|
|
|
«Қазақстан Республикасының делегациясын Минск қаласына
2006 жылғы 13 - 14 сәуірде Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі Жоғары деңгейдегі топтың жиырма алтыншы мәжілісінің және Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетінің жиырма жетінші мәжілісінің өткізілуіне байланысты: 1. Қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2006 жылғы 12 - 15 сәуір кезеңіне Минск қаласына (Беларусь Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі: 1) Рүстем Сұлтанұлы Жиенбаевты және Гүлбану Зарлыққызы Айманбетованы қоспағанда, Қазақстан Республикасы делегациясының мүшелеріне қонақ үйде тұруға және тәуліктік шығыстарға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін; 2) Алматы - Астана - Минск - Астана - Алматы бағыты бойынша арнайы рейстің шығыстарын 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен төлесін.
Премьер-Министрінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 93-ө өкіміне қосымша
Минск қаласына (Беларусь Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Школьник - Қазақстан Республикасының Владимир Сергеевич Индустрия және сауда министрi
Онжанов - Қазақстан Республикасы Нұрлан Баймолдаұлы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Айтжанова - Қазақстан Республикасының Жанар Сейдахметқызы Индустрия және сауда вице-министрi
Нұғманов - Қазақстан Республикасының Серік Пикұлы Әділет вице-министрi
Мәтішев - Қазақстан Республикасының Индустрия Әлиақпар Болатұлы және сауда министрлігi Бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы
Айманбетова - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Гүлбану Зарлыққызы Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Мәмбеталин - Қазақстан Республикасы Қаржы Әлихан Есенғосұлы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары
Жиенбаев - Қазақстан Республикасының Еуразия Рүстем Сұлтанұлы экономикалық қоғамдастығы жанындағы тұрақты өкілі
Мәдиев - Қазақстан Республикасы Еңбек және Ардақ Еділұлы халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы
Шәріпов - Қазақстан Республикасы Талғат Сағынтайұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар бөлімінің сектор меңгерушісi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |