|
|
|
«Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 535 Қаулысымен күші жойылды
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 486 қаулысымен бекітілген
Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеу ережесi
Осы Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңының 86-бабына сәйкес әзірленді және қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеу тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Зиянды экономикалық бағалауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуы анықталған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары белгілейді. 2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары қоршаған ортаға зиян келтіру фактісі белгіленген күннен бастап бір ай мерзімде қажетті материалдарды жинауды және талдауды жүргізеді және қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілейді. 3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары зиянды экономикалық бағалауды белгілегеннен кейін зиян келтірген заңды және жеке тұлғаларға өз еркімен осы зиянның орнын толтыру туралы талап не сотқа талап-арыз ұсынады. 4. Зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар зиянды экономикалық бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджетке зиянды жою жөніндегі іс-шаралар жүргізуге қаржы аударады. 5. Зиянды экономикалық бағалауды белгілеу кезінде мыналар назарға алынады: қоршаған ортаны қалпына келтіру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзудың салдарларын жою жөніндегі шаралардың құны; ағымдағы жылға арнап жергілікті өкілетті органдар бекіткен қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары; келтірілген зиянның экологиялық қауіптілігінің дәрежесі; экологиялық тәуекел дәрежесі; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман, жер заңнаманы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасын бұзумен келтірген зиянды өтеу мөлшері. 6. Зиянды экономикалық бағалау мынадай әдістермен белгіленеді: 1) зиянды экономикалық бағалаудың тура әдісі; 2) зиянды экономикалық бағалаудың жанама әдісі.
2. Зиянды экономикалық бағалаудың тура әдісi
7. Зиянды экономикалық бағалаудың тура әдісі қоршаған ортаны қалпына келтіру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзу салдарларын жою үшін қажетті нақты шығындарды айқындаудан тұрады. 8. Зиянды экономикалық бағалаудың көрсетілген әдісі келтірілген зиянның салдарлары инженерлік, ұйымдастырушылық-техникалық және технологиялық іс-шараларды не өзге де барабар шараларды жүргізу жолымен жойылуы мүмкін болған жағдайда қолданылады. 9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары бірінші кезекте зиян келтірген заңды және жеке тұлғалардың қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады. Бұл ретте, қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі тиісті міндеттемелер зиян келтірген заңды және жеке тұлғалардың нақты іс-шаралар мен олардың жүргізілу мерзімі көрсетілген кепіл хатында жазылады. 10. Қоршаған ортаны қалпына келтіру, тозған табиғи ресурстарды толықтыру, тірі организмдерді сауықтыру үшін қажетті шаралар көрсетілген мақсаттарға қол жеткізуге арналған түрлі іс-шараларды әзірлеу жолымен айқындалады. Зиянның салдарларын жою жөніндегі қажетті шаралардың құны олардың нарықтық құны бойынша айқындалады.
3. Зиянды экономикалық бағалаудың жанама әдісi
11. Зиянды бағалаудың жанама әдісі қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзу салдарларын жою жөніндегі шаралар қабылдаумен келтірілген зиянның орны толтырылмайтындықтан тура әдісті қолдану мүмкін болмайтын жағдайларда қолданылады. 12. Зиянды экономикалық бағалаудың жанама әдісі қоршаған ортаға нақты әсер ету мен белгіленген нормативтердің арасындағы ара қатынасқа, сондай-ақ қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларына, экологиялық қауіптілік және экологиялық тәуекел деңгейлеріне негізделеді. Зиянды жанама әдіспен экономикалық бағалау, қоршаған ортаға әсер ету түрлеріне қарай ингредиент арқылы зиянды әрбір ингредиент бойынша жеке жиынтықтау жолымен белгіленеді. 13. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық қауіптің деңгейін, сондай-ақ экологиялық тәуекелдің деңгейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларда келтірілген критерийлердің негізінде белгілейді. 14. Тұрақты көздерден атмосфералық ауаның ластануынан, су ресурстарының ластануынан, өндіріс және тұтыну қалдықтарын белгіленген нормативтерден асыра ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау осы Ережеге 3-қосымшада көзделген есептерге сәйкес белгіленеді. 15. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден асыра ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеу үшін осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес есеп қолданылады. 16. Қоршаған ортаны өз бетімен ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеген кезде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес есептеу формулалары қолданылады, онда атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларының, қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгінділерінің және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру көлемінің нормативтері нөлге тең деп қабылданады. Осы Ереженің мақсаттарында қоршаған ортаны өз бетімен ластау деп тұрақты көздерден атмосфераға шығарындылар, ағынды сулардың төгінділері, қалдықтарды және кез келген басқа ластаушы заттарды орналастыру, сондай-ақ қоршаған ортаға рұқсатсыз физикалық және өзге де әсер ету, оның ішінде авариялық және келісілмеген жаппай шығарындылар (төгінділер) түсініледі. Табиғатты пайдалануға берілген рұқсатпен белгіленген қалдықтардың уыттылық сыныбын сақтамау, сондай-ақ қалдықтарды өз бетімен орналастыру ретінде қарастырылады. 17. Қоршаған ортаға радиобелсенді қалдықтарды, иондаушы сәулелену көздерін белгіленген нормативтерден асыра орналастырудан, сондай-ақ қоршаған ортаға орналастырылған құрылыс материалдарынан, тау-кен қалдықтары мен шламдарынан, ағынды және рудалық сулардан келтірілген зиянды экономикалық бағалау осы Ережеге 5-қосымшада көзделген есепке сәйкес белгіленеді.
4. Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеу
18. Жер асты суларының ластауынан келтірілген зиянды экономикалық бағалау осы Ережеге сәйкес оларды тазалау жөніндегі іс-шаралардың құны бойынша тура әдіспен не ағынды сулардың өз бетімен болған төгіндісінің не қалдықтарды өз бетінше орналастырудың нақты көлемін негізге ала отырып, жанама әдіспен белгіленеді. Бұл ретте, жер асты суларына келіп түскен ластаушы заттардың абсолюттік мөлшері ластаушы заттардың концентрациясын және жер асты ағынының шығындарын не ұңғыма өнімділігін айқындау әдістерімен белгіленеді. 19. Жобалық және жобадан тыс бөгеттердің, бөгеулердің, жолдардың бұзылуы салдарынан, сондай-ақ шаруашылық қызметінен болған шұңқырлар мен жыралардың пайда болуы салдарынан гидрографиялық желінің топырақпен ластануы топырақтың гидрографиялық желісіне тасталған өлшенген бөлшектердің авариялық төгіндісі ретінде қабылданады. Мұндай ластанудың зиянын экономикалық бағалау осы Ережеге 3-қосымшаның 2-тармағына сәйкес белгіленеді. 20. Жалпы таралған пайдалы қазбаларды (бұдан әрі - ЖПҚ) өз бетімен өндіруден келтірілген зиянды экономикалық бағалау өндірілген пайдалы қазбалардың және/немесе ЖПҚ-дан алынған өндіріп шығарылған тауарлық өнім құнының мөлшерінде белгіленеді. Өндірілген ЖПҚ мен өндіріп шығарылған тауарлық өнімнің құны бұзушылық анықталған күннен бастап бір тоқсаннан аспайтын кезеңдегі тауарлық өнімді сатудың орташа нарықтық құны негізге ала отырып айқындалады. Тауарлық өнім сатылмаған жағдайда өндірілген ЖПҚ құны осы әкімшілік-аумақтық бірлікте бұзушылық айқындалған тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде ұқсас іс-әрекетті жүзеге асыратын табиғатты пайдаланушыларда қалыптасқан орташа нарықтық баға негізге алына отырып айқындалады. Көрсетілген мәліметтер жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органнан не жергілікті атқарушы органдардан сұралады. 21. Топырақ жамылғысына оны жоюмен, жерлеумен немесе ластаумен келтірілген зиянды барлық санаттағы жерлер үшін экономикалық бағалау осы Ережеге сәйкес топырақтың жоғалтқан сапасын қалпына келтіру құны бойынша тура әдіспен не ағынды сулардың өз бетімен болған төгіндісінің немесе қалдықтарды өз бетімен орналастырудың нақты көлемін негізге ала отырып, жанама әдіспен белгіленеді. Бұл ретте, осы ереженің мақсаттары үшін топырақ жамылғысын жою деп қалпына келтіру мүмкін емес, не арнайы жұмыстар (жерді қалпына келтіру, ағаш отырғызу және басқа да жұмыстар) жүргізуді талап ететін жердің ерекше шаруашылық, ландшафтық-рекреациялық және экожүйелік (су реттеу, топырақ қорғау) құндылығын толық жоғалтуға әкеп соғатын әрекеттер түсініледі. 22. Ауыл және орман шаруашылықтарын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған жер және орман ресурстарына келтірілген зиянды, сондай-ақ жануарлар және өсімдік дүниесіне, жануарлар мен өсімдіктерді заңсыз жинаумен, дайындаумен, зақымдаумен немесе жоюмен келтірілген зиянды экономикалық бағалау жер, орман заңнамасының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне, балық қорына және гидробионттарға жер, су және өсімдік ресурстарын ластау, жою немесе зақымдау арқылы келтірілген зиянды экономикалық бағалау жер, су және өсімдік ресурстарына жиынтықты көлемде келтірілген зиянды экономикалық бағалаудың нәтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтар ескеріле отырып, белгіленеді.
Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеу ережесіне 1-қосымша
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық қауіптің деңгейін айқындау критерийлерi
Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеу ережесіне 2-қосымша
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық тәуекелдің деңгейін айқындау критерийлерi
Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеу ережесіне 3-қосымша
Тұрақты көздерден атмосфералық ауаны, су ресурстарын ластаудан, өндіріс және тұтыну қалдықтарын белгіленген нормативтерден асыра орналастырудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеудің есептерi
1. і-ингредиенті бойынша тұрақты көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден асыра ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
Ui =(Снақтыi Снормi) х 3600/1000000 х Аі х Т х Сшығ. х 10 х К1 х К2
мұндағы: Ui - тұрақты көздерден атмосфералық ауаны і-ингредиентпен ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау, теңге; Снақтыі - мемлекеттік бақылау барысында айқындалған і-ластаушы заттың нақты шығарындысы, г/сек; Снормі - і-ластаушы зат шығарындысының нормативі, г/сек; Аі = 1/ШЖКсс формуласы бойынша анықталатын: Аі - салыстырмалы қауіп коэффициенті, мұндағы ШЖКсс - атмосфералық ауадағы заттың шекті жол берілетін орта тәуліктік концентрациясы; Т - соңғы тексерістен кейінгі уақыт ретінде қабылданатын, бірақ 90 күннен аспайтын зиян келтіру кезеңіндегі жабдықтың жұмыс уақыты, (сағатпен); Сшығ. - ағымдағы жылға жергілікті өкілетті органдар бекіткен тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың 1 шартты тоннасын шығарғаны үшін төлем ставкасы, теңге/шартты тонна; 10 - арттыру коэффиценті; К1 - экологиялық қауіп коэффициенті, 1-қосымша; К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, 2-қосымша. 2. і-ингредиент бойынша су ресурстарын белгіленген нормативтерден асыра ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
Uі = (Снақтыі- Снормі) х Vнақты х Стөг. х Аі х 10 х К1 х К2
мұндағы: Uі - і-ингредиентпен су ресурстарын ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау/теңге/; Снақтыі - ағынды сулардағы і-ластаушы заттың нақты концентрациясы, мг/л.; Снормі - і-ластаушы зат төгіндісінің нормативі, мг/л; Vнақты - соңғы тексерістен кейінгі уақыт ретінде қабылданатын, бірақ 90 күннен аспайтын кезеңдегі су беру көлемі, млн.куб.м.; Аі = 1/ШЖКв формуласы бойынша анықталатын: Аі - салыстырмалы қауіп коэффициенті, мұндағы ШЖКв - осы түрдегі су объектісіндегі ластаушы заттың шекті жол берілетін концентрациясы; Стөг.- ағымдағы жылға жергілікті өкілетті органдар бекіткен ластаушы заттар төгіндісінің 1 шартты тоннасы үшін төлем ставкасы, теңге/шартты тонна; 10 - арттыру коэффициенті; К1 - экологиялық қауіп коэффициенті, 1-қосымша; К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, 2-қосымша. 3. Қауіп сыныбына қарай, өндірістік қалдықтардың і-түрін белгіленген нормативтерден асыра орналастырудан және тұтынудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
Ui= (Ғнақтыі - Ғнормі) х Сқал.х 10 х К1 х К2
мұндағы: Uі - қауіп сыныбына қарай өндірістік қалдықтардың і-түрін орналастырудан және тұтынудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау, теңге; Ғнақтыі - белгілі бір уақыт кезеңінде қауіп сыныбына қарай өндіріс қалдықтарының і-түрін орналастырудың және тұтынудың нақты көлемі, тонна немесе мың текше метр; Ғнормі - белгілі бір уақыт кезеңінде қауіп сыныбына қарай өндіріс қалдықтарының і-түрін орналастырудың және тұтынудың нормативтік көлемі, тонна немесе мың текше метр; Сқал.- ағымдағы жылға жергілікті өкілетті органдар бекіткен қауіп сыныбына қарай өндіріс қалдықтарының і-түрінің 1 тоннасын немесе 1 мың текше метрін орналастыру және тұтыну үшін төлем ставкасы, теңге; 10 - арттыру коэффициенті; К1 - экологиялық қауіп коэффициенті, 1-қосымша; К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, 2-қосымша.
Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеу ережесіне 4-қосымша
Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден асыра ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалаудың есебi
Автомотор отынының і-түрі бойынша жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден асыра ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау мына формула бойынша анықталады:
Ui = (Снақты- Снорм)/ снорм х Rнақтыі х Сшығ.і х 10
мұндағы: Ui - автомотор отынының і-түрін жағу кезінде жылжымалы көздердің атмосфералық ауаны ластауынан келтірілген зиянды экономикалық бағалау, теңге; Снақты - мемлекеттік бақылау барысында айқындалған ластаушы заттың нақты концентрациясы не шығарынды газдардағы түтінділік көрсеткіші, көлемді үлесі немесе %; Снорм - ластаушы зат концентрациясының нормативті не шығарынды газдардағы түтінділік көрсеткіші, көлемді үлесі немесе %; Rнақтыі - соңғы тексеруден кейінгі уақыт ретінде қабылданатын, бірақ 90 күннен аспайтын зиян келтіру кезеңіндегі автомотор отынының і-түрінің шығыны тонна; Сшығ.і - ағымдағы жылға арнап жергілікті өкілетті органдар бекіткен жылжымалы көздермен автомотор отынының і-түрінің 1 тоннасын жағу кезіндегі атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлем ставкасы, теңге/тонна; 10 - арттыру коэффициенті.
Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеу ережесіне 5-қосымша
Қоршаған ортаға радиобелсенді қалдықтарды, иондаушы сәулелену көздерін белгіленген нормативтерден асыра орналастырудан, сондай-ақ қоршаған ортаға орналастырылған құрылыс материалдарынан, тау-кен қалдықтары мен шламдарынан, ағынды және рудалық сулардан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеудің есептерi
Қоршаған ортаға радиобелсенді қалдықтарды, сондай-ақ иондаушы сәулелену көздерін белгіленген нормативтерден асыра орналастырудан келтірілген зиян уыттылығының 1 тоннасы радиобелсенділіктің 12 Гигабеккереліне (ГБк) тең неғұрлым таралған радиобелсенді заттың-табиғи уранның белсенділігі бойынша радиобелсенді қалдықтарды орналастырғаны үшін төлем нормативін негізге ала отырып белгіленеді. Бұл ретте, трансурандық элементтерді қоспағанда, жиынтықты альфа-сәулелену радионуклидтерінің 12 ГБк орналастырғаны үшін төлем нормативі қоршаған ортаға қауіптің 2 сыныбындағы өнеркәсіптік қалдықтардың 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлем нормативіне теңестіріледі. Трансурандық элементтердің 12 ГБк орналастырғаны үшін төлем нормативі қоршаған ортаға қауіптің бірінші сыныбындағы өнеркәсіптік қалдықтардың 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлем нормативіне теңестіріледі. Осылайша, трансурандық элементтердің 1ГБк орналастырғаны үшін төлем ставкасы мынаған тең: СРБҚ t = Cy1/12; альфа радиобелсенді қалдықтардың 1ГБк орналастырғаны үшін төлем ставкасы мынаған тең: СРБҚа = Су2/12; бета радиобелсенді қалдықтардың 1ГБк орналастырғаны үшін төлем ставкасы мынаған тең: СРБҚв = Су2/12х0,1; мұндағы: Су1, Су2 - ағымдағы жылға жергілікті өкілетті органдар бекіткен уыттылықтың 1 немесе 2 сыныбына сәйкес өнеркәсіптік қалдықтардың 1 тоннасы үшін төлем ставкасы; 0,1 - альфа-сәулелену радионуклидтерінің төменгі елеулі белсенділігін (ТЕБ) салыстыру бойынша 10 есе кем бета-сәулелену радионуклидтері үшін ТЕБ-ті негізге ала отырып, бета радиобелсенді қалдықтар үшін төмендеткіш коэффициент. Радиобелсенді қалдықтарды немесе трансурандық элементтерді белгіленген нормативтерден асыра орналастырудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау мына формула бойынша анықталады:
U = (Fнақты - Fнорм) x CРБҚ a,в,t х 10 х К1 х К2
мұндағы: U - радио белсенді қалдықтарды белгіленген нормативтерден асыра орналастырудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау (теңге); Ғнақты - орналастырылған радиобелсенді қалдықтардың нақты радиобелсенділігі, ГБк; Ғнорм - орналастырылған радиобелсенді қалдықтардың нормативтік радиобелсенділігі, ГБк; СРБҚ - радиобелсенді қалдықтарға немесе трансурандық элементтерге сәйкес 1ГБк орналастырғаны үшін төлем ставкасы, теңге/ГБк; 10 - арттыру коэффициенті; К1 - экологиялық қауіп коэффициенті, 1-қосымша; К2 - экологиялық тәуекелдік коэффициенті, 2-қосымша. Қоршаған ортада орналастырылған 0,3 кБк/кг-нан астам артық, бірақ альфа-сәулелену радионуклидтері үшін 10 кБк/кг және бета-сәулелену радионуклидтері үшін 100 кБк/кг аспайтын санитарлық нормалардан жоғары жасанды және табиғи радионуклидтер бар құрылыс материалдары, тау-кен қалдықтары мен шламдары, ағынды және рудалық сулар радиобелсенді қалдықтар болып табылмайды, шектеулі пайдаланылатын материалдарға жатады және өнеркәсіптік қалдықтарды көму орындарында орналастырылады. Осындай материалдарды белгіленген нормативтерден асыра орналастырудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес қауіптің 4 сыныбы бойынша айқындалады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |