|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. «ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы» 1994 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 16-17, 212-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 23, 921-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы»; мынадай мазмұндағы 1-1), 4-1), 4-2), 4-3) тармақшалармен толықтырылсын: «1-1) ЖҚТБ-мен ауыратын науқас - жұқтырылған қорғаныш тапшылығы салдарынан осы аурудың органдар мен жүйелерді жаппай зақымдай отырып өлімге апаратын үдемелі дамуымен сипатталатын АҚТҚ инфекциясының терминалды сатысындағы адам;»; «4-1) диспансерлеу - денсаулық сақтау ұйымдарында АҚТҚ жұқтырған адамның және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастың денсаулық жағдайын байқау және оған емдеу-алдын алу көмегін көрсету; 4-2) құпия медициналық куәландыру - тексерілетін адамның жеке басы мен куәландыру нәтижелерінің дәрігерлік құпиясын медициналық қызметкердің сақтауына негізделген, адамның АҚТҚ жұқтыруына тексеру жүргізу; 4-3) медициналық куәландыру - адамның АҚТҚ жұқтыруына медициналық тексеру жүргізу;»; 5) тармақшадағы «медициналық ұйымдар» деген сөздер «денсаулық сақтау ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызметтер көрсету сапасына бақылау жасау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»; 3) мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-баптармен толықтырылсын: «1-1-бап. Қазақстан Республикасының АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 1-2-бап. АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы мемлекеттік реттеу АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.»; 4) 2-1-баптың тақырыбындағы «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы» деген сөздер алып тасталсын; 1) тармақша «ЖҚТБ-ның» деген сөздің алдынан «АҚТҚ инфекциясының және» деген сөздермен толықтырылсын; орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; «ЖҚТБ ауруының алдын алу» деген сөздер «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы «ЖҚТБ ауруының» деген сөздер «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақша «ЖҚТБ-ның» деген сөздің алдынан «АҚТҚ инфекциясының және» деген сөздермен толықтырылсын; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) АҚТҚ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарға тегін медициналық және дәрі-дәрмектік көмек көрсету, сондай-ақ жасырын тексеру мен құпия медициналық куәландыру тәртібін белгілейді.»; 6) 2-3-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары «ЖҚТБ-ның» деген сөздің алдынан «АҚТҚ инфекциясының және» деген сөздермен толықтырылсын; 7) мынадай мазмұндағы 2-4 және 2-5-баптармен толықтырылсын: «2-4-бап. АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктерi Мемлекет: 1) тегін негізде жасырын тексерудің, ерікті, құпия медициналық куәландырудың қолжетімділігі мен сапасына, АҚТҚ жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарды диспансерлеуді, психологиялық-әлеуметтік, заңдық және медициналық консультациялар беруді қамтамасыз етуге; 2) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар мен денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде АҚТҚ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарға тегін медициналық және дәрі-дәрмектік көмек көрсетуге; 3) АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарды әлеуметтік және құқықтық қорғауға; 4) АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарды ауруының сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуге; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде АҚТҚ инфекциясы мен ЖҚТБ кезінде қоздырғыштарға қарсы тегін әрі арнайы емдеуге; 6) AҚTҚ инфекциясының анадан ұрыққа берілу қаупін азайту жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүзеге асыруға; 7) АҚТҚ инфекциясы проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеулерді дамытуға, АҚТҚ инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шараларды іске асыру үшін мамандар даярлауға; 8) АҚТҚ инфекциясы таралуының алдын алудың халықаралық бағдарламалары шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және ұдайы ақпарат алмасып отыруға кепілдік береді. 2-5-бап. АҚТҚ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шаралар 1. Қазақстан Республикасында АҚТҚ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шаралар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген негізде және тәртіппен жүргізіледі. 2. АҚТҚ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шаралар мынадай принциптермен жүзеге асырылады: 1) АҚТҚ жұқтырғандарға денсаулық сақтау ұйымдарында берілетін медициналық көмектің қолжетімділігі; 2) АҚТҚ инфекциясының алдын алуға қатысты ақпараттың қолжетімділігі; 3) ведомствоаралық (сектораралық) өзара іс-қимыл; 4) халықтың арасында АҚТҚ инфекциясының алдын алу мақсатында қоғамдық ұйымдарды тарту. 3. АҚТҚ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шаралар: 1) халықтың әртүрлі топтарына арналған нысаналы алдын алу және білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру; 2) халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АҚТҚ инфекциясы бойынша эпидемиялық ахуал және оның алдын алу шаралары туралы хабардар ету; 3) халықтың әр түрлі топтары үшін ақпараттық материалдар әзірлеу және тарату; 4) АҚТҚ инфекциясының жыныстық қатынас пен қан арқылы жұғуынан қорғау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру; 5) сенім, жасырын тестілеу, психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар беру пункттерін ашу; 6) халыққа тері қабаттары бүтіндігінің бұзылуына байланысты қызметтер көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.»; 8) 3-1-баптың 5) тармақшасында: «медициналық ұйымдарға» деген сөздер «денсаулық сақтау ұйымдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; «ұйымдарға» деген сөзден кейін «АҚТҚ инфекциясының және» деген сөздермен толықтырылсын; 9) 5 және 6-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «5-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың медициналық куәландырудан өту құқығы 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе онда жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында тегін жасырын тексерілуге, ерікті, құпия медициналық куәландырудан өтуге және АҚТҚ жұқтыру мәселелері бойынша консультация алуға құқығы бар. 2. Он сегіз жасқа дейінгі балалар мен әрекет қабілеті жоқ адамдарды куәландыру олардың заңды өкілдерінің келісімімен немесе олардың қалауы бойынша жүргізіледі. 3. Медициналық куәландырудан өткен адамның өз қалауы бойынша сол немесе басқа денсаулық сақтау ұйымында қайта медициналық куәландырудан өтуге құқығы бар. 4. Медициналық куәландыру кезінде АҚТҚ жұқтырған адамды анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары оған тексеру нәтижелері туралы жазбаша түрде хабар беріп, өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын орындау қажеттілігі туралы ұғындырады, сондай-ақ емделуден жалтарып, басқа адамдарға жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертеді. 5. AҚTҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастардың диагностикасына, оларды емдеуге, зертханалық зерттеу нәтижелеріне қатысты мәліметтер құпия болып табылады және тек тікелей бұл мәліметтердің қатысы бар адамға, оның заңды өкіліне немесе денсаулық сақтау, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау және сот органдарының сұрауы бойынша ғана берілуі мүмкін. 6-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың медициналық куәландырудан өту жөніндегі міндеттерi 1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар олар AҚTҚ жұқтырған болуы мүмкін деген жеткілікті негіздер болған ретте денсаулық сақтау, прокуратура, тергеу мен сот органдарының сұрауы бойынша медициналық куәландырудан өтуге міндетті. Куәландырудан өтуден немесе алдын алу бақылауынан жалтарған Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге аластатылады. Қазақстан Республикасының аумағында дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын шет мемлекеттердің дипломатиялық, өкілдік және консулдық мекемелерінің қызметкерлері мен өзге де адамдары куәландырудан тек өздерінің келісімдерімен ғана өтеді. Оларды куәландырудан өткізу қажеттігі туралы ұсынысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен алдын ала келіседі. 2. Қан және оның компоненттерінің, тіндер мен органдардың донорлары міндетті түрде медициналық куәландыруға жатады.»; бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктер тиісінше «1.», «2.», «3.» және «4.» тармақтар болып белгіленсін; бірінші бөлікте: «мен азаматтығы жоқ адамдардың» деген сөздер алып тасталсын; «мекемелерінде», «мекемелері» деген сөздер тиісінше «ұйымдарында», «ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «16» деген цифрлар «он сегіз» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 8, 9, 10-баптар алып тасталсын; 12) 11-баптағы «Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын» деген сөздер «АҚТҚ» деген сөзбен ауыстырылсын; 13) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын: «12-бап. Еңбек қызметі АҚТҚ жұқтыру қаупімен байланысты адамдар 1. АҚТҚ жұқтырылған материалмен жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің қызметтік және кәсіби міндеттерін орындау кезінде АҚТҚ жұқтыруы кәсіби ауруларға жатады. 2. Осы баптың 1-тармағында тізілген адамдарға кәсіби ауруына байланысты жұмысқа уақытша жарамсыздығы кезеңіне Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.»; 14) 13-баптың бірінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын; 15) 14-баптағы «6 сағаттық» деген сөздер «алты сағаттық» деген сөздермен, «24 жұмыс» деген сөздер «күнтізбелік жиырма төрт жұмыс» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) мынадай мазмұндағы 15 және 16-баптармен толықтырылсын: «15-бап. АҚТҚ жұқтырғандардың және ЖҚТБ-мен ауыратындардың құқықтары мен міндеттерi 1. АҚТҚ жұқтырғандардың және ЖҚТБ-мен ауыратындардың: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиісті халықаралық шарттарда көзделген Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын пайдалануға; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде диспансерленуге және тегін емделуге құқығы бар. 2. АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратындар өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөнінде сақтық шараларын орындауға міндетті. АҚТҚ жұқтырғандарға қан және оның компоненттерінің, тіндер мен органдардың донорлары болуға тыйым салынады. 16-бап. Қазақстан Республикасының АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы заңнамасын бұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.». 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-і. № 172-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |