|
Кедендiк бақылаудың кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2006 ж. 10 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 407, 408 және 412-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзiлiмiн жүргiзудiң және оны кеден органдарына және мәлiмдеушiге жеткiзудiң ережесi; 2) Кедендiк ресiмдеу жөніндегі мамандарды аттестациялаудың ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспасөз қызметi (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсiн. 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшiне енедi.
кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 201 бұйрығымен бекітілген Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзiлiмiн жүргiзудiң және оны кеден органдарына және мәлiмдеушiге жеткiзудiң ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзiлiмiн жүргiзудiң және оны кеден органдарына және мәлiмдеушiге жеткiзудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кеден кодексi) 412-бабына сәйкес әзiрлендi және санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың Тiзiлiмiн (бұдан әрi Тiзiлiм) жүргiзудiң тәртібін және Тiзiлiмге енгiзiлген мәлiметтердi өтiнiш берушiлерге және кеден органдарына ұсынуды анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|