|
|
|
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын (2006.06.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 Қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандары (сипаттамасы); 2) Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру ережесі бекітілсін. 2. «Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1236 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 381-құжат) күші жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 515 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 175 қаулысымен Бекітілген
Білім туралы мемлекеттік үлгідегi құжаттардың түрлері мен нысандары (сипаттамасы)
1. Куәлік, аттестат, диплом қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткенін куәландыратын және білім алушының тиісті білім беру деңгейінің (сатысының) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгергенін және (немесе) оған біліктілік беруді куәландыратын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың (бұдан әрі - мемлекеттік үлгідегі құжат) түрлері болып табылады. 2. Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың барлық түрлері: 1) көлемі 224х160 мм қатты мұқабадан (ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшін - 310х155 мм); 2) көлемі 210х150 мм қосымша беттен (ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшін - 310х110 мм); 3) қосымшадан тұрады. 3. Мемлекеттік үлгідегі құжаттың мұқабасы: 1) мемлекеттік үлгідегі үздік құжат yшін - көк түсті; 2) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдарға берілетін мемлекеттік үлгідегі құжат үшін - көгілдір түсті; 3) ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшін - күрең қызыл түсті; 4) мемлекеттік үлгідегі барлық қалған құжаттар үшін - қою көк түсті болып жасалады. 4. Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың барлық түрлерінің мұқабасында алтын түспен жасалған: 1) жоғарғы жағында - мемлекеттік тілде "Қазақстан Республикасы" деген өрнектелген жазулар; 2) ортасында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы; 3) Мемлекеттік елтаңбаның төменгі жағында - мемлекеттік үлгідегі құжат түрінің мемлекеттік тілде өрнектеліп жазылған атауы орналасады. Мемлекеттік үлгідегі құжат түрі атауының астына мынадай өрнектелген жазу орналастырылады: "Үздік" - мемлекеттік үлгідегі үздік құжаттар үшін; "Алтын белгі" - "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдарға берілетін мемлекеттік үлгідегі құжаттар үшін. 5. Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың қосымша беттерінің бланкілері және қосымшалары (1-30-қосымшалар) баспаханалық тәсілмен басылады (қолмен немесе баспа құрылғыларының көмегімен толтырылатын деректерді есепке алмағанда). 6. Қосымша беттердің бланкілері арнайы қорғаныш деңгейлері бар қағазда басылады: 1) ашық қызғылт түс - мемлекеттік үлгідегі үздік құжаттардың қосымша беттері, ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдары үшін, сондай-ақ "Алтын белгі" белгісімен марапатталатын адамдарға берілетін мемлекеттік үлгідегі құжаттар үшін. Қосымша беттің мәтіні қызыл бояумен басылады; 2) ашық көгілдір түс - мемлекеттік үлгідегі барлық қалған құжаттардың қосымша беттері. Қосымша беттердің мәтіні көк бояумен басылады. Қосымшалардың бланкілері ақ қағазға қара түспен басылады. 7. Қосымша беттің бет жағында: 1) жоғарғы жағында - "Қазақстан Республикасы" деген сөздер; 2) ортасында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі; 3) Мемлекеттік елтаңбаның төменгі жағында - мемлекеттік үлгідегі құжат түрінің мемлекеттік тілдегі атауы орналасады. 8. Мемлекеттік үлгідегі құжаттың қосымша беттерінің ішкі екі жағында ортада су тамғысы белгілерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі басылады. 9. Мемлекеттік үлгідегі құжаттың қосымша беттерінің сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында орыс тіліндегі бара-бар мазмұны көрсетіледі. Ғылым кандидаты және ғылым докторы дипломдарының, доцент және профессор аттестаттарының қосымша беттерінің сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында орыс және ағылшын тілдеріндегі бара-бар мазмұны көрсетіледі. 10. Мемлекеттік үлгідегі үздік құжаттың қосымша беттерінің ішкі екі жақ бетінде құжат түрі атауының төменгі жағында баспаханалық тәсілмен қызыл түспен "Үздік" және "С отличием" деген сөздер басылып жазылады. 11. "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдарға берілетін мемлекеттік үлгідегі құжаттардың қосымша беттерінің ішкі екі жақ беттерінде баспаханалық тәсілмен құжат түрі атауының төменгі жағында қола түспен "Алтын белгі" деген сөздер басылып жазылады. 12. Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың барлық түрлері қосымша беттерінің сериясы мен жеті саннан тұратын нөмірі болады (Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының нөмірленуіне ұқсастық бойынша). Мемлекеттік үлгідегі құжаттың әрбір түрінің нөмірленуі бірыңғай болып табылады. 13. Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың қосымша беттерінің бланкілері оларға енгізілетін жазулар ірі каллиграфиялық жазумен тушьпен (сиямен) немесе басу құрылғыларының көмегімен жазылатындай етіп құрастырылуы қажет.
Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 175 қаулысымен Бекітілген
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру ережесi
1. Білімнің және (немесе) біліктіліктің тиісті деңгейі (сатысы) туралы білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымында белгіленген тәртіппен қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткен азаматтарға беріледі. 2. Білім беру ұйымы қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім алушыға: негізгі жалпы білімнің білім беру бағдарламасын немесе интернатура, клиникалық ординатура, ассистентура-тағылымдаманың кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгергені үшін куәлік береді; жалпы орта білімнің білім беру бағдарламасын меңгергені үшін аттестат береді; кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгергені үшін диплом береді. "Доцент" немесе "профессор" ғылыми атағы берілген адамдарға аттестат беріледі. Түзету білім беру ұйымдарын бітірген, зияткерлік дамуында кемістігі бар адамдарға куәлік беріледі. Тікелей өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтарында, курстарда және жұмысшылар даярлайтын басқа да оқу-өндірістік құрылымдарда кәсіптік оқу бітірген адамдарға куәлік беріледі. Оқуын аяқтамаған азаматтарға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгілеген үлгідегі анықтама беріледі. 3. Тиісті мемлекеттік аттестаттау комиссиясының (біліктілік комиссиясының) шешімі негізгі жалпы немесе жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға, сондай-ақ интернатурада білім алушыларға мемлекеттік үлгідегі құжатты беру үшін негіздеме болып табылады. Біліктілік комиссиясының шешімі тікелей өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтарында, курстарда және жұмысшылар даярлайтын басқа да оқу өндірістік құрылымдарда кәсіптік оқу бітірген адамдарға мемлекеттік үлгідегі құжатты беру үшін негіздеме болып табылады. Білім беру ұйымы басшысының шешімі түзету білім беру ұйымдарында, клиникалық ординатурада, ассистентура-тағылымдамада білім алушыларға мемлекеттік үлгідегі құжатты беру үшін негіздеме болып табылады. Білім беруді мемлекеттік басқарудың тиісті жергілікті органының ұсынысы негізінде қабылданған Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органының шешімі жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушыларға және "Алтын белгі" белгісімен марапатталғандарға мемлекеттік үлгідегі құжатты беру үшін негіздеме болып табылады. Білім және ғылым саласында бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі білім беру ұйымдары мен ғылым ұйымдарында аспирантурада, адъюнктурада және докторантурада білім алушыларға мемлекеттік үлгідегі құжатты беру үшін негіздеме болып табылады. Білім және ғылым саласында бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі жоғары оқу орнының немесе ғылыми-зерттеу ұйымының қолдаухатының негізінде қабылданған "доцент" немесе "профессор" ғылыми атағы берілген адамдарға аттестат беру үшін негіздеме болып табылады. 4. Білім беру ұйымдарында білім алушыға жалпы негізгі білім туралы үздік куәлік, жалпы орта білім туралы үздік аттестат, үздік диплом куәлікке, аттестатқа, дипломға қосымшаға енгізілетін бағалардың негізінде беріледі. Үздік диплом берудің магистрде міндетті түрде үздік алдыңғы кәсіптік жоғары білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының болуы магистр үшін қосымша шарт болып табылады (жоғары базалық білім туралы дипломы немесе жоғары арнайы білім туралы дипломы). 5. Білім алушыға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты тиісті шешім қабылданған күннен бастап он күннен кешіктірмей ол оқуын аяқтаған ұйым салтанатты жағдайда, жеке өзіне береді. Мемлекеттік үлгідегі құжатты жеке өзіне беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол өзге тұлғаға белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат бойынша беріледі. 6. Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың телнұсқалары жоғалған құжаттардың орнына беріледі. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты жоғалтқан азаматтың оны жоғалтудың мән-жайы баяндалған өтініші телнұсқаны беру үшін негіздеме болып табылады және жоғалтқандығын растайтын құжаттар қоса беріледі. Өтініш білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты берген білім беру ұйымына беріледі. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың телнұсқасын беру туралы шешімді білім беру ұйымының басшысы немесе оны ауыстырушы тұлға қабылдайды. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың телнұсқасы өтініш түскен күннен бастап бір айдан кешіктірмей беріледі. Мемлекеттік үлгідегі құжаттың телнұсқасы білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың түпнұсқасы берілген тегіне, атына, әкесінің атына беріледі. Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың телнұсқаларын беру кезеңінде қолданыста болған үлгідегі бланкілерде беріледі және оларға білім беру ұйымының басшысы және оның оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қол қояды. Берілген білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың бланкісінде жоғарғы жағының оң жақ бұрышында "№____ түпнұсқаның орнына берілген телнұсқа" деген мөртабан қойылады. 7. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға қосымшалардың телнұсқалары осы Ереженің 6-тармағында белгіленген тәртіппен беріледі. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатқа қосымшаның телнұсқасын беру кезінде оған азаматтың өзінде сақталған білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың нөмірі мен тіркеу нөмірі қойылады. 8. Тегін (атын, әкесінің атын) өзгерткен азаматтар өздерінде бар білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды жаңа тегімен (атымен, әкесінің атымен) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатқа айырбастай алады. Айырбастау білім беру ұйымы басшысының немесе оны ауыстырушы тұлғаның шешімі бойынша өзінің тегін (атын, әкесінің атын) өзгерткен азаматтың өтініші негізінде, тегін (атын, әкесінің атын) өзгерткенін растайтын құжаттармен жүргізіледі. Білім беру ұйымы басшысының немесе оны ауыстырушы тұлғаның шешімі, азаматтың өтініші мен тегін (атын, әкесінің атын) өзгерткенін растайтын құжаттар, білім беру ұйымын бітірушінің жеке ісінде сақталады. Бұрынғы тегі (аты, әкесінің аты) құжаттарды білім беру ұйымы алып қояды және белгіленген тәртіппен жояды. 9. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі берілген құжаттардың, оның ішінде телнұсқалардың көшірмелері білім беру ұйымының мұрағатында бітірушінің жеке ісінде белгіленген тәртіппен бір данада сақталуы тиіс.
Білім туралы мемлекеттік үлгідегi құжаттардың түрлері мен нысандарына (сипаттамасы) 1-қосымша
кестенің жалғасы
Білім туралы мемлекеттік үлгідегi құжаттардың түрлері мен нысандарына (сипаттамасы) 2-қосымша
кестенің жалғасы
Білім туралы мемлекеттік үлгідегi құжаттардың түрлері мен нысандарына (сипаттамасы) 3-қосымша
кестенің жалғасы
Білім туралы мемлекеттік үлгідегi құжаттардың түрлері мен нысандарына (сипаттамасы) 4-қосымша
кестенің жалғасы
Білім туралы мемлекеттік үлгідегi құжаттардың түрлері мен нысандарына (сипаттамасы) 5-қосымша
кестенің жалғасы
Білім туралы мемлекеттік үлгідегi құжаттардың түрлері мен нысандарына (сипаттамасы) 6-қосымша
кестенің жалғасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |