|
|
|
Каспий теңізі түбінің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген қазақстандық учаскесі шегінде келісім-шарт аумағынан тыс мұнай-газ құбырларын салуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы
ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен күші жойылды
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Каспий теңізі түбінің Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленген қазақстандық учаскесі шегінде келісім-шарт аумағынан тыс мұнай-газ құбырларын салуға рұқсат беру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 625 қаулысымен бекітілген
Каспий теңізі түбінің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген қазақстандық учаскесі шегінде келісім-шарт аумағынан тыс мұнай-газ құбырларын салуға рұқсат беру ережесi
1. Осы Ереже Каспий теңізі түбінің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген қазақстандық учаскесі (бұдан әрі - қазақстандық түп учаскесі) шегінде келісім-шарт аумағынан тыс, жағалау сызығына дейін мұнай-газ құбырларын салуға рұқсат беру тәртібін реттейді. 2. Қазақстандық түп учаскесі 2002 жылғы 13 мамырда жасалған 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы келісімге Хаттамаға және 2003 жылғы 27 ақпанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасында Каспий теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы келісімге хаттамаға сәйкес айқындалады. 3. Қазақстанды түп учаскесі шегінде келісім-шарт аумағынан тыс мұнай-газ құбырын салуға рұқсат (бұдан әрі - мұнай-газ құбырын салуға рұқсат) алуға мүдделі жер қойнауын пайдаланушы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) беретін өтінімде: 1) жер қойнауын пайдаланушының деректемелері; 2) сұралатын түп учаскесінің сыртқы шекараларының географиялық координаталары көрсетіле отырып, оның орналасқан жері; 3) күзету аймағының ені; 4) сұралып отырған түп учаскесінің ауданы көрсетіледі. Өтінімге қазақстандық түп учаскесінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, мұнай-газ құбырын салудың техника-экономикалық негіздемесі және оның қоршаған ортаға әсерінің алдын ала бағасы қоса беріледі. 4. Өтінім негізінде уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі, төтенше жағдайлар жөніндегі, сауда мақсатында теңізде жүзу, мұнай-газ көлігі инфрақұрылымы саласындағы және сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының өкілінен мұнай-газ құбырын салу үшін түп учаскесін таңдау жөнінде комиссия құрады. 5. Түп учаскесін таңдауды комиссия уәкілетті органға өтінім түскен күнінен бастап 60 күнге дейінгі мерзімде қарайды. 6. Комиссия мүшелерінің сұралып отырған түп учаскесінің орналасқан жері бойынша ұсыныстары мен ескертулері болмаған жағдайда оны таңдау мұнай-газ құбырын салу үшін түп учаскесін таңдау туралы актімен ресімделеді, оған комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Сұралып отырған түп учаскесінің орналасқан жері жер қойнауын пайдаланушының келісу шартымен комиссия мүшелерінің ұсыныстары мен ескертулері негізінде өзгертілуі мүмкін. Комиссия мүшелерінің жер қойнауын пайдаланушы түзетпеген ескертулері болған жағдайда, уәкілетті орган мұнай-газ құбырын салу үшін көрсетілген түп учаскесін таңдаудан дәлелді түрде бас тартады. 7. Мұнай-газ құбырын салу үшін түп учаскесін таңдау туралы акт жер қойнауын пайдаланушының іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізуі үшін негіздеме болып табылады. 8. Іздестіру және жобалау жұмыстары жүргізілгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды қоса береді: 1) мұнай-газ құбырын салудың жобасы; 2) оның қоршаған ортаға әсерінің бағасы; 3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы; 4) мұнай-газ құбырының қазақстандық түп учаскесінде орналасқан жерінің картасы; 5) бастапқы, бұрылыс, аралық (әр бес километр сайын) және соңғы нүктелерін көрсете отырып, мұнай-газ құбыры осінің географиялық координаталарының ведомосі; 6) мұнай-газ құбыры профилінің схемасы; 7) Балтық биіктіктері жүйесіндегі мұнай-газ құбыры осінің бастапқы, бұрылыс, аралық (әр бес километр сайын) және соңғы нүктелеріндегі мұнай-газ құбырының жоғарғы шетіндегі жоғарғы белгілерінің ведомосі. 9. Уәкілетті орган осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі, төтенше жағдайлар жөніндегі, сауда мақсатында теңізде жүзу, мұнай-газ көлігі инфрақұрылымы саласындағы және сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға (бұдан әрі - келісетін мемлекеттік органдар) келісуге жібереді. Мұнай-газ құбыры орналасқан жердің құжаттарын қарау қорытындылары бойынша келісетін мемлекеттік органдар уәкілетті органға өз қорытындыларын жібереді, бұл ретте қарау және келісу мерзімі 15 жұмыс күнінен аспауға тиіс. 10. Ұсыныстар мен ескертулер болмаған жағдайда уәкілетті орган өтініш берілген күнінен бастап 30 күннен кешіктірмей осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұнай-газ құбырын салуға рұқсат береді, оған уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды. 11. Уәкілетті органның және (немесе) келісетін мемлекеттік органдардың ескертулері болған жағдайда уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыға олар туралы жазбаша хабарлайды. Ескертулер түзетілген жағдайда (келісетін мемлекеттік орган уәкілетті органға бұл туралы жазбаша растау жібереді) жер қойнауын пайдаланушыға осы Ереженің 10-тармағына сәйкес мұнай-газ құбырын салуға рұқсат береді. Жер қойнауын пайдаланушы ескертулерді түзетпеген жағдайда уәкілетті орган белгіленген мерзімде мұнай-газ құбырын салуға рұқсат беруден дәлелді түрде бас тартады. 12. Мұнай-газ құбырын салуға рұқсаттың қолданылу мерзімін уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушы сұрастыратын мерзімді және келісетін мемлекеттік органдардың ескертулерін ескере отырып, бірақ үш жылдан аспайтындай етіп белгілейді. Көрсетілген кезеңде мұнай-газ құбырын салуға рұқсат берілген түп учаскесіне басқа жер қойнауын пайдаланушыға мұнай-газ құбырын салуға рұқсат берілмейді. 13. Қазақстандық түп учаскесінде бар, салынып жатқан және жобаланатын мұнай-газ құбырларының орналасқан жерін есепке алу үшін уәкілетті орган кезекшілік картасын жүргізеді.
Каспий теңізі түбінің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген қазақстандық учаскесі шегінде келісім-шарт аумағынан тыс мұнай-газ құбырларын салуға рұқсат беру ережесіне қосымша
Рұқсат
Тіркеу номері ______
Рұқсат _________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы) ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ қазақстандық түп учаскесінің шегінде келісім-шарт аумағынан тыс мұнай-газ құбырларын салуға берілді. Мұнай-газ құбырының ұзындығы ________________________________ км. Учаскенің ауданы __________________________________ гектар. Күзет аумағының ені _________________________________________ метр. Рұқсаттың қолданылу мерзімі ____________________________________ Рұқсат берудің негіздемесі _____________________________________ ________________________________________________________________ Рұқсат берген орган ____________________________________________ ________________________________________________________________
Басшы _______________________________ Аты-жөнi
М.О. Берілген күні 20________ жылғы «___» _________
Қосымшалар: 1. Мұнай-газ құбырының орналасқан жерінің картасы 2. Мұнай-газ құбыры профилінің схемасы 3. Мұнай-газ құбыры осінің географиялық координаталар ведомосi 4. Балтық биіктіктері жүйесіндегі мұнай-газ құбырының жоғарғы шетіндегі белгілерінің ведомосi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |