|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық (2010.22.02. берілген өзгерістермен)
2006 жылғы 5 шілдедегі № 160-III ҚР Заңымен ратификацияланды
1. Мақсаттары
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - ҚР Yкіметі) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тұлғасында және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі (бұдан әрі - АҚШ Үкіметі) Халықаралық даму жөніндегі американ агенттігі (ЮСАИД) тұлғасында, «Хьюстон бастамасы» экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеу және іске асыру үшін осы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі - Меморандум) қол қоюға ниет білдіреді. Осы Меморандум Бағдарламаның негізгі қағидаттарын және шарттарын түсінуді қамтиды.
2.1. Міндеттер. Қазақстан экономикасын әртараптандыруға жәрдемдесу, экономиканың, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, және орнықты экономикалық өсуге қол жеткізу Бағдарламаның міндеттері (бұдан әрі - міндеттер) болып табылады. 2.2. Нәтижелер. Осы міндеттерге қол жеткізу және Бағдарламаны ілгерілету үшін Тараптар Қазақстанда экономикалық өсуге жәрдемдесу үшін қажетті мынадай нәтижелерге қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеуге келісім білдіреді: нарық субъектілерінің қаржыландыруға және инвестицияларға кеңейтілген қолжетімдігі; кәсіпкерлік білім деңгейін арттыру мен ақпаратқа қолжетімділік арқылы адами капиталды дамыту; бәсекеге қабілеттілікті және экономика салаларының өсу қарқынын арттыру; инвестициялық ахуалды жақсарту және әлемдік экономикалық жүйеге ықпалдасу. 2.3. Тиімділіктің мониторингі және индикаторлар. Талаптар тиімділік индикаторларын және тиісті күтілетін көрсеткіштерді кейіннен оларды жыл сайынғы Іс-шаралар жоспарына қосу үшін, әзірлеуге және бекітуге міндетті. Бұл индикаторлар мен көрсеткіштер Бағдарламаны іске асыру тиімділігін талдау үшін қажетті. Осы нәтижелерге қол жеткізу және олардың мониторингі Тараптардың бірлескен міндеттемелері болып табылады. 2.4. Бағдарламаның құрылымы мен сипаты. Тараптар арасындағы үйлестіру құралдары осы Меморандумның 5-бабында жазылған. 4-бапта көрсетілген Бағдарлама компоненттерінің сипатына және 2.2-тармақта көрсетілген нәтижелерге өзгерістер 8.5-тармақта көрсетілген Тараптардың уәкілетті өкілдерінің өзара жазбаша келісімі бойынша осы Меморандумға формалды қосымша қабылдамай-ақ енгізілуі мүмкін. 2.5. Техникалық жәрдем. Осы Меморандумның шеңберінде көрсетілетін техникалық жәрдем мынадай іс-шараларды қамтиды, бірақ та олармен ғана шектеле қоймайды: консультациялық қызметтерді (шетелдік және жергілікті консультанттарды ұзақ және қысқа мерзімді негізде тарту арқылы) ұсыну, мақсатты тренингтер өткізу, зерттеу және талдамалық жұмыстарын жүргізу, және Қазақстан алдына қойған даму мақсаттарына қол жеткізуде ұлттық потенциалды күшейту үшін қажетті жәрдемдесудің өзге де түрлері.
3. Жиындық жоспарлы бюджет және тараптар салымдары
3.1. Осы Меморандум мақсатында Бағдарламаның әр күнтізбелік жұмыс істеу жылы бағдарламалық жыл болып айқындалады; 3.2. Жыл сайынғы Іс-шаралар жоспарында тараптар жобалар тізбесін және әр бағдарламалық жылға шығыстар сметасын бекітеді. Іс-шаралар мен олардың бағасын Тараптар әр бағдарламалық жыл алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жазба түрінде келісуге жатады; 2010 ж. 22.02. қосымша келісіммен 3.3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3.3. ҚР Үкіметі мен ЮСАИД Бағдарламаны қаржыландыруға бірлесе қатысуға ниет білдіріп отыр. Тараптар әрбір бағдарламалық жылға арналған және жоғарыдағы 3.2-тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес мынадай болжамды қаржыландыру үлесін жүргізуге келісім білдіреді:
АҚШ долл.
3.4. Қазақстан Республикасының Үкіметі кез-келген белгіленген бағдарламалық жылда өзінің жыл сайынғы Бағдарламадағы болжамды үлесінен асып түсетін ақшалай қаражатты аудара алады. Бұл жағдайда артылған қаражат келесі бағдарламалық жылдың есебіне Бағдарламаның Қазақстан Республикасы Үкіметі салымының бір бөлігі ретінде қабылданады; 3.5. Кез-келген бағдарламалық жылда игерілмеген қаражат келесі бағдарламалық жылға жоспарланған бюджетке қосымша ретінде аударылатын болады. Игерілмеген қаражат - шығындарды қоспағанда, жобаларды іске асыруға бөлінген қаражат. Шығындар төленген сомаларды және бөлінген бірақ та төленбеген сомалардан тұрады.
4. Бағдарламаның болжамды компоненттерi
Төменде болжамды іс-шаралар тізімі ұсынылып отыр, оларды Тараптар көрсетілген нәтижелерге қол жеткізу үшін іске асыра алады: 4.1. Қаржы және инвестициялар. Қазақстан ішкі қаржы нарығын дамытуда айтарлық үлкен жетістіктерге жеткенімен, кредиттеу мөлшерін ұлғайту, қосымша инвестицияларды тарту және Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсу потенциалын жақсарту үшін бұл рыноктарды одан әрі нығайту және кеңейту қажет. Бұл мақсатқа қол жеткізу қаржы институттарын нығайтуға, шағын кредиттеуді қолдауға және шағын бизнес субъектілеріне кредит беруге және компаниялардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге көзделген іс-шаралардың арқасында мүмкін болады. 4.2. Адами капитал. Экономикалық өсу және даму экономикалық, әкімшілік, құқықтық және ғылыми мәселелерде, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет саласында білім мен тәжірибенің болуын қажет етеді. Жоғары сапалы адами капитал мықты мемлекеттік және жеке меншік институттарын және нақты әртараптандырылған жеке секторды құруға ықпал етеді. Қазақстанның дамуы үшін экономикалық саясатты қалыптастыруға және экономикалық даму процесіне қатыса алатын біліктілігі жоғары кадрлардың тапшылығы негізгі факторлары болып табылады. Жастарға, сондай-ақ экономикалық және бизнес факультеттерінің түлектерін жұмысқа орналастыруға және олардың қызметтік өсуіне қолдау жасау қажет. Экономикалық және бизнес білімін одан әрі жетілдіру сондай-ақ оны әрдайым жақсарту үшін негіз құруға мыналар арқылы қол жеткізілуі мүмкін: кәсіпкерлік субъектілеріне және мемлекеттік органдарға арналған мақсатты тренингтер өткізу; кәсіпкерлік қызмет және экономика саласында субъектілердің мұқтажына жауап беретін білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы бизнес және экономикалық білімнің сапасын жақсарту және сол бағдарламаларды халықаралық білім беру стандарттарын сәйкес келтіру; жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыру немесе өз бизнесін ашу үшін жастарды қажетті нарық білімімен, тәжірибе мен дағдылармен қамтамасыз ету. 4.3. Кәсіпкерліктің өсуі және бәсекеге қабілеттілік. Кәсіпкерлікке бәсекеге қабілеттілікті дамыту мен арттыруда қолдау көрсету үшін бизнес-қызметтер ұсынатын ұйымдарды тарту арқылы және бизнес ассоциациялармен ынтымақтасудың мақсатқа сәйкестілігі болған жағдайда мынадай іс-шаралар іске асырылуы мүмкін: техникалық және басқарушылық мәселелері жөнінде консультациялық қызметтер; мақсатты бизнес тренингтер; өңірлік саудаға жәрдемдесу, маркетингілік қызметтер; қаржылық менеджмент және бухгалтерлік есеп. 4.4. Инвестициялық климат және жаhандық ықпалдасу. Кәсіпкерлікке инвестициялық климатты айтарлықтай жақсарту және Қазақстанның өңірлік және халықаралық сауда жүйесіне неғұрлым терең ықпалдасуы Қазақстанда экономиканың орнықты өсуіне қажетті шарттар болып табылады. Бұл мақсатқа мынадай міндеттерді шешу арқылы қол жеткізуге болады: мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ бизнес-қауымдастықтардың институционалдық мүмкіндіктерін дамыту; құқықтық талдау жүргізу және заңдарды әзірлеуді қолдау; бюджеттік процесті, аудиторлық жұмысты, сондай-ақ талдамалық жұмысты жетілдіру арқылы мемлекеттік қаражатты пайдалануда мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру; коммерциялық құқық саласында заңдар мен нормативтік актілерді тиісті түрде қолдану және орындау; Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіне қолдау жасау халықаралық ережелерге сәйкес саудаға қатысу үшін тұлғалық, адами және институционалдық әлеуетін арттыру.
5. Іс-шараларды жүзеге асыру бойынша рәсімдер
5.1. Бағдарламаның үйлестірушілерi. Әрбір тарап Бағдарламаны әзірлеу және орындауды қадағалау, тиімділік индикаторларын және күтілетін нәтижелерін әзірлеу және кезеңдік шолу процестеріне басшылық жасау, жыл сайынғы Іс-шаралар жоспарын дайындау, сондай-ақ Бағдарламаны орындау жөнінде есеп дайындауға бақылауды қамтамасыз ету үшін Бағдарламаның үйлестірушісін тағайындау қажет. Yйлестірушілер Бағдарламаны іске асыруға қатысатын ведомстволармен бағдарламаларды үйлестіруді қамтамасыз ету үшін жауапты болады. 5.2. Күнделік негізде Бағдарламаны басқару. Тараптар ЮСАИД-ке Бағдарламаны басқаруға, жыл сайынғы Іс-шаралар жоспарын әзірлеуге, әр бағдарламалық жылдың соңында жыл сайынғы есептер дайындауға және айқындалған жобаларды іске асыруға өкілеттік береді. Жыл сайын Тараптар көрсетілген бағдарламалық жылға іс-шаралар және негізгі нәтижелер айқындалған жыл сайынғы Іс-шаралар жоспарын келісетін болады.
6.1. Арнайы шот. Қаражат болған жағдайда, ҚР Үкіметі осы Меморандум шарттарына сәйкес Америка Құрама Штаттары Үкіметі атынан ЮСАИД пайдалану yшін ЮСАИД-тің арнайы шотына (бұдан әрі - арнайы шот) АҚШ долларында өзінің жыл сайынғы төлемдерін орналастыруға келісім береді. ҚР Үкіметінің қаржыландыру үлесі кейіннен 7-тармаққа сәйкес шарттар, гранттар және ынтымақтастық туралы келісімдер арқылы қаржыландыру үшін пайдаланатын болды олардың негізінде Бағдарлама іске асырылады. 2010 ж. 22.02. қосымша келісіммен 6.1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6.2. ҚР Үкіметінің қаржы қаражатын аудару тетігi. Қаражат болған жағдайда, ҚР Үкіметі осы Меморандумның 3.3-тармағына сәйкес 1-қосымшада көрсетілген «Қаржы аудару туралы хат үлгісі» жөніндегі құжаттамаға сәйкес әр бағдарламалық жылдың 1 маусым және 1 желтоқсанында екі тең аударулар арқылы арнайы есеп шотқа жыл сайынғы төлемдерді жүргізуге келісім береді. 6.3. ЮСАИД-тің қаржыландыру тетігi. Қаражат болған жағдайда, ЮСАИД АҚШ Үкіметі атынан осы Меморандумда айтылған іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін осы Меморандумның 3.3-тармағына сәйкес Бағдарламаға үлес қосуға келісім береді.
7.1. Iске асыру құралдары және қаржыландыру. Тараптар келіскен және 4-тармақта көрсетілген техникалық жәрдемді көрсету үшін ЮСАИД-тің АҚШ Үкіметінің заңнамасына және ЮСАИД-тің саясаты мен қағидаларына сәйкес Бағдарламаны іске асыруға қатысатын ұйымдармен техникалық жәрдем және тиісті тауарлар мен қызметтер сатып алу мақсатында келісім-шарттар жасауға және келісімге қол қоюға мүмкіндігі бар. Тараптар бірлесіп келісім-шарттар және техникалық тапсырмалардың шарттарын әзірлеуге, сондай-ақ тиісті жұмыстарды іске асыру үшін мердігерлерді таңдауға қатысатын болады. Америка Құрама Штаттары Үкіметінің барлық іс-шаралары осы Меморандумның шеңберінде қаражат болған жағдайда жүзеге асырылатын болады. 2010 ж. 22.02. қосымша келісіммен 7.2-тармақпен толықтырылды 7.2. Жылдық жұмыс жоспарларына әрбір жоба бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдері қосылуы мүмкін.
2010 ж. 22.02. қосымша келісіммен 8.1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8.1. Мерзім. Меморандумның қолданылу мерзімі 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы немесе тараптар жазбаша түрде уағдаласуы мүмкін неғұрлым кеш мерзімге дейінгі кезең болып саналады. 8.2. Қаржылық міндеттемелер. Осы Меморандум қаржылық міндеттеме болып саналмайды, сондай-ақ ЮСАИД немесе ҚР Yкіметі тарапынан қаржылық міндеттемелердің туындау құралы болып саналмайды. 8.3. ҚР Үкіметі төмендегімен келісті: Бағдарламаны іске асыруға байланысты ұсынылатын немесе қолданылатын тауарлар, жеткізулер және өзге меншік Қазақстан белгілеген қандай да бір тарифтер, алымдар, кедендік баждар, импортқа салық немесе басқа да осындай салықтар немесе алымдар алынбай Қазақстанға әкелінуі, одан шығарылуы немесе онда қолданылуы мүмкін; Бағдарламаны орындауға жауапты АҚШ-тың кез келген үкіметтік немесе жеке меншік ұйымы, сондай-ақ Қазақстанның азаматы немесе тұрақты тұрғыны болып саналмайтын және осындай бағдарламаны іске асыру бойынша сонда жүрген жеке меншік ұйымның кез келген персоналы: 1) Қазақстан немесе оның есепті органдары белгілеген кірістерге, әлеуметтік қамтамасыз етуге кез келген салықтардан және өзге де салықтардан, Бағдарламаны іске асырудан түсетін түсімдерден; 2) кез келген тарифтерден, салымдардан, кедендік алымдардан, импорт салықтарынан және өзге де осындай салықтардан немесе төлемдерден, Қазақстанда осы персоналдың немесе олардың отбасылары мүшелерінің жеке пайдалануы үшін әкелінетін, шығарылатын немесе қолданылатын жеке немесе үй мүлігіне салынатын салықтардан босатылады. 8.4. Жариялылық. ҚР Үкіметі Америка Құрама Штаттары Үкіметінің қатысуымен болған Бағдарламаны тиісті түрде жариялауды қамтамасыз етеді. 8.5. Уәкілетті өкілдер. Уәкілетті өкілдер осы Меморандумға қол қоюға құқығы бар Тараптарды ұсынулары қажет. Әр Тарап басқа Тарапты жазбаша түрде хабарлау арқылы осы Меморандумға ресми қосымшалар жасаудан басқа толық көлемде осы Тарапты ұсынуға уәкілетті қосымша тұлғаларды тағайындауға құқылы. Әр Тарап екінші Тарапты өзінің уәкілетті өкілдерінің құрамындағы өзгерістер туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. 8.6. Ақпарат. ҚР Үкіметі мен ЮСАИД жәрдем көрсетуге және оның тиімділігін бағалауға жәрдемдесуге қажетті ақпаратпен бір-бірін қамтамасыз етуі қажет. 2010 ж. 22.02. қосымша келісіммен 8.7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8.7. Ақпарат алмасу. Осы Меморандум Тараптарының бірінен келіп түскен кез келген хабарламалар, сұраулар, құжаттар немесе хат алысудың өзге де түрлері мынадай мекен-жайлар бойынша тиісті түрде екінші Тарапқа жіберілген болса ұсынылған немесе жіберілген болып саналады:
ҚР ЭБЖМ-ге: 010000 Қазақстан, Астана қ., Орынбор көшесі, 8, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, факс: +7 (7172) 74-30-78
ЮСАИД-ке: 050100 Қазақстан, Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 41, Американың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі, факс: (3272) 50-76-35
Тараптардың келісімі бойынша барлық хат алысулар қазақ, ағылшын немесе орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс. Жоғарыда көрсетілген почталық мекен-жайлар жазбаша хабарламалар негізінде өзгертілуі мүмкін. 8.8. Меморандумға толықтырулар мен өзгерістер. Осы Меморандумға өзгерістер мен толықтырулар Меморандумның ажырамас бөлігі болып саналатын қосымша келісімдер жасау арқылы енгізілуі мүмкін. 8.9. Бұзу. Кез келген Тарап осы Меморандумды толық немесе бөлігінде жазбаша хабарлау түрінде әр күнтізбелік жылдың соңына дейін кем дегенде тоқсан (90) күн бұрын хабарлап тоқтатуға мүмкіндігі бар. Жартылай бұзған жағдайда осындай хабарламада Меморандумның алынып тасталатын тармақтары туралы ақпарат болуы қажет. Осы Меморандумды тоқтату Меморандумда айтылған Тараптардың кез келген міндеттерін алып тастайды. 8.10. Тіл. Осы Меморандум қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жасалған. Мәтіндер бойынша әр түрлі оқулар немесе даулар туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін заңды түрде басым болып табылады. 8.11. Күшіне ену. Осы Меморандум Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекеттікішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алғаннан кейін күшіне енеді.
Қазақстан, Астана қаласында 2006 жылғы 5 мамырда қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде әрқайсысы екі данадан, алты данада жасалды.
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттары Үкіметі үшін Yкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Халықаралық даму жөніндегi Экономика және бюджеттік американ агенттігінің өңірлік жоспарлау вице-министрі директоры Б.А. Палымбетов Кристофер Д. Кроули
Қаржы қаражатын аудару туралы хат нысаны
Осы ҚАРЖЫ ҚАРАЖАТЫН АУДАРУ ТУРАЛЫ ХАТ 2006 жылғы ________ Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Америка бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметінің арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес жасалған. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - ҚР Үкіметі) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі арқылы Америка Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - ЮСАИД) арқылы Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласында, Қазақстан, ______________ жылы басталып және ___________жылы аяқталатын (Меморандумда айқындалған) осы бағдарламалық жылға арналған Бағдарламаның мақсаттарын қолдау үшін___________ АҚШ доллары көлемінде (сомасын толық жазу) сома (бұдан әрі - ҚР Үкіметінің /ЭБЖМ қаржыландыру үлесі) бөледі. 1. ҚР Үкіметінің /ЭБЖМ қаржыландыру үлесін ЮСАИД Бағдарламаға сәйкес іс-шараларды орындау үшін пайдаланылатын болады. Жоспарланған кезеңде мемлекеттік органдар бөлінісінде мынадай іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады: (іс-шара) (сомасы) 2. ҚР Үкіметінің /ЭБЖМ қаржыландыру үлесін ЮСАИД пайдалану бөлігінде кез келген маңызды өзгерістер (ЮСАИД-тің қарауы бойынша) ЭБЖМ-ге бекітуге алдын ала жазбаша түрде ұсынылуы қажет. Егер ұсынылатын өзгерістерді ресми түрде алған күннен бастап екі апта өткенге дейін, ЭБЖМ ұсынылатын өзгерістермен келіспейтінін айтпаса немесе өзгерістерге ешқандай түзетулер ұсынбаса, бұл өзгерістер ҚР Үкіметінің /ЭБЖМ қаржыландыру үлесін пайдалануға қатысты қабылданған болып саналады. 3. ҚР Үкіметінің /ЭБЖМ қаржыландыру үлесін электрондық төлеу арқылы арнайы жеке есеп шотқа ЮСАИД аударатын болады. Осы есеп шоттағы сомаға қосылған банктің сыйақысы және кез келген артық қаражат тараптардың өзара келісуі бойынша бағдарламаның мақсаттарына пайдаланылатын немесе ҚР Үкіметіне қайтарылатын болады. 4. Тауарлар және қызметтер сатып алу немесе ҚР Үкіметінің /ЭБЖМ қаржыландыру үлесінен қаражат төлеуге қатысты барлық істер ЮСАИД-тің нұсқамаларына, саясатына және рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады. 5. Осы есеп шоттан алынатын қаражат ЮСАИД тарапынан стандартты ішкі бақылау мен аудитке жатады. ЮСАИД ҚР Yкіметіне тоқсан сайын әр тоқсан аяқталғаннан кейін үш айдан кеш емес мерзімде қаражатты пайдалану және алу туралы есеп, сондай-ақ жыл сайынғы есептен көшірме береді. ЮСАИД осы есеп шоттың қаржылық аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді. 6. Қаражат аудару туралы хаттың мақсаты Бағдарламада көрсетілген қорытындыларға қол жеткізу үшін ұсынылатын қаражат болып табылады. Қаражат аудару туралы хат пен Бағдарламаның шарттары арасында келіспеушіліктер болған жағдайда Бағдарламаның шарттары заңды басым күште болып табылады. 7. Осы Хат қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жасалған. Мәтіндер бойынша әр түрлі оқулар немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің заңды басым күші болады.
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттары Үкіметі үшін Yкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Халықаралық даму жөніндегi Экономика және бюджеттік американ агенттігінің өңірлік жоспарлау вице-министрі директоры Б.А. Палымбетов Кристофер Д. Кроули
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |