Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерiнiң Осы редакция 2006 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Yкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетiнiң; 2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетiнiң құрылымдары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
?кіметінiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1381 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетiнiң құрылымы Басшылық Өнеркәсiптегі жұмыстарды қауiпсiз жүргізудi, тау-кен қадағалау мен Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы (Мемтаукентехқадағалау) Әкiмшiлiк жұмыс басқармасы Анықтау бөлiмi Өрттi мемлекеттік қадағалау бөлiмi Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi бөлiмi Техникалық нормалау және лицензиялау бөлiмi ?кіметінiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1381 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетiнiң құрылымы Басшылық Мемлекеттік материалдық резервтi есепке алу басқармасы Мемлекеттік материалдық резервтi бақылау басқармасы Әкiмшiлiк жұмыс басқармасы |