Мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың кейбір мәселелерi (ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 748 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 31 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн одан әрi арттыруға бағытталған iс-шараларды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 748 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) Даму институттарын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, акционерлік қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесi; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 2. ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 748 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың 1) тармақшасын қоспаған, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 15 қарашадағы № 1201 қаулысымен бекітілген 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 748 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) Даму институттарын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, акционерлік қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердің) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесi ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 748 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Осы Акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, акционерлік қоғамдардың (жауапкершiлігі шектеулi серiктестіктердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) даму институттарын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, акционерлік қоғамдардың (жауапкершiлігі шектеулi серiктестiктердiң) (бұдан әрi - кәсiпорындар) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу тәртібі мен қағидаттарын айқындайды және 2006-2008 жылдарға арналған жоспарларды әзiрлеуден бастап, орта мерзiмдi жоспарлау мақсаттары үшiн қолданылады. 2. Ереженiң мақсаты инвестициялық шешiмдердi, оның iшiнде осы процесті тәртiпке келтiру кезiнде кәсiпорындарды мемлекеттік басқарудың (басқаруға қатысудың) тиiмдiлiгін арттыру болып табылады. 3. Кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламалары қабылданған стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік, салалық өңiрлiк бағдарламаларды iске асыруға бағытталған және мемлекеттік активтердi басқару саласындағы мемлекеттік саясатқа сай келуi тиiс. 4. Инвестициялық бағдарлама кәсiпорынның даму жоспарының (қаржы-шаруашылық қызмет жоспарының, шаруашылық қызмет жоспарының) тиiсті бөлiмi болып табылады. Инвестициялық бағдарлама үш бөлiмшеден тұрады "Инвестициялық ахуалды бағалау", "Инвестициялық басымдықтар мен бағыттар" және "Инвестициялық жоспар". 5. Инвестициялық ахуалды бағалау осы саладағы (аядағы) ахуалды талдауды, кәсiпорынның инвестициялық саясатын қалыптастыруға негiзделетiн кәсiпорынның ондағы рөлi мен ұстанымын көздейдi. Инвестициялық бағдарламаның осы бөлiмшесi үш деңгейлi талдау негiзiнде қалыптастырылады, олар: республиканың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) саласындағы (аясындағы) инвестициялық ахуалды талдау - 1-деңгей; кәсiпорын қызметінiң мүддесiне, ерекшелігіне, мақсаттары мен мiндеттерiне қолданылатын 1-деңгей нәтижелерiн талдау - 2-деңгей; инвестиция түрлерiн, инвестициялық ниет жобаларының құнын, қол жетiмдi жобалар спектрiн, инвестициялауға болатын болжалды қаржыландыру көздерiн, инвестициялық ниеттердi iске асыру болжамы мен сипаттамасын, сондай-ақ жоспарланып отырған инвестициялық шешiмдердi қабылдауға байланысты тәуекелдi айқындауды қамтитын кәсiпорынның әлеуеттi мүмкiндiгiне қолданылатын 2-деңгейдiң нәтижелерiн талдау. Әрбiр деңгей бойынша талдау нәтижелерi дәл белгiленген әрi нақты тұжырымдар түрiнде түйiнделедi. 6. Инвестициялық басымдықтар мен бағыттар мазмұны жағынан инвестициялық ниеттердiң инвестициялық жобаларын кейiннен келесi жылы инвестициялық жоспарға қосу үшiн оларды одан әрi жан-жақты, егжей-тегжейлi зерделеудiң және негіздеудiң орындылығын алдын ала қағидатты түрде бағалау кезеңiн бiлдiредi. Инвестициялық бағдарламаның осы бөлiмшесi инвестициялық ахуалды бағалаудың нәтижелерi негізiнде әзiрленедi және кәсiпорынның инвестициялық саясатының негiзгі басымдықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ кәсiпорынның инвестициялық ниеттерiн көрсететiн белгiленген инвестициялық жобалар кешенiн қамтиды. Инвестициялық ниеттер алдын ала есептеулер мен негiздемелердi, қаржыландыру көздерi мен схемаларын, өтелу мерзiмiн, сондай-ақ инвестициялық ниеттердi өзгеше сүйемелдеудi қамтиды. 7. Кәсiпорынның - табиғи монополия субъектiсiнiң инвестициялық басымдықтары мен бағыттарына қосылған жобалар iске асыру кезеңiнде олардың тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) әсер ету мүмкiндігін алдын ала бағалау тұрғысында табиғи монополияларды реттеу жөнiндегі уәкiлеттi органмен келісілуi тиiс. Бұл ретте инвестициялық бағыттардың жобаларын алдын ала келiсу (жобаларды инвестициялық жоспарға қосқанға дейiн) оларды мiндеттi түрде iске асырудың шарты болып табылмайды. 8. Инвестициялық жоспар алдыңғы жылғы инвестициялық бағдарламаның инвестициялық басымдықтары мен бағыттарында қаралған кезде бұрын мақұлданған инвестициялық жобалардың тiзбесi мен паспорттарын бiлдiредi. Инвестициялық жоспарға қосылған жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесi, сараптамалық қорытындысы, салалық қорытындысы, нақты қаржыландыру көздерi және оларды iске асыру жөніндегі басқа да тiркелген өлшемдерi болуы тиiс. Инвестициялық жоспарға қосылған әрбiр инвестициялық жобаның паспортында жинақталған нысанда инвестициялық жобаның негiзгi өлшемдерi, сондай-ақ нақты (өлшенетiн) көрсеткiштер көрсетiледi. Атап айтқанда, инвестициялық жоба туралы жалпы ақпарат, оның сипаттамасы, жобаны басқару схемасы, инвестицияларды пайдалану бағыты, өнiмнiң (қызметтердiң), өткізу рыногының сипаттамасы, жобаны пысықтау дәрежесi, қаржы-экономикалық көрсеткiштерi, қайтару кепiлдiктерi және тәуекелдер, жобаның бюджеттік және әлеуметтiк тиiмділігi көрсетiледi. Паспорттың нысаны мен көрсеткiштерiнiң құрылымдалған тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын даму жоспарлары (қаржы-шаруашылық қызметiнiң, шаруашылық қызметiнiң жоспарлары) бөлiмдерiнiң құрылымы, нысандары және көрсеткiштерi тiзбесi шеңберiнде бекітiледi. Жоғарыда көрсетiлген талаптармен қатар жобаларды мiндеттi түрде iске асыру оларды инвестициялық жоспарға қосудың айқындаушы шарты болып табылады. 9. Кәсіпорындардың даму жоспарларының (қаржы-шаруашылық қызметi жоспарларының, шаруашылық қызметi жоспарларының) бөлiмдерi бола отырып, инвестициялық бағдарламалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде және тәртiппен әзiрленедi. 10. Кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламалары Қазақстан Республикасының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу үшiн ақпарат көзі және активтердi басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін негiз болып табылады. Iске асырылуы жоспарланып отырған кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларын бекітілген және әзiрленетiн республикалық және өңiрлiк орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарларымен үйлестiру мақсатында олардың тиiмдiлігі және орта мерзiмдi жоспарлау шеңберiнде жүзеге асырылатын мемлекеттік саясатпен келісілуi тұрғысында кешендi бағалау жүзеге асырылады. 11. Бекiтiлген республикалық және өңiрлiк әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарлары кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларын тиiсiнше түзету үшiн (соңғыларында орта мерзiмдi жоспарлау шеңберiнде жүзеге асырылатын мемлекеттік саясатқа қағидатты қарама-қайшылықтар табылған кезде) негiз болып табылады. Бұл мақсатта кәсiпорындарға қатысты республикалық (коммуналдық) меншiк құқығы субъектiлерiнiң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар (кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган тиісті салада (секторда) мемлекет саясатын жүргiзуге уәкiлеттi мемлекеттік орган немесе экономикалық жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкiлетті мемлекеттік орган болып табылмаған жағдайда) республиканың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) тиiстi саласында (аясында) мемлекеттік саясатты жүргiзуге уәкілеттiк берiлген орталық (жергілiкті) мемлекеттік органдарға, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) орта мерзiмдi жоспары шеңберiнде тиiстi саладағы (сектордағы) инвестициялық саясаттың тиiмділігi мен оның келісілуi тұрғысында тиiсiнше түзетудi жүзеге асыру және салалық бағалауды жүргiзу үшiн инвестициялық бағдарламаларды уақтылы тапсыруды қамтамасыз етедi. 12. Республиканың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) тиiсті саласында (аясында) мемлекеттік саясатты жүргiзуге уәкiлеттi орталық (жергiлiктi) мемлекеттік органдар кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларын бағалаудың (және енгiзiлген түзетулердiң) нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi жоспары жобасының инвестициялық саясат бөлiмiн әзiрлеу жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және экономикалық жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi орталық (жергілiктi) органға (кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларын бағалау жөніндегі қорытындыларды қоса бере отырып) жiбередi. 13. Экономикалық жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi жергiлiктi мемлекеттік орган қарау (түзету), облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары жобасының инвестициялық саясат бөлiмiн әзiрлеу жөніндегі салалық ұсыныстарды кешендi бағалауды және жинауды жүргiзу рәсiмдерiн жүзеге асырғаннан кейiн осы бөлiмдi экономикалық жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi орталық мемлекеттік органға жiбередi. 14. Кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларына кешендi бағалау жүргізу жөнiндегі рәсiмдердi жүзеге асыру мерзiмдерiн республиканың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органы республиканың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) кешендi бағалауды жүзеге асыру процесiне қатысатын өзге де мемлекеттік органдарына уақтылы жеткізеді. Кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларына кешендi бағалау жүргiзу мерзiмдерiн белгiлеген кезде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу үшiн белгiленген мерзiмдердi ескеруi тиiс. 15. Кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларын қарау барысында мемлекеттік органдар: инвестициялық бағдарлама бойынша қосымша ақпаратты талап етуге; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен инвестициялық бағдарламаны бағалауды жүргізу үшiн тәуелсіз сарапшылар мен кеңесшiлердi тартуға; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң (облыс, республикалық маңызы бар қала әкiмдiгінiң) қарауына инвестициялық бағдарламаларды бағалау барысында туындайтын жекелеген мәселелердi шешу үшiн ведомствоаралық жұмыс топтарын құру жөніндегі ұсыныстарды беруге құқылы. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 15 қарашадағы № 1201 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1. "Шағын кәсiпкерлiк жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 қазандағы № 1543 қаулысында: 1-тармақ "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген" деген сөздермен толықтырылсын. 2. "Қазақстанның Даму банкi" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 18 мамырдағы № 659 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 232-құжат): 1-тармақ "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген" деген сөздермен толықтырылсын. 3. "Отандық өндiрушiлердi мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 14 қарашадағы № 1204 қаулысында: 3-тармақтағы "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген" деген сөздермен толықтырылсын. 4. "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 мамырдағы № 442 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 195-құжат): 1-тармақ "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуымен негізделген" деген сөздермен толықтырылсын. 5. "Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 мамырдағы № 501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 23-24, 222-құжат): 1-тармақ "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген" деген сөздермен толықтырылсын. 6. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 30 мамырдағы № 502 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 23-24, 223-құжат): 1-тармақ "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген" деген сөздермен толықтырылсын. 7. "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыруға бағытталған ғылыми-инновациялық қызметтi институционалдық қамтамасыз етудi дамыту жөнiндегі кезек күттiрмейтiн шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 1 тамыздағы № 775 қаулысында: 1-тармақтағы "капиталында" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген" деген сөздермен толықтырылсын. 8. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 190-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесінде: 1-тармақ "ұлттық компаниялардың даму жоспарларын" деген сөздерден кейiн "және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі, мемлекеттiң қатысуы даму институттары (бұдан әрi - даму институттары) жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген акционерлік қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарларын" деген сөздермен толықтырылсын; мәтiнде: "ұлттық компаниялардың", "ұлттық компанияның", "ұлттық компаниялар" және "ұлттық компанияларға" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(даму институттарының)", "(даму институтының)", "(даму институттары)" және "(даму институттарына)" деген сөздермен толықтырылсын; "даму жоспары", "даму жоспарларын" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(қаржы-шаруашылық қызмет жоспары)", "(қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларын)" деген сөздермен толықтырылсын; 16-тармақта: "өздерiнiң" деген сөз алынып тасталсын; "жоспарларын" деген сөзден кейiн "(қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларын)" деген сөздермен толықтырылсын; 17-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "2) ұлттық компанияның (даму институтының) инвестициялық бағдарламасы;"; 19-тармақтың 5) тармақшасында "бекіту" деген сөзден кейiн "(Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен бекітуге ұсыну)" деген сөздермен толықтырылсын. 9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 36, 365-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында: "9. Қаржы және салық-бюджет саясаты" деген бөлiмде: "9.4. Инвестициялық саясат" деген бөлiмшеде: реттік нөмiрi 9.4.1-жолда: 2-бағанда "бағдарламаларының" деген сөз "жоспарларының" деген сөзбен ауыстырылсын; 5-баған мынадай редакцияда жазылсын: "2004 жылғы IV тоқсан". |