|
|
|
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелерi»
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері арнайы әскерлерінің ұйымдық құрылымын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Жаркент гарнизонының әскери полиция бөлімшесі" мемлекеттік мекемесі құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мынадай мемлекеттік мекемелері: 1) «Приозерск гарнизонының анықтау және іздестіру бөлімшесі» «Приозерск гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлімі»; 2) «Балқаш гарнизонының (3-разрядты) әскери полиция бөлімі» «Балқаш гарнизонының әскери полиция бөлімшесі»; 3) «Ақтөбе гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлімі» «Ақтөбе гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлімі» болып қайта ұйымдастырылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мынадай мемлекеттік мекемелері: 1) «Георгиевка гарнизонының анықтау және іздестіру бөлімшесі»; 2) «Павлодар гарнизонының анықтау және іздестіру бөлімшесі»; 3) «Петропавл гарнизонының анықтау және іздестіру бөлімшесі» таратылсын. 4. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы № 84 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 5, 42-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: 3), 14) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «3) «Ақтөбе гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлімі»; 14) «Балқаш гарнизонының әскери полиция бөлімшесі»; 21) «Приозерск гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлімі;»; 17), 19) және 20) тармақшалар алынып тасталсын. 5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |