Қазақстан Республикасының
Заңы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
(2024.18.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-бөлім. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы
3-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер
4-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілерi
5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілерi
2-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ, БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ
6-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесi
6-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi
8-бап. Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті
8-1-бап. Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құзыреті
9-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдардың құзыретi
9-1-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттік органдардың құзыреті
10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi
11-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау
3-тарау. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРI
12-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттерi
13-бап. Заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерi
4-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҚҰРУ
14-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары мен түрлерi
15-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің құқықтық жағдайы
16-бап. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының құқықтық жағдайы
17-бап. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық жағдайы
18-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың және мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің қорғау аймақтары
19-бап. Табиғат қорғау ұйымдарының рәміздерi (эмблемасы мен туы)
20-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту
21-бап. Алып тасталды
22-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi
23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құқықтық режимi
24-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жерді резервте қалдыру
25-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты
26-бап. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары
27-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры
27-1-бап. «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілер
5-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ КҮЗЕТУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ, ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI
28-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимінің түрлерi
29-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және қорғау
30-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру
31-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін қорғау
32-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының, мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және мемлекеттiк қорық аймақтарының табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау
32-1-бап. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
33-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары
33-1-бап. Жедел ден қою шаралары жəне олардықолдану тəртібі
6-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСI
34-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру көздерi
35-бап. Табиғат қорғау мекемелерін дамыту және күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
36-бап. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын дамыту және күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
37-бап. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
38-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты
2-бөлім. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН, МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫ ОБЪЕКТІЛЕРІН ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛІГЕ ЕНЕТІН ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ, ҚОРҒАУДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМEТІНIҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРI
7-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАР
39-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтар ұғымы және олардың негізгі қызметi
40-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимi
41-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми қызметтi ұйымдастыру мен жүргізу тәртібi
42-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметi
43-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарының режимi
43-1-бап. Жекелеген мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимінің ерекшеліктері
8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКТЕР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ӨМІРЛІК ТАБИҒИ ПАРКТЕР
44-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ұғымы және олардың негізгі қызметi
45-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағын аймақтарға бөлу, оны күзету және пайдалану режимi
46-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру
46-1-бап. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелеріндегі объектілер құрылысы
47-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің шектеулi шаруашылық қызметінің ерекшеліктерi
48-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының режимi
49-бап. Мемлекеттік өңірлік табиғи парктер
9-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАР
50-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттар ұғымы, негізгі қызметі және оларды аймақтарға бөлу
51-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттың қорық режимi аймағының режимi
52-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймақ режимi
53-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың қорғау аймақтарының режимi
9-1-тарау. Биосфералық резерваттар
53-1-бап. Биосфералық резерваттардың міндеттері
53-2-бап. Биосфералық резерваттардың аумағын функционалдық аймақтарға бөлу және оны қорғау режимі
10-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЗООЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТЕР
54-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктер ұғымы және оның негізгі қызметi
55-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктерді аймақтарға бөлу және оларды күзету ерекшеліктерi
56-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктерде жануарлар өсіру
57-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктерді пайдалану ерекшеліктерi
11-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТАР
58-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақ ұғымы және оның негізгі қызметi
59-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақтарды аймақтарға бөлу және оларды қорғаудың ерекшеліктерi
60-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда өсімдіктер өсіру
61-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақтарды пайдаланудың ерекшеліктерi
12-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТЕР
62-бап. Мемлекеттік дендрологиялық парк ұғымы және оның негізгі қызметi
63-бап. Мемлекеттік дендрологиялық парктердi аймақтарға бөлу, оларды күзету мен пайдаланудың ерекшеліктерi
13-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШТЕРI
64-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері ұғымы
65-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерін құру тәртібi
66-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумақтарының күзет режимi
14-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚАУМАЛДАР
67-бап. Мемлекеттік табиғи қаумалдар ұғымы және олардың түрлерi
68-бап. Мемлекеттік табиғи қаумалдар құрудың ерекшеліктерi
69-бап. Мемлекеттік табиғи қаумалдарды күзету режимi мен оларды пайдаланудың ерекшеліктерi
15-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚ АЙМАҚТАРЫ
70-бап. Мемлекеттік қорық аймағының ұғымы, мақсаттары мен міндеттерi
71-бап. Мемлекеттік қорық аймақтарын құру тәртібi
72-бап. Мемлекеттік қорық аймақтарын күзету мен пайдаланудың ерекшеліктерi
73-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегi мемлекеттік қорық аймағы
73-1-бап. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің түрлері
16-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРI
74-бап. Мемлекеттік орман қорының ерекше құнды екпелерi
75-бап. Сулы-батпақты алқаптар
75-1-бап. Негізгі орнитологиялық аумақтар
76-бап. Бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелерi
77-бап. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерi
78-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерi
79-бап. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілерi
17-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР ЖҮЙЕСІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРI
80-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесімен байланысты экологиялық желінің элементтері ұғымы
81-бап. Экологиялық дәліздер
18-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
82-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзушылықтан келтірілген залалды өтеу
83-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
84-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық
84-1-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау
84-2-бап. Өтпелі ережелер
85-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкiлдi органдары», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары» және «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы» деген сөздер тиісінше «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары» және «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылды және «жануарлар мен өсiмдiктердiң» және «жануарлар мен өсiмдiктер» деген сөздер тиісінше «өсiмдiктер мен жануарлардың» және «өсiмдiктер мен жануарлар» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңірлік және дүниежүзілік экологиялық желінің құрамдас бөлігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтіру, орнықты пайдалану және басқару жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бөлім. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық ресурстар - экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдерi немесе олардың бөлiктерi, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөлiктерi;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) биосфералық резерват - Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне енгізілген мемлекеттік табиғи қорық, мемлекеттік ұлттық табиғи парк немесе мемлекеттік табиғи резерват және олардың қорғау аймақтары;
2) бөрене тілу - ағаш кесетін жабдықта бөренені тақтайларға және (немесе) басқа да ағаш өнімдеріне тілу;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) дәстүрлі жер пайдалану - табиғи кешендерге, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне зиянды әсер етпейтін, сондай-ақ сол экологиялық жүйеге бейімделген, жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы қызметінің сол өңірде тарихи қалыптасқан түрлері;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi - өздерiндегi барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендерінiң репрезентативтiк өкiлдiгiн қамтамасыз ететiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әртүрлі санаттары мен түрлерiнің жиынтығы;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрi - күзету) -ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, өрттiң алдын алу, анықтау және жою үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау (бұдан әрi - қорғау) -судың қолайсыз әсерiн жою, өсiмдiктердi зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау -ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалау - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы шаралар, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
8) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау мен қадағалау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймағы - жер қорғаудың және пайдаланудың белгіленген режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскесі;
11) ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу - мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау мен пайдаланудың оңтайлы режимін белгілеу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу;
12) жаратылыстану-ғылыми негіздеме - мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудің орындылығын ғылыми бағалау;
2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) интродукция - өсімдік түрлерін олар табиғи өсетін жер шегінен тыс жерге және жануарларды олар мекендейтін орта шегінен тыс жерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру;
14) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм және рекреация нысанасы ретiнде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң жиынтығы;
15) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафттық объектiлер мен олардың кешендерi, мемлекеттiк орман қорының ерекше бағалы екпелері, сулы-батпақты алқаптар, негізгі орнитологиялық аумақтар, бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері, өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерi, өсімдіктер дүниесінің бірегей жеке-дара объектілері;
16) рекреациялық жүктеме - есепке алу кезеңінде немесе уақыт бiрлiгiнде демалыс түрiнiң жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бiрлiгiне шаққандағы демалушылардың бiр мезгiлдегi саны;
17) Табиғат жылнамасы - мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ғылыми бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйiне бiрыңғай әдiстеме бойынша жүзеге асыратын жүйелi байқаулар мәлiметтерiнiң жиынтығы;
18) табиғи кешендер - ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектiлерiнiң жиынтығы;
19) табиғи кешендердi орнықты пайдалану - табиғи кешендердiң биологиялық ресурстарын ұзақ мерзiмдi перспективада биологиялық саналуандықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану;
20) табиғат қорғау ұйымдары - мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер (бұдан әрі - табиғат қорғау мекемелерi) және мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
21) техникалық-экономикалық негіздеме - мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудің орындылығын экономикалық, экологиялық және әлеуметтік бағалау;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды
21-1) үйлестіру кеңесі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм мен рекреацияны дамыту мәселелері бойынша шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғат қорғау мекемелерін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жасақталып, табиғат қорғау мекемелерінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
22) экологиялық дәлiз - тiрi табиғат объектiлерiнiң табиғи қоныс аударуын (таралуын) қамтамасыз ету және биологиялық саналуандықты сақтау үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiмен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектiлерi учаскелерiн бiлдiретiн экологиялық желiнiң бiр бөлiгi;
23) экологиялық желi - өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерiмен экологиялық дәлiздер арқылы байланысқан және өңiрдiң табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерiн ескере отырып ұйымдастырылған әртүрлi санаттар мен түрлердегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешенi.
2-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүліктік қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер:
1) биологиялық саналуандықты, бірегей және типтік ландшафтарды сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін экологиялық желінің базалық құрамдас бөлігі ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау;
3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелерді сақтау;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениетті, оқу-ағартуды, білім беруді, туризмді дамыту мақсаттарында пайдалану;
5) 2024.08.07. № 118-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;
7) жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қолжетімділігі;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) үйлестіру кеңестерінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы болып табылады.
4-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілерi
Табиғи кешендер, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілері болып табылады.
5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілерi
Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыретіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ, БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесi