<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2004 Ж. 9 ШІЛДЕДЕГІ № 588-II ҚР ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі
№ 588-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2006.11.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2006 ж. 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

Осы Заң электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) авариялық бронь - электрмен үздiксiз жабдықтау объектiсiне берiлуi ол үшiн маңызды құрылғылардың жұмыс iстеуiн сақтайтын және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлiмiн болғызбайтын ең төменгi қажеттi электр қуаты;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) авариялық бұзылыс - электр қондырғысы немесе оның элементтерi жұмысының технологиялық параметрлерiнiң олардың iстен шығуын немесе пайдалану кезiнде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) теңгерiмдеушi электр энергиясы - электр энергиясын өндiру-тұтынудың жүйелiк оператор бекiткен сағат сайынғы тәулiктiк кестесiн iске асыру кезiнде туындайтын теңгерiмсiздiктердi жою үшiн пайдаланылатын электр энергиясы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы - жүйелiк оператор мен электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметтi жүзеге асыратын энергия өндiрушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, көтере тұтынушылар, өзге де ұйымдар арасында ағымдағы операциялық тәулiктерде Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiрудiң және (немесе) тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимiнде туындайтын теңгерiмсiздiктердi жүйелiк оператордың табиғи және бұдан кейiнгi қаржылық реттеуi нәтижесiнде қалыптасатын өзара қарым-қатынастар жүйесi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5) қосалқы қызметтер көрсету - жүйелiк оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен энергия жүйесiн тогы жоқ жағдайдан шығару бойынша электр қуатының қажеттi мөлшерлерi мен оралымды резервтерi құрылымының дайындығын қамтамасыз ету, активтi және реактивті қуатты реттеу үшiн сатып алатын қызметтер көрсету;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6) электр энергиясына кепiлдiк берiп жеткiзушi - тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы басқа да барлық ұйымдар тұтынушының кiнәсi болмаса да энергиямен жабдықтауды тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7) электр энергиясының теңгерiмсiздiгi - электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты шамасының жүйелiк оператор электр энергиясын өндiру-тұтынудың сағат сайынғы тәулiктiк кестесiнде бекiткен шамасынан ауытқуы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi - Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенiмдi және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететiн электр станцияларының, электр беру желiлерi мен шағын станциялардың жиынтығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9) электр және жылу энергиясын коммерциялық есепке алу - электр және жылу энергиясын сатып алу-сату және беру шарттары бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшiн қажеттi электр және жылу энергиясын есепке алу;

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

9-1) өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері - өңірлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін, кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр беру желілері;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

10) ұлттық электр желісі - жекешелендіруге және оның алдындағы сатыларға жатпайтын шағын станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 кВ және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы - электр энергиясының спот - сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12) операциялық тәулiктер - жүйелiк оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiлерi жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының орындалуын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ағымдағы тәулiктер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13) электр энергиясының көтерме сауда нарығы - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң арасындағы шарттар негiзiнде жұмыс iстейтiн, электр энергиясын сатып алу-сатуға байланысты қарым-қатынастар жүйесi;

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

13-1) жылу желілерінің күзет аймағы - жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері;

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

13-2) электр желілерінің күзет аймағы - электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14) жылу энергиясын беру - жасалған шарттарға сәйкес энергия берушi ұйымдардың жылу желiлерi бойынша жылу энергиясын тасымалдау жөнiнде көрсететiн қызметi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

15) электр энергиясын беру - электр энергиясын беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес көрсететін қызметі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

16) тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негiзiнде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген техникалық құрылғы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18) өңiрлiк электр желiлiк компания - өңiрлiк деңгейдегi электр желiлерiн пайдаланатын энергия берушi ұйым;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

19) электр қуатын реттеу - электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiсiнiң нақты электр жүктемесiнiң тәулiктiк кестеде жоспарланып немесе жоспарланбай айырбас электр энергиясының нөлдiк сальдосы сақталған жағдайда мәлiмделген электр жүктемесiнен ауытқуларының орнын толтыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

20) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi электр қуатының резервi - шартта көзделген талаптарға сәйкес керектi құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендiруге әзiрлiк дәрежесi бар энергия өндiрушi ұйымдар агрегаттарының электр қуаты;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

21) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы - жылу энергиясын өндiруге, беруге және тұтынуға қатысушылардың шарттар негiзiнде жүргiзiлетiн қатынастары жүйесi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

22) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы - электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектiлерi арасындағы (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған байланысты көрсетiлетiн қызметтер ұсыну) шарттарының негiзiнде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс iстейтiн қатынастар жүйесi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

23) жүйелiк авария - Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнiң тұрақтылығын жоғалтуға және оны бөлiктерге бөлуге әкеп соққан электр энергетикасы объектiлерi жұмыс режимдерiнiң авариялық бұзылысы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

24) жүйелiк қызметтер көрсету - жүйелiк оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiне электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, қуатты реттеу және резервтеу, электр энергиясын өндiру-тұтыну теңгерiмiн ұйымдастыру жөнiнде көрсететiн қызметтерi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

25) жүйелiк оператор - орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесіндегі теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелік қызмeттep көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұйым;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

26) электр энергиясының спот - сауда-саттығы (бұдан әрi - спот - сауда-саттық) - операциялық тәулiктерден бiр күн бұрын және соның iшiнде режимдерде қысқа мерзiмдiк негiзде электр энергиясының сағат сайынғы көлемiнде ұйымдастырылған сауда жүргiзу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

27) электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерi - энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелiк оператор, электр энергиясымен орталықтандырылған сауда жүргiзу операторы және электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

28) электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектiлерi - энергия өндiрушi, энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар және электр энергиясының бөлшек сауда нарығында қызметiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

29) электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестесi - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес әрбiр күнтiзбелiк тәулiкте электр энергиясын өндiру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтін жүйелік оператор бекiткен құжат;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

30) техникалық диспетчерлендiру - жүйелiк оператор Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру мен тұтыну режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру жөнiнде көрсететiн қызмет;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

31) уәкiлеттi орган - электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

32) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы - осы Заңмен белгiленген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерi электрондық сауда жүйесiнде ерiктi негiзде жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі мәмiлелер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

33) орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару - жүйелiк оператор жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi сенiмдiлiгiнiң нормативтiк деңгейiн және электр энергиясының нормативтiк сапасының сақталуын қамтамасыз ететiн энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық келісілген жұмысын үздiксiз басқару процесi;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 34) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

34) электр энергетикасы - электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну саласы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

35) энергетикалық сараптама - электр энергетикасы саласында қолданыстағы объектiлер, қайта жаңартылатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынатын объектiлердiң жобалары бойынша электр және жылу желiлеріндегі энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылыстар мен аварияларды тексеру кезiнде, сондай-ақ олардағы өндiрiстiк жарақат алу жағдайларында Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкестiлiгiне жүргiзiлетiн сараптама;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

36) энергия берушi ұйым - электр немесе жылу энергиясын берудi шарттар негiзiнде жүзеге асыратын ұйым;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

37) энергия өндiрушi ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын өндiрудi жүзеге асыратын ұйым;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

38) энергиямен жабдықтаушы ұйым - өндiрiлген және (немесе) сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы

туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу

  • Показать изменения

3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік

реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi

1. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу:

  • Показать изменения

1) энергия тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және электр, жылу энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын тұтынушылардың электр және жылу энергиясын жеткiзушiлердi таңдау құқығына кепiлдiк беретiн нарықта бәсекелестiк жағдайлар жасау жолымен қорғау;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенiнiң сенiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кешенiн елдiң шаруашылық-экономикалық және әлеуметтiк кешендерiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң ерекше маңызды жүйесi ретiнде басқарудың бiртұтастығы мақсатында жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi мыналар:

  • Показать изменения

1) басқару бiртұтастығы, бәсекенi дамыту негiзiнде электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi мен дамуы;

  • Показать изменения

2) тұтынушылардың электр және (немесе) жылу энергиясын жеткiзушіні таңдау құқығы;

3) табиғи монополия сапасындағы қызметті реттеу, сондай-ақ отандық энергия өндiрушілердi қорғау үшiн жағдайлар жасау;

  • Показать изменения

4) электр және жылу энергиясының реттелетiн нарығын құру мен жетiлдiру;

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

5) электр және жылу энергиясын ұтымды және үнемдi тұтыну;

6) жаңартылып отыратын және дәстүрлi емес энергия көздерiн пайдалану мен дамыту;

7) электр энергетикасы кешенiн дамыту мен қайта жарақтандыруға инвестициялар тарту;

8) қоршаған ортаны қорғау, электр беру желiлерiн, электр және энергия қондырғыларын пайдалану кезіндегі құрылыс сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi жөніндегі iс-шаралар кешенiн орындау үшiн жағдайлар жасау;

9) елдiң шалғай аудандарында энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасау;

  • Показать изменения

10) Қазақстан Республикасының бiртұтас энергетикалық жүйесi жұмысының және электр энергиясы сапасының мемлекеттік стандарттарын белгiлеу болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу:

1) лицензиялауды;

2) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеудi;

3) электр энергетикасы объектiлерiн монополиясыздандыру мен жекешелендiрудi;

4) электр энергиясын өндiрудiң, берудiң, техникалық диспетчерлендiру мен тұтынудың сенiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен үнемдiлiгiн мемлекеттік қадағалауды;

  • Показать изменения

5) электр және жылу энергиясын өндiру, беру, техникалық диспетчерлендiру мен тұтыну саласындағы қызмет пен қатынастарды реттеудiң техникалық және технологиялық талаптары, сондай-ақ электр беру желiлерiн, электр және энергия қондырғыларын салу мен пайдаланудың сенiмдiлiгiн, үнемдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн нормалары бар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін, нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлеу мен бекiтудi қамтиды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құзыретi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Yкіметі:

  • Показать изменения

1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

  • Показать изменения

2) электр энергетикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзiрлейдi;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы ережесін бекiтедi;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес электр энергиясын сауда-саттықтарда (аукциондарда) өткiзiлетiн, сатып алынатын мүлiк (активтер) тiзбесiне енгізу туралы шешiм қабылдайды.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

  • Показать изменения

1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;

  • Показать изменения

2) электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

3) өз құзыретi шегiнде стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргiзуге қатысады;

  • Показать изменения

4) электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

5) электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi және бекiтедi;

  • Показать изменения

6) техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасы, жабдықтарды пайдалану сипаттамалары, энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормалары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;

  • Показать изменения

7) электр энергетикасы объектiлерiн жобалау, салу, техникалық пайдалану және олардың қауiпсiздiк техникасы, жабдықтарды пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамалары, энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормалары саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi;

  • Показать изменения

8) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

9) кепiлдiк берiп жеткiзушiнi және оның жауапкершiлiк аймағын айқындау тәртібін бекiтедi;

  • Показать изменения

10) энергетикалық сараптаманы жүргiзу әдiстемесiн, тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды;

  • Показать изменения

11) электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестесiн жасау тәртібін белгiлейдi;

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

11-1) жүйелік операторды және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығының операторын белгілейді;

  • Показать изменения

12) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiмен электр байланысы жоқ аймақтар үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс iстеуiнiң және оны ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды;

  • Показать изменения

13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 6-бап  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

6-бап. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау

  • Показать изменения

1. Энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік орган электр энергетикасы саласындағы қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады.

  • Показать изменения

2. Энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің техникалық талаптарының орындалуын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) электр станциялары энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу желілерінің, сондай-ақ тұтынушылардың электр мен жылу пайдалану құрылғыларының пайдаланылуы мен олардың техникалық жай-күйін;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) электр энергетикасы саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын талаптардың орындалуын қадағалауды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау тексеру жолымен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Электр энергетикасы объектілерін тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Уәкілетті орган бекіткен жұмыс жоспары тексерудің негізі болып табылады. Жұмыс жоспары өздеріне қатысты тексеру жүргізу көзделіп отырған объектілер тізбесін және тексеру жүргізу кезеңін қамтуға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Жоспарлы тексеру алдыңғы тексерулерге қатысты жұмыс жоспары заңдарда белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып жүргізілетін, алдын ала жоспарланған іс-шара болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Жоспардан тыс тексеру мынадай жағдайларда:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) электр энергетикасы объектілеріндегі авариялық технологиялық бұзушылықтар саны өткен кезеңмен салыстырғанда өскен жағдайда;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі органға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша жүргізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Электр энергетикасы объектісінің басшысына анықталған бұзушылықтарды жою үшін орындау мерзімі мен орындалуына жауапты тұлғалар көрсетілген белгіленген үлгідегі нұсқама беріледі немесе объект басшылығы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын оған негіздегі әзірлейтін акт жасайды, ол мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі органға табыс етіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9. Энергетикалық қадағалау мен бақылау:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) электр және жылу энергиясының сапасы жөніндегі техникалық талаптардың сақталуына;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерінің сақталуына;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) электр және жылу энергиясының ұтымды және үнемді пайдаланылуына, оны өндіру, беру, тұтыну режимдерін оңтайландыруға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығына жүргізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілер мен жабдықтардың қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларына қатысады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесін бірнеше бөліктерге бөлуге, электр және жылу энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге, ірі электр жабдығын бүлдіруге әкеп соққан ірі технологиялық бұзушылықтарды тексерудің есебін жүргізеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. Энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) электр және энергия құрылғыларына қол жеткізуге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) электр станциялары энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу желілерінің, сондай-ақ тұтынушылардың электр жабдықтарының техникалық жай-күйін кезең-кезеңмен тексеруді жүзеге асыруға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) электр және энергия құрылғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігіне бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды қайта сату мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалану ережелері мен қауіпсіздік ережелерін білуіне біліктілік тексерулерін ұйымдастыруға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) энергетикалық объектілерде электр және жылу энергиясын қауіпсіз және ұтымды өндіру, беру, бөлу мен пайдалану бойынша энергетикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыруға, энергияны үнемдеу саясатының орындалуын бақылауға, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін зерттеуге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыруға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6) қадағалауындағы энергетикалық жабдыққа зерттеу жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеру кезінде және электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тексеру кезінде сарапшыларды тартуға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7) энергияны үнемдеу бағдарламаларын, нормативтік-әдістемелік актілерін, құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлеуді ұйымдастыруға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8) ұйымдардың меншік иелеріне аварияларға, жазатайым жағдайлар мен электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің өзге де техникалық талаптарын өрескел бұзуға жол берген кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізуге немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы материалдарды тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге құқылы.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7-бап. Электр энергетикасындағы тарифтердi (бағаларды,

  • Показать изменения

алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу

  • Показать изменения

1. Табиғи монополия субъектiлерiнiң өнiмдерi мен көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеудi табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Энергия берушi ұйымдарда электр энергиясын беру жөніндегі шығындарды есепке алу табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен қызметтiң басқа да түрлерi бойынша шығындардан бөлек жүргiзiледi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8-бап. Өндiрiстiк-технологиялық қызметке араласуға

жол берiлмеушiлiк

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар ұйымдардың электр және жылу энергиясын өндiру мен беруге немесе осы процестердi технологиялық басқаруға байланысты өндiрiстiк-технологиялық қызметiне араласуға құқылы емес.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

9-бап. Электр станцияларын, электр беру желілері мен

шағын станцияларды жобалау және салу

  • Показать изменения

1. Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу уәкілетті органға, табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға және жүйелік операторға алдын ала хабарлай отырып және олармен келісе отырып жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу, сондай-ақ оларды пайдалану концессиялық келісімдер негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Концессиялық келісімдер негізінде салынған кернеуі 220 кВ және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері, шағын станциялар мен тарату құрылғылары осы келісімдердің қолданылу кезеңінде концессионердің уақытша иеленуінде және пайдалануында болады және концессиялық келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ұлттық электр желісі құрамына беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Концессиялық келісімдер негізінде салынған кернеуі 220 кВ және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерін, шағын станцияларды, тарату құрылғыларын орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, сондай-ақ пайдалануды жүйелік оператор шарттар негізінде жүзеге асырады.