Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы (2012.24.12. берілген өзгерістермен)
Нормативтік құқықтық актілерді «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді: 1. Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күшін жойғандығын тану және өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2004 жылы 12 маусымдағы № 159 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2955 тіркелген): 1 және 2-тармақтар алынып тасталсын; 2) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 385 Қаулысымен күші жойылды (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі. 4. Заң департаменті (Байсынов М.Б.): 1) осы қаулы қабылданған күнінен бастап жеті күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін; 2) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|