“Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық
Осы редакция 2006 ж. 15 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкiметінiң 2005 жылғы 21 шілдедегі № 758 қаулысына қосымша
Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Балиева - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Мамонтов - Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Әмiров - Қазақстан Республикасының Парламентi
Жолдасбаева - Қазақстан Республикасының Парламентi
Аюбаев - Қазақстан Республикасы Республикалық
Бақтыбаев - Қазақстан Республикасы Бас
Гамарник - Қазақстан Республикасының Білім және
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Iзмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Абайділдин - Қазақстан Республикасының
Айманбетова - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Әйтекенов - Қазақстан Республикасының Экономика
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Базарбаева - Қазақстан Республикасы Қаржы
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Белоног - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Досжан - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Досмұхаметов - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы
Кәрбозов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Қошанов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Күренбеков - Қазақстан Республикасы Президентінің
Орымбаев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Райымбеков - Қазақстан Республикасы Жер
Сүнтаев - Қазақстан Республикасы Қаржы
Тасболатов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Тортаев - Қазақстан Республикасы Статистика
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Айсағалиева - Қазақстан кәсiпкерлерi форумының
Доскенов - Орталық Қазақстан кәсiпкерлерi
Ермаков - "Секрет+Сервис" кәсiпкерлерге қызмет
Палташева - Алматы кәсiпкерлерi қауымдастығының
Шестаков - Қазақстан Кеден брокерлерi
Штарк - Астана қаласы кәсiпкерлерiнiң
Баймаханов - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
Жиреншин - Қазақ гуманитарлық-заң университетi
Жұмағұлов - "Қазақстан Республикасы Заң шығару
Нұғманова - "Қазақстан Республикасы Заң шығару
Үкіметінiң 2005 жылғы 21 шілдедегі № 758 қаулысымен бекітілген
Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары
3. Комиссияның негiзгі мiндеттерi: 1) қолданыстағы әкiмшiлiк заңнаманы талдау; 2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне енгізу үшiн ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды қарау; 3) мемлекеттік органдардың әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ұсыныстарын қарау; 4) әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгізу; 5) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады. 4. Өзiнiң мiндеттерiне сәйкес Комиссияның: 1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға; 2) әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн (келісім бойынша) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға; 4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды мемлекеттік және басқа да ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға; 5) Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де құқықтарға құқығы бар.
3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
5. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды. 6. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссия отырысының хаттамасын ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады. Комиссияның отырысына материалдар оны өткiзгенге дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне жiберiледi. 8. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бірақ жарты жылда кемiнде бір рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде заңды деп есептеледi. 9. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келісімi бойынша белгiлейдi. 10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер, олар үшiн Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлген болса, қабылданды деп есептеледi, Комиссия отырысы хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс. 11. Комиссияның құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары біліктi мамандар тартылуы мүмкiн. 12. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде тоқтатады. |