Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі (ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232; 2005.17.05. № 464 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 27 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы № 1107 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар; 3) Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) оның мүлiктi басқару жөніндегі функциялары және өкiлеттiктерi Агенттiкке берiле отырып таратылсын. 3. Агенттiктi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Агенттiкке берiлетiн штат саны шегiнде республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігін ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 2005.17.05. № 464 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды 4. Агенттiк төрағасына үш, оның ішінде бір бірінші орынбасары болуына рұқсат етiлсiн. 5. Комитеттiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта аталсын. 6. Агенттiк, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне 2003 жылға бөлiнген бюджет қаражатын қайта бөлуді қамтамасыз етсiн. 7. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын. 8. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 қазандағы № 1521 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 42, 487-құжат), 1-1-тармағынан басқа, күшi жойылды деп танылсын. 9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi туралы ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құрамына кiрмейтiн, ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруға уәкiлеттiк берiлген орталық атқарушы орган болып табылады. 2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агенттiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының қазыналық органдарында және банктерде бюджеттік және валюталық шоттары болады. Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Агенттiкке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар. 4. Агенттiк өзiнiң мемлекеттік өкiлеттiгi шеңберiнде заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар түрiнде кесiмдер басып шығарады. 5. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Агенттiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Әуезов көшесi, 71. 7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтайшы құжаты болады. 9. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Агенттiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Агенттіктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Агенттiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берiлген жағдайда, осындай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жіберіледі. 2. Агенттiктiң негiзгi мiндеттері, функциялары және құқықтары 10. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның iске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын іске асыру; 2) өз құзыретi шегiнде ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметтi мемлекеттік реттеудi жүзеге асыру; 3) радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану саласындағы, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде ақпараттандыру және байланыс саласында метрология, стандарттау және сертификаттау аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу және оның iске асырылуын қамтамасыз ету; 4) байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру; 5) ұсыныстар әзiрлеуге қатысу және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру мен байланысын дамытудың және жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары мен басымдықтарын iске асыру, олардың сапасын, қол жетiмдiлiгiнiң және орнықты жұмыс iстеуiн арттыру; 6) радиожиiлiк спектрiн пайдалануды жоспарлау, сондай-ақ оның тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету; 7) ақпараттандыру және байланыс қызметтерiн көрсету рыногының жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау; 8) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалау жұмыстарына, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс саласындағы кадрларды оқытуға даярлауға және біліктiлiгiн арттыруға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру; 9) ақпараттандыру және байланыс саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. 11. Агенттiк өз құзыретi шегiнде заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды және байланыс инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегі жұмысты ұйымдастыру; 2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қабылдау; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретiне жатқызылған қызмет түрлерiн лицензиялау; 4) лицензиялау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру; 5) байланыс, ақпараттандыру және радиожиiлiк спектрiн пайдалану саласындағы заңды және жеке тұлғалардың қызметiне мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылауды қамтамасыз ету; 6) фискальдық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тiзiлiмiне(нен) компьютерлiк жүйелердi енгізу (алып тастау) үшiн қорытындылар беру тәртібін айқындау және беру; 7) мемлекеттік органдармен бiрлесiп телерадио хабарларын тарату жүйелерiн дамыту жобаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 8) ақпараттандыру және байланыс құралдарын пайдалануға қабылдап алу жөніндегі iс-шараларға қатысу; 9) жалпыға бiрдей пайдаланылатын телекоммуникациялық желiнi құрайтын телекоммуникациялық желiлердiң қалааралық және халықаралық трафигiн өткізу тәртібін және телекоммуникация желiлерiнiң өзара iс-қимыл жасайтын операторларының арасында өткiзiлетiн жүктеме үшiн өзара есеп айырысу қағидаттарын анықтау; 10) байланыс және ақпараттандыру саласындағы метрология, стандарттау және сертификаттау жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге, сондай-ақ метрология, стандарттау және сертификаттау мемлекеттік жүйелерiн жетілдіру жөнiнде жұмыстарды жүзеге асыруға, оның iшiнде мемлекеттік стандарттарды әзiрлеуге қатысу; 11) Ұлттық почта операторының ұсынысымен почталық ақы төлеу мемлекеттік белгiлерiнiң түрлерi мен шығару көлемiн бекіту; 12) байланыс операторларынан және ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердiң иелерiнен ведомстволық статистикалық есептемелер жинауды жүзеге асыру, соның негiзiнде ақпараттандыру және байланыс қызметтерiн көpceту рыногының жағдайын талдау; 13) телекоммуникациялар желiлерiнiң нөмiрлеу ресурстарын бөлу тәртібін анықтау, Интернет желісінiң қазақстандық сегментiнiң атаулы кеңiстiгiн бөлу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және оны бөлу тәртібін анықтау; 14) құрылып жатқан ведомствоаралық мемлекеттік ақпараттық жүйелердi техникалық қолдауды ұйымдастыру, мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп мемлекеттік ақпараттық жүйелердi желiаралық бiрiктiрудi қамтамасыз ету тәртібін әзiрлеу және бекіту; 15) халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру, халықаралық шарттарды дайындау мен жасасуды жүзеге асыру; 16) радиобақылауды және радиоқабылдауды индустриялық кедергiлерден қорғауды, сондай-ақ радиожиiлiк спектрiн пайдалануға мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылауды жүргiзу; 17) радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алуға (сатуға), жобалауға, салуға (орнатуға), пайдалануға және шет елден әкелуге рұқсаттарды беру; 18) радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу; 19) заңды және жеке тұлғалардың радиоэлектронды құралдарының электромагниттiк сәйкестiгiн қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдық-техникалық iс-шаралардың орындалуын, азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдардың электромагниттiк сәйкестiгiн есептеудi және аспапты бағалауды жүргiзудi бақылау; 20) мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша радиоэлектронды құралдардың электромагниттiк сәйкестiгiн қамтамасыз ететiн жиiлiктiк-аумақтық таралу нормаларын бекіту; 21) радиоэлектронды құралдармен және жоғары жиiлiктi құрылғылармен радиоқабылдауға және радиотаратуға жасалатын кедергiлер туралы ренiш-талаптарды қарау және оларды жою жөніндегі iс-шараларды қолдану туралы шешiм қабылдау; 22) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, террорлық актiлер кезiнде ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді басқаруды жүзеге асыру; 23) мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргізу; 24) орнықтылық пен ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ескере отырып, байланыс пен ақпараттандыруды дамыту саласында ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру; 25) ақпараттандыру және байланыс саласындағы объектiлердi жекешелендiру мәселелерiн шешуге қатысу; 26) ақпараттандыру және байланыс саласындағы жұмылдыру дайындығы мен мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға қатысу; 27) ақпараттандыру және байланыс саласындағы республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiн және қатысудың мемлекеттік үлестерiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыру; 28) ақпараттандыру және байланыс саласындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру; 29) Қазақстан Республикасының почта байланысын дамыту және почта-жинақтау жүйесiн қалыптастыру бағдарламасын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну; 30) почта байланысы қызметтерiн көрсетудi ұсынатын шағын және орта бизнес субъектiлерiне қолдау көрсету; 31) почталық ақы төлеу белгiлерiнiң мемлекеттік жинағын қалыптастыру; 32) почтаның Ұлттық операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысының өндiрiстiк объектiлерiне почталық индекстер беру; 33) почта желiлерiмен жөнелтуге шек қойылған нәрселер мен заттардың тiзбесiн, почта жөнелтімдеріндегі почталық штемпельдi қолдану тәртібін, почтаның Ұлттық операторы қызметкерлерiнiң нысанды киім (пагонсыз) үлгiлерiн, оларды кию тәртібін қамтамасыз ету нормаларын бекіту; 34) франкировальдi машиналарды қолдану үшiн рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін анықтау; 35) заңнамамен Агенттiкке жүктелген өзге функциялар. 12. Қойылған мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн Агенттiктiң заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға құқығы бар: 1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгізуге; 2) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және заңды тұлғалардан Агенттiкке жүктелген функциялар мен мiндеттердi жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты сұрауға және алуға; 3) байланыс пен ақпараттандыру жүйелерiнiң жұмыс тәртібін анықтайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң талаптарын стандарттарды және нормаларды бұзушылықты жою туралы заңды және жеке тұлғаларға ұсыныстар енгізуге; 4) оларға тиiсiнше қол жеткізу мен байланыс желiлерi мен құралдарының, ақпараттандыру жүйелерiнiң (әскери, құқық қорғау, сондай-ақ басқа да әскерилендiрiлген құралымдарды қоспағанда) жұмыстарына тексеру жүргiзуге; 5) өз құзыретiне енетiн мәселелер бойынша әдiстемелiк материалдар, ұсынымдар әзiрлеуге; 6) сотқа қуыныммен жүгiнуге, оның қаралуына қатысуға; 7) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқа құруға; 8) сараптамалар және консультациялар жүргiзу үшiн сарапшыларды, мамандарды, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерiн өз құзыретi шегiнде тартуға; 9) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға. 3. Агенттiктiң мүлкi 13. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi бар. Агенттiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен, сондай-ақ құны Агенттiктiң теңгерiлiмiнде көрсетiлетiн өзге мүлiктен қалыптастырылады. 14. Агенттiкке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Егер заңнамалық кесiмдермен өзгеше көзделмесе, Агенттiктiң оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған, оған бекітілген мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру 16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын төраға басқарады. Төрағаның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төрағаның үш орынбасары болады. 17. Агенттiктiң төрағасы Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап бередi. 18. Осы мақсатта Агенттiктiң төрағасы: 1) Агенттiктiң бұйрықтарына қол қояды; 2) өз орынбасарларының және Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн анықтайды; 3) заңнамаға сәйкес Агенттiктiң қызметкерлерiн және аумақтық органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен штат санының лимиттерi шегiнде Агенттiктiң және оның аумақтық органдарының штаттық кестесiн, құрылымын бекiтедi; 5) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Агенттiктiң өкiлеттiгiн бiлдiредi; 6) Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 7) заңнамада белгiленген тәртiппен Агенттiктiң қызметкерлерiн және аумақтық органдарының басшыларын көтермелейдi, сондай-ақ тәртiптiк жаза қолданады; 8) Агенттiктiң құзыретiне енетiн басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды; 19. Агенттiк қабылдайтын шешiмдер Агенттiк төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi. 20. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-қеңесшi органы болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын Агенттiктiң төрағасы бекiтедi. 21. Агенттiктiң заңды тұлға болып табылатын аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармалары бар. 5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру мен тарату 22. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 39-жолда "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. "Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиiлiк спектрiн пайдалану тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 қарашадағы № 1443 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 48, 469-құжат): 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиiлiгi спектрiн пайдалану тәртібі туралы ережеде: 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы және 18 және 35-тармақтардың екiншi абзацтарындағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген аталған Ережеге 3-қосымшада: "Жалпы ережелер" деген 1-бөлiмнiң екiншi және үшiншi абзацтарындағы "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрлерi 120, 136, 156, 160-2, 160-17-жолдар алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне" деген бөлiм және реттiк нөмiрi 265-жол алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 270, 271, 272, 273, 274, 275-жолдармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiне 270 "Индустриялық парк" ЖАҚ 271 АЛА-002765 "Қазақтелеком" ААҚ 272 АЛА-003001 "Қазпочта" ААҚ 273 "Өнеркәсiпбайланыс" ЖАҚ 274 "Веснет" БК ЖАҚ 275 "Ұлттық ақпараттандыру технологиялары" ЖАҚ". 4. ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 42, 485-құжат): 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiмен" деген сөздермен ауыстырылсын. 6. "Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қарашадағы № 1665 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 46, 546-құжат): 1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының жетiншi абзацы, 2-тармағы алынып тасталсын. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi 1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармасы. 2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармасы. 3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң Ақтөбе облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармасы. 4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң Атырау облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармасы. 5. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармасы. 6. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң Жамбыл облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармасы. 7. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармасы. 8. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң Қарағанды облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармасы. 9. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң Қызылорда облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармасы. 10. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң Қостанай облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармасы. 11. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармасы. 12. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң Павлодар облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармасы. 13. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармасы. 14. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармасы. |