|
|
|
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары (2006.29.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңы 11-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ереже бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, қалалардағы аудандардың) жергілікті атқарушы органдарының жанынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөнінде комиссиялар (бұдан әрі - комиссиялар) құрсын; 2) комиссиялар туралы ережені бекітсін; 3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 689 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, қалалардағы аудандардың) жергілікті атқарушы органдарының жанынан құрылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті алқа органы болып табылады. 2. Комиссия өзінің қызметін «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң), осы Yлгі ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 3. Комиссия жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, салық органдарының, сәулет және қала құрылысы органдардың, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерінен құрылады. 4. Комиссияны төраға - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің орынбасары басқарады. Комиссияның дербес құрамы жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітіледі.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
5. Комиссияның негізгі міндеті жылжымайтын мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдау болып табылады. 1) Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш жасаған азаматтары мен заңды тұлғаларының (бұдан әрі - жария ету субъектілері) өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету; 2) жария ету объектісі туралы мәліметтерді белгілеу; 3) құжаттардың мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынған мәліметтерге сәйкес келуін анықтау; 4) жария ету субъектісіне жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешімді беру; 5) жария ету объектісі туралы мәліметтерді Заңға 3-қосымшаға сәйкес нысанда жария етілген мүлік тізіліміне енгізу болып табылады.
7. Комиссия жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш жасаған жария ету субъектілерінің өтініштерін белгіленген тәртіппен тіркейді. 8. Жария ету мерзімі ішінде берілген жылжымайтын мүлікті жария ету туралы өтініш тиісті комиссияға өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. 9. Заңның 6-бабында және 11-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды алғаннан кейін комиссия жылжымайтын мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады. Шешімге комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды. 10. Шешім әрбір жария ету объектісі бойынша жеке қабылданады. 11. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді. Отырыстың хаттамасына хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап беретін комиссияның барлық мүшелері қол қояды. 12. Жергілікті атқарушы органдар мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді. ҚР Үкіметінің 2006.29.11. № 1132 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 13. Жария етілген жылжымайтын мүлік, жария ету субъектісінің мүлікті жария еткені үшін алым төлегені және мүлікті жария еткені үшін алым төлеушілер болып табылмайтын адамдар туралы ақпарат жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарға ұсынылады.
14. Комиссия өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша: 1) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын жария етілетін жылжымайтын мүлік туралы қажетті ақпаратты сұратуға; 2) комиссияның құрамына кірмеген мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тартуға; 3) жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш жасаған адамдардан түсініктеме алуға; 4) жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш жасаған жария ету субъектілері мүлкінің тиесілігін анықтауға; 5) жылжымайтын мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
15. Комиссия Заңда белгіленген мүлікті жария ету мерзімі аяқталғаннан кейін өз қызметін тоқтатады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |