|
|
|
«Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражатынан жаңа
ҚР Үкіметінің 1999.29.01. № 68 қаулысымен күші жойылды
"Елдегі жағдай мен 1997 жылға арналған сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражатынан жаңа жұмыс орындарын құруды және жеке кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың тәртібі туралы қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 927 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражатынан жаңа жұмыс орындарын құруды және жеке кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже "Жұмыспен қамту туралы" Қазақ КСР-інің Заңына және "Елдегі жағдай мен 1997 жылға арналған сыртқы және ішкі саясаттағы негізгі бағыттар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, "Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 мамырдағы № 631 қаулысына сәйкес әзірленді және белгіленген тәртіппен жұмыссыз деп танылған азаматтар, сондай-ақ солардың ішінен кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндер үшін жаңа жұмыс орындарын құруға қолдау жасау үшін жұмыс берушілерге Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорынан қаражат беруді ұйымдастырады және оның шарттарын айқындайды.
І. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры (бұдан әрі - Қор) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясына сәйкес жаңа жұмыс орындарын құру үшін жұмыс берушілерге және белгіленген тәртіппен жұмыссыз деп танылған және кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарға (бұдан әрі - жұмыс берушілер және дара кәсіпкерлер), бақылау пакеті мемлекетке тиесілі екінші дәрежедегі банк (бұдан әрі - банк) арқылы, өз қаражаты есебінен несие береді. 2. Жаңа жұмыс орындарын құруды жаңа кәсіпкерлікті дамытуды қолдауға қаржылық қамтамасыз ету Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жоспарланып отырған тоқсанға арналған бюджетінің "Жаңа жұмыс орындарын құруды және дара кәсіпкерлікті дамытуды қолдау" бабына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Жұмыс берушілер мен дара кәсіпкерлер аудандық (қалалық) жұмыспен қамту орталықтарына өтінім береді. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту орталықтары жергілікті атқарушы органдардың өкілімен бірлесіп 10 күн ішінде жұмыс берушілер мен дара кәсіпкерлердің өтінімдерін қарайды және жұмыс орындарын құруды қолдауға арнап қажетті қаражат бөлу керектігі туралы қорытынды жасайды және оны қарау үшін облыстардың, Алматы қаласының жұмыспен қамту орталықтарына жібереді. 4. Облыстарды және Алматы қаласында жаңа жұмыс орындарын құру және дара кәсіпкерлікті дамыту үшін несие бөлудің қажеттігі туралы шешім қабылдау үшін әкімдердің шешімдерімен мынадай құрамда жұмыс тобы құрылады: облыс әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары (жұмыс тобының жетекшісі); облыстық жұмыспен қамту орталығының бастығы (жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары); облыстық банк бөлімшесінің басшысы. ҚР Үкіметінің 1997.21.07. № 1140 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді Жұмыс тобы жетекшісінің шешімі бойынша оның жұмысына басқа өкілдер де қатысуы мүмкін. 5. Жұмыс тобы аудандық (қалалық) жұмыспен қамту орталықтарының қорытындыларын, жұмыс берушілер мен дара кәсіпкерлердің өтінімдерін және бизнес-жоспарларын (ТЭН-нің үлгі құрылымы (бизнес-жоспар) осы ережеге қоса беріліп отыр) қарайды, тиісті қорытындылар жасайды және Қор басқармасында қарау үшін келесі тоқсанның басталуынан бір ай бұрын Қордың Атқарушы дирекциясына ұсынады. ҚР Үкіметінің 1997.21.07. № 1140 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Жұмыс тобы жұмыс орындарын құруды қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру кезінде борышкер кәсіпорындардың Қорға берешек пен міндетті сақтандыру жарналарын және бұрын жабдықтармен, тетіктермен, өндірістік үй-жайлармен және басқа тауарлармен берілген несиелерді қайтару және оларды кейін жаңа жұмыс орындарын құру мен дара кәсіпкерлікті дамыту үшін пайдалану туралы ұсыныстарын қарайды. Жұмыс тобы тиісті қорытынды жасайды және келесі тоқсан басталардан бір ай бұрын оны лизингке беру үшін қордың Атқарушы дирекциясына Қор басқармасында қарауы үшін ұсынады. Бұл ретте жабдықтардың, тетіктердің және өндірістік үйлердің құны тозуын есепке алғанда, орташа нарықтық құннан аспауға тиіс. 7. ҚР Үкіметінің 1997.21.07. № 1140 қаулысымен алып тасталды 8. ҚР Үкіметінің 1997.21.07. № 1140 қаулысымен алып тасталды 9. ҚР Үкіметінің 1997.21.07. № 1140 қаулысымен алып тасталды; және 10-28 тармақтар тиісінше 7-25 тармақтар болып есептеледі 7. Қор қаражаты банктерге процентсіз ставкадағы несие шартымен беріледі. Қор басқармасы несие бөлу туралы шешім қабылдағаннан кейін Қордың Атқарушы дирекциясы орталықтандырылған қордан қаражатты өзімен тиісті келісім жасасатын банкке аударады. 8. Жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілермен және дара кәсіпкерлермен жұмыс орындарын құру жөнінде шарт жасасады, ол несие алуға негіз болады. 9. Қордан жұмыс орындарын құруды қолдауға арналған қаражатты алған банк 5 банктік күн ішінде оны осы банкте қызмет көрсетілуге тиіс заемшы-жұмыс берушіге немесе дара кәсіпкерге жеткізуге тиіс. 10. Қордың жаңа жұмыс орындарын құруды және дара кәсіпкерлікті дамытуды қолдауға бөлінетін қаражатының мақсатқа сай пайдаланылмауы және оған есеп жүргізу үшін жауапкершілік қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тиісінше жұмыс берушілерге және дара кәсіпкерлерге, облыстардың, қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтарының бастықтарына, банк басшысына және Қор Басқармасына жүктеледі. 11. Жұмыс берушілер мен дара кәсіпкерлерге несиені банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайтару міндеттемесі тиісті қамтамасыз етілетін болғанда 18 айға дейін мерзімге жылына 10 проценттен аспайтын проценттік ставка бойынша береді. Жабдықтар, тетіктер және өндірістік үй-жайлар жұмыссыздар үшін 3 және одан да көп жылға жұмыс орнын берген жағдайда мүліктік жалға (лизингке) беріледі. 12. Жұмыс берушіге және дара кәсіпкерге қаражат беру несие шартына қосымша болып табылатын Қор басқармасы бекіткен сметаға сәйкес жүргізіледі. Несиенің мақсатқа сай пайдаланылмағаны үшін банк Қор алдында келісімде белгіленген тәртіппен жауап береді. 13. Келісімде шарттардың орындалмауының мынадай салдарлары көзделеді. Егер банк, жұмыс беруші немесе дара кәсіпкер шарт талаптарын орындамаса (форсмажорлық жағдайларды қоспағанда) берілген несие жеңілдікті шарттарын жояды және шартқа сәйкес айыппұл санкциялары есептеле отырып, дереу алынуға жатады. Кредитор несие берген сәттегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,2 ставкасы бойынша проценттерді қайта есептейді. Бұл ретте қосымша есептелетін соманың 70 проценті Қорға есептеледі, ал 30 проценті, банк келісімнің шарттарын орындамағаннан басқа жағдайларда, банктің кірісі болып табылады.
II. Жаңа жұмыс орындарын құруды және дара кәсіпкерлікті дамытуды қаржылық қолдаудың шарттары, тәртібі және мөлшері
14. Жаңа жұмыс орындарын құруға несиелер қаржылық жағдайы тұрақты, сондай-ақ республикалық бюджетке және бюджеттен тыс мемлекеттік қорларға берешегі жоқ жұмыс берушілер мен дара кәсіпкерлерге меншік нысаны мен экономика саласына қарамастан бөлінеді. 15. Жұмыс берушілер аудандық (қалалық) жұмыспен қамту орталықтарына банкпен келісілген техникалық-экономикалық негіздемелерді (бизнес-жоспарды) қосымшаға сәйкес, сұратылатын несие бойынша қамтамасыз етуді көрсете отырып өткізеді. 16. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту орталығына несие бөлуге өтінім берген дара кәсіпкерлер банкпен келісілген техникалық-экономикалық негіздемелерді (бизнес-жоспарды) сұратылатын несие бойынша қамтамасыз етуді көрсете отырып өткізуге тиіс. 17. Несие мөлшері 2000 есепті көрсеткіштен аспауға тиіс. Өтінімдерді қарау кезінде аз шығын жұмсай отырып, барынша көп жұмыс орнын құруды көздейтін бизнес-жоспарлар артықшылық құқықты пайдаланады. Ерекше жағдайларда, жоғары экономикалық тиімділігі бар және бір жұмыс орнын құруға барынша аз шығын шығатын ұсыныстар түскен кезде Қор Басқармасы тиісті ведомстволардың сарапшыларын тарта отырып, несие мөлшерін қайта қарауы мүмкін. 18. Жұмыспен қамту қызметінің жолдамасымен дара кәсіпкерліктің ұсынылған түрлері бойынша оқудан өткен жұмыссыз азаматтардың несие алуға басым құқығы бар.
III. Жұмыс берушілермен және дара кәсіпкерлермен жұмыс істеудің тәртібі
19. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерге және жұмыссыз деп танылған және дара кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарға тегін қызметтің мынадай түрлерін көрсетеді: а) шағын және орта бизнесті ұйымдастырудың тәртібі және дара кәсіпкерліктің түрлері туралы нормативтік құжаттармен, әдістемелік құралдармен, ұсынымдармен және басқа әдебиеттермен таныстыру. Мұндай ақпараттар стенділерде, проспектілерде, буклеттерде және т.б. орналастырылуы мүмкін; б) мыналар туралы: аймақтағы жергілікті шикізат қорлары туралы, сондай-ақ материалдардың, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің негізгі түрлеріне деген қажеттіліктер туралы; кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысатын ұйымдардың (фермерлер мен шаруа қожалықтарының қауымдастықтары, кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі одақтар мен орталықтар және т.б.) орналасқан жері туралы; ауыл шаруашылығына өнімдерді қайта өңдеуге, оларды буып-түюге арналған технологиялар мен жабдықтарды және жабдықтардың басқа да түрлерінің орналасқан жері туралы ақпарат пен жарнама беру; в) дара кәсіпкерлікті ұйымдастыруға арналған құжаттарды ресімдеу кезінде әдістемелік көмек көрсету. 20. Дара кәсіпкерлікті ұйымдастыру үшін құжаттарды ресімдеу кезінде оларды ресімдеуге қаржылық көмек көрсетілуі мүмкін. Құжаттарды ресімдеуге бөлінген қаражат сомасы (оның берілуі жөніндегі шешімді жұмыспен қамту орталығының директоры қабылдайды) көрсетілетін қаржылық көмектің жалпы мөлшеріне кіреді. 21. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту орталығында әлеуетті дара кәсіпкерлермен олардың дара кәсіпкерлік мүмкіндіктері мен қабілетін анықтау жөнінде жұмыс жүргізіледі, олардың білімі мен кәсібі, жұмыс тәжірибесі, қаржылық мүмкіндіктері ескеріледі. 22. Жұмыспен қамту орталығы әңгіме жүргізу нәтижелері бойынша қызмет түрлері туралы ұсынымдар беріп, жұмыс орындарын құруға және дара кәсіпкерлікті дамытуға несие берудің шарттарын айтады. 23. Республикалық жұмыспен қамту қызметінің органдары ұсыным ретінде шағын және орта бизнестің неғұрлым өзекті бағыттары бойынша үлгілік техникалық-экономикалық негіздемелермен қамтамасыз етеді, онда тендерлік негізде анықталатын отандық тауар өндірушілерді тарту ескеріледі. 24. Осы Ереже шарттарының орындалуына бақылауды, кейін құқықтарды жұмыспен қамту қызметінің жұмысын тексеру жөніндегі уәкілетті органға бере отырып, Қор Басқармасы, облыстық, Алматы қалалық, аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтарының бастықтары жүзеге асырады. 25. Шарт міндеттемелерін орындау барысында тараптар арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қаралады.
Қосымша
Техникалық-экономикалық негіздеменің (бизнес-жоспардың) ҮЛГІ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Титулдық парақ а) кәсіпорынның атауы мен мекен-жайы, дара қызметінің түрі; б) жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның қаржы-экономикалық ахуалы, республикалық бюджетке және бюджеттен тыс мемлекеттік қорларға берешегі; в) құрылтайшылардың аты мен мекен-жайы (шағын кәсіпорын үшін); г) кәсіпорынды (дара қызметті) ұйымдастырудың ұсынылып отырған жобасының мәні; д) жобаның құны - кәсіпорын құруға, дара қызметті ұйымдастыруға қажетті қаражат сомасы; е) банктегі есеп айырысу шотының немесе субшотының нөмірі; ж) титулдық параққа кәсіпорынның мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі қоса беріледі. 2. Ұсынылып отырған жобаның мәнісі а) өнім - шығару мен сатудың белгіленіп отырған көлемі; б) көрсетілетін қызмет - белгіленіп отырған көлемі; в) құрылатын жұмыс орындарының саны, азамат жұмыспен қамтылатын кезең, ұйымдастырылатын жұмыс орындары; г) жұмыс орындарының іске қосылу мерзімдері. 3. Өндірістік жоспар а) өндірістік процестің сипаттамасы; б) өндірістік үй-жайлар; в) станоктар, жабдықтар; г) шикізат және материал берушілер. 4. Өткізу жоспары (тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қалай және кімге сатылады) а) баға - ұсынылатын баға деңгейі және оның келешекте өзгеруі; б) өткізу арналары - тауарлар кімге және қалай жеткізіледі; в) маркетинг - өткізу рыногы қалай анықталғанын түсіндіру. 5. Ұйымдастыру жоспары а) меншік нысаны - кәсіпорынды иелену нысаны, оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны қандай; б) әріптестер немесе, егер бас болса, негізгі пайшылар туралы мәліметтер; в) әріптестердің (пайшылардың) жауапкершілік шаралары. 6. Тәуекелдің бағасы а) кәсіпорынның (дара қызметтің) әлсіз жақтары неде; б) бәсекелестік қабылеті. 7. Қаржылық жоспар а) қаражат көздері (жеке жинаулары, банк несиелері, субсидиялар және т.б.) және оларды кәсіпорынды (дара қызметті) ұйымдастыруға пайдалану; б) кірістер мен шығыстар жоспары; в) ақша түсімдері мен төлемдерінің жоспары; г) өзін-өзі ақтауы және ұтымдылығы; д) өзіңізге қандай жалақы белгілейсіз.
Ескертулер:
1. Бизнес-жоспардың мазмұны мен оның егжей-тегжейлілігі құрылатын кәсіпорынның ауқымына және оның қызмет көрсету саласына немесе өндірістік салаға жататынына қарай - егер кәсіпорын өндірістік болса, ол қандай тауар шығаратынына қарай - тұтынушыға арналған тауар немесе өндірушіге арналған тауар шығаруына байланысты болады. Бизнес-жоспардың мазмұны сонымен қатар өткізу рыногына, бәсекелестердің болуына және құрылатын кәсіпорынның өсу перспективасына да байланысты. 2. Бизнес-жоспар жасаудан бұрын шығарылуы көзделіп отырған өнімге (қызмет көрсетуге) деген сұраныстың көлемі, кәсіпорынның өндірістік және қаржылық мұқтажы туралы ақпараттар жинау жөніндегі жұмыс жүргізілуге тиіс. Осындай ақпараты бар кәсіпкер бизнес-жоспарды құрмай тұрып-ақ жаңа кәсіпорын тұжырымдамасының өміршеңдігін бағалай алатын болады. 3. Жобаны ресурстармен қамтамасыз ету бизнес-жоспардың ең маңызды бөлігі болып табылады. Бұл бөлім кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру үшін қажетті ресурстардың түрі мен көлемі, ресурстардың көздері мен оларды алудың әдістері туралы мәліметтерді қамтуға тиіс. Ресурстық қамтамасыз ету деген сөздер кең мағынасында материалдық ресурстарды (материалдар, көлік және байланыс құралдары), еңбек ресурстарын (барлық санаттағы қызметкерлер), қаржылық ресурстарды (ағымдағы ақша қаражаты, күрделі қаржы, несиелер, валюта, бағалы қағаздар), ақпараттық ресурстарды (статистикалық, ғылыми-техникалық және басқа да ақпараттар) қамтиды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |