«Астықты астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау (2001.19.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 15 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2001.19.04. № 522 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2001.19.04. № 522 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қосымшаға сәйкес Астықты меншігінде айрықша қызмет түрі ретінде астықты сақтау жүзеге асырылатын астық сақтау қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (астық қабылдау кәсіпорындарына) қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензия алымын төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 28, 337-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензия алымын төлеудің тәртібі туралы ережеге қосымшадағы Азаматтар мен заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты қызметтерді лицензиялау үшін лицензиялық алымның ставкалары деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: "12) элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату 10"; 2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесіндегі реттік нөмірі 26-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату"; көрсетілген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі: санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімі деген І бөлім мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын: "23. Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату"; Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі деген II бөлім мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын: "20. Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату". ҚР Үкіметінің 2001.19.04. № 522 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Астықты астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау жөніндегі қызметті лицензиялаудың ережесін әзірлесін және бекітсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінің 2000 жылғы 22 ақпандағы № 273 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2001.19.04. № 522 қаулысымен біліктілік талаптары өзгертілді
Астықты сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (астық қабылдау кәсіпорындарына) қойылатын біліктілік талаптары
Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары: 1) өткізу режимінің, салмақ өлшеу жабдықтарының, астық сақтауға арналған ыдыстардың болуы; 2) көтеру-тасымалдау жабдықтары бар ақаусыз жүк түсіруші құрылғылардың, ауа тазартқыш пен желдеткіш жүйелерінің болуы; 3) ақаусыз астық тазартқыш машиналар мен астық кептіргіштердің (егер технологиялық схемада көзделсе) болуы; 4) астықты сақтау кезінде технологиялық процестердің сақталуын қамтамасыз ететін ақаусыз технологиялық жабдықтардың болуы; 5) ақаусыз өндірістік-технологиялық лабораторияның болуы (лабораториялық жабдықтардың, аспаптардың дайындығы мен болуы); 6) санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының лицензиялық қызметті жүзеге асыруға жарамдылығы туралы қорытындысының болуы; 7) тиісті технологиялық білімі бар мамандардың бар екендігі болып табылады. |