|
|
|
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы (2011.09.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 224 Қаулысымен күші жойылды
«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі бекітілсін. 2. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 99 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 4, 55-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 276 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.18.06. № 506 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.29.01. № 38 қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.09.02. № 106 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысымен бекітілген
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 135-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы облыс мәслихатының шешімімен бекітілген қаражат есебінен және шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - су пайдаланушы) суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын жергілікті бюджеттен субсидиялау тәртібін анықтайды. 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) су беруші - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелерінің қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға; 2) су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға; 3) суармалы суды беру жөніндегі қызметтер - су көздерінен (өзен, су қоймасы, арна және тағы басқа) су алу арқылы су пайдаланушыға суды жеткізу, су тартқыштар бойынша (арна, құбыржолдар) тасымалдау және бөлу, су пайдаланушылардың су бөлу орындарына жеткізу; 4) су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативі (САТК) - ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды бірлесіп басқару үшін мүшелік негізінде жүктелген аумақта жер учаскелерін иеленуші (пайдаланушы) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі; 5) ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) - суармалы суды беру жөніндегі қызметтер құнының бір бөлігін жергілікті бюджеттен субсидиялауға жататын су пайдаланушылар тізімін, және су пайдаланушылар бойынша субсидия сомаларын қарау және оларды бекіту жөнінде ұсыныстар енгізу үшін аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия. 3. Субсидиялар су пайдаланудың бекітілген лимиті шегінде ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы суды беру жөнінде алынған қызметтер үшін су пайдаланушылардың шығындарын ішінара өтеуге (көрсетілген қызметтердің құнын арзандатуға) арналады. 4. ВАК өз қызметінде әкім бекіткен ережені, жұмыс регламентін, суармалы суды беру жөніндегі қызметтер құнының бір бөлігі субсидияланатын су пайдаланушыларды таңдау өлшемдерін басшылыққа алады. ВАК төрағалық ететін аудан әкімінің орынбасары және қатысушылар - жергілікті атқарушы органдардың, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның мамандары, қоғамдық ұйымдардың, су пайдаланушылар қауымдастықтарының өкілдері және басқалар құрамында құрылады. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады. Бөлім ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден құжаттарды қабылдау мерзімі мен басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс тәртібін жергілікті БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді. 5. Су пайдаланушыларға берілген судың көлемі су бөлетін орындарда анықталады. 6. Берілген судың бір текше метріне бөлінетін субсидиялар мөлшері осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес суармалы суды беру және суару әдістерін ескере отырып, су пайдаланушылар үшін табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тарифтерге пайыздық ара қатынаста сараланған түрде белгіленеді. Бұл ретте, егер субсидиялауды ескергенде қызметтің құны осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес құнынан төмен болса, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтер субсидиялауға жатпайды. 7. Субсидия алатын кезде САТК-ға бірлескен (су берушінің арнасынан жалғыз су пайдаланушы болып табылатындардан басқа), суды есептеу құралы және су пайдаланудың белгіленген лимиті айларға бөлінген су берушімен суармалы суды беру жөніндегі шарты бар су пайдаланушыларға басымдық беріледі. 8. Субсидиялар тікелей су пайдаланушылардың және САТК шоттарына аударылады (САТК мүшелерінің шешімі негізінде). Жалпы облыс бойынша субсидия көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы облыстың тиісті мәслихатының шешімімен анықталады. Аудандар бойынша субсидиялар көлемі облыс әкімінің тиісті шешімімен айқындалады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары субсидиялар көлемін ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде аудан әкімдерінің назарына жеткізеді.
2. Субсидиялар төлеу тәртібі және су пайдаланушыларға суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау шарттары
9. Субсидиялар алу үшін су пайдаланушылар (су берушінің арнасынан жалғыз су пайдаланушы болып табылатындардан басқа) құжаттарды САТК арқылы ВАК-қа ұсынады. 10. САТК берілген су үшін қызметтер құнын арзандатуға субсидиялар алу үшін ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейінгі мерзімде ВАК-қа осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: САТК жарғысының көшірмесі; САТК-ның өтінім беру және субсидиялар алу жөніндегі өкілеттіктерін беру туралы САТК мүшелері жиналысының хаттамасы; су берушінің тарифін бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі; осы Қағиданың 7-қосымшасының үлгі нысанына сәйкес САТК-ның су берушімен әрбір су пайдаланушылар үшін айлар бойынша су пайдаланудың лимиті көрсетілген, алдағы суармалы маусымға суармалы суды беру туралы шартты; әрбір су пайдаланушының жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері; әрбір су пайдаланушының суаруға арналған құрылыстарының, жабдығы мен құрылғыларының техникалық паспорттарының бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері; әрбір су пайдаланушының суаруға арналған суды есептейтін аттестатталған құралдардың бар екені туралы құжаттардың көшірмелері; заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі (ақшаны су пайдаланушының шотына аударатын кезде оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесі); клиенттің салық есебінде тұрғанын растайтын, салық органы берген құжаттың көшірмесі; деректемелері көрсетілген банк шотының болуы туралы анықтама. Егер су пайдаланушы осы Қағиданың 5-тармағына сәйкес САТК мүшесі болмаса, онда ол субсидия алу үшін жоғарыда көрсетілген САТК жарғысының көшірмесі мен САТК мүшелерінің өкілеттік беру туралы жиналыстың хаттамасынан басқа құжаттарды өз бетінше ұсынады. 11. ВАК ағымдағы жылдың 25 ақпанына дейінгі мерзімде ұсынылған өтінімдерді қарайды және тиісті хаттамаға қол қойып, суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын арзандату бойынша субсидия алуға САТК бөлінісінде су пайдаланушылардың тізімі мен осы Қағиданың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес ставкалар бойынша субсидиялар сомасын аудан әкіміне бекітуге ұсынады. Аудан бойынша субсидиялардың жалпы сомасы берілген субсидиялар сомасының көлемінен аспауға тиіс. САТК және жекелеген су пайдаланушылар бөлінісінде су пайдаланудың лимитін су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу саласындағы уәкілетті органның су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары анықтайды. Су пайдаланушылар өтінімдерінің саны субсидиялар сомасының көлемінен асып кеткен жағдайда неғұрлым прогрессивті суармалы суды беру технологиялары бар су пайдаланушылардың өтінімдері басым тәртіппен қанағаттандырылады. 12. Су пайдаланушылар тізімі бекітілгеннен кейін аудан әкімі ағымдағы жылдың 28 ақпанына дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша САТК бөлінісінде су пайдаланушылар тізімін ұсынады. 13. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы су пайдаланушылар тізімін алғаннан кейін уәкілетті орган белгілеген су пайдаланудың лимитімен аудан бойынша субсидиялаудың жалпы сомасының сәйкестігін салыстырады. Одан кейін бір апта мерзімде жылдық субсидия сомаларын көрсете отырып, су берудің құнын арзандатуға арналған бюджеттік субсидия алушылар - су пайдаланушылар тізімін бекіту жөнінде аудан әкімдері қабылдаған шешімдер туралы су пайдаланушылар мен САТК-ны жазбаша түрде хабардар етеді. 14. САТК әр айдың 20-күніне дейін бөлімге мыналарды беріп отырады: осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес су берушілермен суармалы суды беру жөнінде қызмет көрсету актісі; су берушіге суармалы суды беру жөніндегі қызметтер үшін қаражат аударылғанын растайтын төлем құжаттарының көшірмесі. Бұл ретте тараптардың уағдаласуы бойынша су пайдаланушы (су пайдаланушының атынан САТК) қалған бөлігін субсидия алғаннан кейін төлеу жөнінде өзіне қосарлама міндеттеме ала отырып, су беруші көрсеткен қызметтер құнының кемінде 50 %-ын төлей алады. 15. Бөлім осы Қағиданың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тексергеннен кейін, ағымдағы айдың 25-күніне дейінгі мерзімде Басқармаға осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша су пайдаланушылар бойынша жиынтық тізілімді жібереді. 16. Басқарма ұсынылған құжаттардың осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және үш жұмыс күні ішінде бюджеттік субсидияларды төлеуге ведомость пен төлем шоттарын қалыптастырады. Төлемді жүргізген кезде Басқарма екі жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және екі данада төлем шоттарын ұсынады.
өндірушілерге су жіберу бойынша қызметтің құнын жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына 1-қосымша
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеткізілген судың бір текше метріне бөлінетін субсидиялар мөлшері
өндірушілерге су жіберу бойынша қызметтің құнын жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына 2-қосымша
Субсидиялауды ескере отырып, суару үшін суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің бұдан төмен субсидиялауға жатпайтын құны (суару тәсіліне қарамастан)
өндірушілерге су жіберу бойынша қызметтің құнын жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына 3-қосымша
Нысан
Суармалы суды беру жөніндегі қызметтерге бюджеттік субсидиялар алушы су пайдаланушылардың тізімін бекіту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы _______________________ (Т.А.Ә)
201__ жылы суландыру үшін суармалы суды беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алуға ӨТІНІМ
1. САТК және су пайдаланушы:____________________________________________________________________________________________ (САТК пен су пайдаланушының атауы) 2. Орналасқан жері:______________________________________________________________________________________________________ (облыс, аудан, кент, көше) 3. Суландыратын жер__________________________________________________________________________________________________га. оның ішінде пайдалану межеленген_______________________________________________________________________________________га. 4. Су көзінің атауы (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, бөлуші, су бөлшегі) ___________________________________________________________ 5. Суармалы суды жеткізу бойынша шарт жасалған су берушінің атауы: _______________________________________________________________________________________________________________________ 6. Су беруші үшін бекітілген тариф:__________________________________________________________________________________________ (тариф, ТМРА бұйрығының № және күні) 7. Егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша суармалы суды тұтыну көлемі (су пайдаланушылар бөлінісінде):
8. Су тұтыну көлемін айларға бөлу (су пайдаланушылар бөлінісінде):
9. ЖИЫНЫ: бір жылға _________ мың теңге төлеу. Ескертпе: Айлар бойынша есептелген су тұтыну көлемі су берушімен жасалған шарт бойынша суармалы судың көлемінен (су пайдалану лимитінен) аспауға тиіс. Осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес субсидиялау құнының көлемін ескере отырып беру жөніндегі қызметтер құны асып кеткен жағдайда субсидия төленбейді.
САТК: ______________________ ___________________ (қолы) (Т.А.Ә)
201_____жылғы «_______»___________________
өндірушілерге су жіберу бойынша қызметтің құнын жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына 4-қосымша
_______________________________________________________облысы ______________________________________________ ауданы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін суармалы суды жеткізу жөніндегі қызметтер құнын арзандатуға бюджеттік субсидия алушы су пайдаланушылар ТІЗІЛІМІ
Су пайдаланушылар тізілімі бойынша субсидия сомасы аудан бойынша барлығы_____________теңгені құрайды. Аудан әкімі: ________________ ________________ (қолы) (Т.А.Ә.)
өндірушілерге су жіберу бойынша қызметтің құнын жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына 5-қосымша
Суландыру үшін суармалы суды жеткізу жөніндегі қызмет көрсету актісі
____________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Су беруші» деп (құжаттың атауы) аталатын______________________________________________________________________________________________________________ (ұйымның атауы) атынан__________________________________________________________және_________________________________________________ (аты, әкесінің аты, тегі) (құжаттың атауы) негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Су пайдаланушы» деп аталатын ____________________________________________________________________________________ төмендегілер туралы осы актіні жасады: (Т.А.Ә.) Осы акт 201__жылғы__________айына «Су беруші» «Су пайдаланушымен» жасалған 201__жылғы «_» _________№___суландыру үшін суармалы суды жеткізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт негізінде белгіленген орынға______текше метр суармалы суды жеткізгендігі, ал «Су пайдаланушы» белгіленген орында жоғарыда көрсетілген су көлемін алғандығы туралы жасалды. Акт су есептеу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес берілген суды күн сайын есептеу журналының деректері негізінде жасалған. Бекітілген тариф бойынша суландыру үшін суармалы суды жеткізу бойынша «Су пайдаланушыға» көрсетілген қызметтің жалпы сомасы _____________теңгені құрады, оның ішінде ҚҚС__________теңге. «Су беруші» мен «Су пайдаланушы» екеуінің арасында жасалған 20__жылғы «__»___________№____шартқа сәйкес толық көлемде актіге қол қойылған күннен бастап суармалы суды жіберу кестесіне сәйкес қызмет көрсетті. Қызмет көрсеткен кезде шағымдар болған жоқ.
өндірушілерге су жіберу бойынша қызметтің құнын жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына 6-қосымша
«БЕКІТЕМІН» Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы __________ ____________ (қолы) (Т.А.Ә.) 20__жылғы «__»__________
20_______жылғы______________________________ (ай) ______________________________________ облысы _______________________________________ ауданы бойынша суару үшін суармалы суды жеткізу жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы ____________________ _______________________ (қолы) (Т.А.Ә.) 20__жылғы «__»____________ Ескертпе: 2-бағанда Су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қала, Астана) ауыл шаруашылығы басқармасы бекіткен Суды пайдаланушылар тізбесіндегі тәртіппен келтірілген. Субсидиялар мөлшері теңгемен (8-баған) қызмет құны осы Қағиданың 2-қосымшасында көрсетілгеннен төмен субсидиялауды ескере отырып төленбейтінін ескеріп есептеледі.
өндірушілерге су жіберу бойынша қызметтің құнын жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына 7-қосымша
Суландыру үшін суармалы суды жеткізу жөніндегі қызметтер көрсету туралы ұсынылатын шарттың үлгі нысаны
_____________________________ ауылы (қаласы) 20______жылғы «______»_____________ Кәсіпорын жарғысы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Су беруші» деп аталатын_________________________________________________________атынан_______________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) бір тараптан, ___________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Су пайдаланушы» деп аталатын________________________________________________________________________________________атынан (заңды немесе жеке тұлғаның атауы) _________________________________________________________________________________________________________ екінші тараптан бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар осы Субсидиялауды ескере отырып тарифтер бойынша су беру бойынша қызметтер көрсету шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді: Осы Шартта төменде келтірілген ұғымдар мынадай түсініктеме береді: 1) «Шарт» - барлық қосымшаларымен және оған толықтырулармен, сондай-ақ Шартта сілтемесі бар барлық құжаттамалармен бірге осы шарт; 2) «Қызметтер» - Шарт шеңберінде Су беруші Су пайдаланушыға көрсетуі тиіс, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша суармалы суды жеткізу жөніндегі қызметтерді анықтайды; 3) «Су беруші» - Шартта көрсетілген жағдайларда суару суын жеткізу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға; 4) «Су пайдаланушы» - қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру үшін суармалы жерлерді пайдалануға байланысты заңды немесе жеке тұлға; 5) «Тариф» - табиғи монополияларды реттеу жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен суару суын жеткізу жөніндегі қызметтерге тариф.
1. Шарттың мәні
1. Осы Шарт бойынша суармалы суды жеткізу жөнінде қызметтерді Су беруші тариф бойынша көрсетуге, ал Су пайдаланушы қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.
2. Тараптардың міндеттері
Су беруші: 2.1. Барлық суару маусымы ішінде_____жылға белгіленген_______ мың текше метр суды пайдалану лимиті шегінде декадалық шығыстар кестесіне сәйкес су шаруашылығы жүйесінің анықталған орындарында Су пайдаланушыға су беруге, 2.2. Су пайдаланушыға суармалы суды берудегі межеленген өзгерістер туралы екі тәуліктен кешіктірмей хабарлауға, 2.3. Су көзінде су ресурстары тапшылығы болған кезде әр су пайдаланушы үшін белгіленген кестелер бойынша суармалы судың көлемдерін төмендетуге, 2.4. Қолда бар су есептеу құралының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге, 2.5. Вегетациялық кезең басталғанға дейін суармалы дренаж желісінің су қабылдауға әзірлігін қамтамасыз етуге міндеттенеді. Су пайдаланушы: 2.6. Шаруашылық ішіндегі суару желісін жұмысқа жарамды жағдайда ұстауға және оларды жиі тазалауды жүргізуге, 2.7. Су берушіге су қабылдау кестесіндегі межеленген өзгерістер туралы 2 тәуліктен кешіктірмей хабарлауға, 2.8. Берілген суармалы судың мақсатты тағайындалуы бойынша тиімді яғни суару үшін ғана пайдалануға, 2.9. Суармалы суды мақсатсыз пайдаланған жағдайда субсидиялар сомасын бюджетке қайтаруды және мақсатсыз пайдаланғаны үшін_______ мөлшерінде айыппұл төлеуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Қосымша талаптар
3.1. Суды тапсыру-қабылдау суармалы суды берудің бекітілген кестесіне сәйкес су бөлу орындарында жүзеге асырылады. Суды беру-қабылдау белгіленген нысанда екі данадағы журналда тіркеледі (біреуі Су берушіде, екіншісі Су пайдаланушыда сақталады). Жазу қара немесе көк сиямен шарикті немесе қаламсапты қаламмен жазылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |