көп жақты келісімдер жасасу жолымен негiзгі бағыттар мен желілердің техникалық жай-күйiне қойылатын талаптарды бeкiту, солар бойынша қозғалыстар ұйымдастыру, соның ішіндe шекаралық өткелдерде де өз ұсыныстарын нысандандыру; бағытты кеңiнен таныстыру және оның "осал" жерлерiн анықтау мақсатымен демонстрациялық тасымал дайындау және жүзеге асыру (мүдделi тараптардың қолдауымен). Ұлттық деңгейде транзиттiк саясатты iске асыруды арнайы кешендi бағдарламалар негiзiнде халықаралық көлiк дәлiздерiнiң ұлттық учаскелерiн дамыта отырып, әртүрлi мемлекеттік және жеке құрылымдардың қызметтерін үйлестiретiн уәкілеттi орган жүзеге асырады. Транзит-көлік әлеуетiн дамытудың негiзгi стратегиялық міндеттерi мыналар болып табылады: 1. Шекаралас мемлекеттермен келісілген транзиттiк саясатты жүргiзу, соның iшiнде ТМД елдерiн өзiнiң басымдық транзиттiк ықпалында ұстау және әлемнiң басқа өңiрлерiне өзiнiң ықпалын тарату. 2. Көпжақты халықаралық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, соның ішінде шекаралас елдермен бiрiншi кезекте Ресеймен және Қытаймен достық байланыстарды нығайту. 3. Халықаралық көлiк дәлiздерi саласындағы нормативтік құқықтық базаны халықаралық стандарттарға сәйкестiкке келтiру жөніндегі жұмыстар. 4. Транзиттiк дәлiздердің учаскелерін жаңғырту және қайта жаңарту. 5. Саналы тарифтiк және инвестициялық саясатты жүргiзу. 6. Халықаралық көлiк дәлiздерiн қалыптастыруға және инфрақұрылымды, соның iшiнде көлiк қызметтерiн көрсету рыногын ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн және көлiк құралдарына қызмет көрсету жүйесiн дамытуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеу және iске асыру. 7. Мультимодальды тасымалдарды дамыту. Мазмұндалған мiндеттердi республикалық бюджет қаражаты және осы проблемаларды шешуге мүдделi компаниялардың қаражаты есебiнен iске асыру болжанады. 4. Көлiк инфрақұрылымы және халықаралық тасымалдарды қамтамасыз ету бойынша оның техникалық мүмкіндiктерi АТМЭӘК 56-сессиясында (Бангкок, 2000 жылғы маусым) трансеуразиялық тасымалдарды ұйымдастыру үшiн басым бағыттар ретiнде бес бағыт аталынды: Еуропа - Корей түбегi (Беларусь, Ресей арқылы кiшi нұсқалармен: а) Транссиб бойынша; б) Қазақстан, Қытай арқылы); |