«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі
№ 669 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 наурыздағы № 202 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кеден органдары алатын кеден алымдарының, алымдар мен төлемдердің ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 669 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 28, 277-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден органдары алатын кеден алымдарының, алымдар мен төлемдердің ставкаларында:
2-бағанның тақырыбындағы «АЕК-мен немесе» деген сөздер алынып тасталсын;
мына:
«Тауарларды кедендік алып жүру үшін кеден алымдары | 50 км-ға дейінгі қашықтыққа 2 айлық есептік көрсеткіш 50-ден 100 км-ға дейінгі қашықтыққа 4 айлық есептік көрсеткіш 100-ден 200 км-ға дейінгі қашықтыққа 7 айлық есептік көрсеткіш 200-ден 400 км-ға дейінгі қашықтыққа 14 айлық есептік көрсеткіш 400-ден 600 км-ға дейінгі қашықтыққа 21 айлық есептік көрсеткіш 600-ден 800 км-ға дейінгі қашықтыққа 29 айлық есептік көрсеткіш 800-ден 1000 км-ға дейінгі қашықтыққа 36 айлық есептік көрсеткіш 1000-ден 1500 км-ға дейінгі қашықтыққа 54 айлық есептік көрсеткіш 1500-ден 2000 км-ға дейінгі қашықтыққа 72 айлық есептік көрсеткіш 2000 км-дан астам қашықтыққа 89 айлық есептік көрсеткіш» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын: |
«Тауарларды кедендік алып жүру үшін кеден алымдары | 50 км-ге дейінгі қашықтыққа 9 евро, 50-ден 100 км-ге дейінгі қашықтыққа 11 евро, 100-ден 200 км-ге дейінгі қашықтыққа 18 евро, 200-ден 400 км-ге дейінгі қашықтыққа 81 евро, 400-ден 600 км-ге дейінгі қашықтыққа 117 евро, 600-ден 800 км-ге дейінгі қашықтыққа 134 евро, 800-ден 1000 км-ге дейінгі қашықтыққа 206 евро, 1000-ден 1500 км-ге дейінгі қашықтыққа 293 евро, 1500-ден 2000 км-ге дейінгі қашықтыққа 455 евро, 2000 км-ден астам қашықтыққа 599 евро ». |
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |