|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 және 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақастан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 135 Қаулысы (2008.24.04. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1514 Жарлығына сәйкес келтіру және мемлекеттік органдардың функцияларын қайталауға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде: 18-тармақтың бесінші абзацында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне құндылықты жіберген жіберушіге» деген сөздер «уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын; 18-1-тармақта «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |