Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) (2006.15.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671; 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесі бекітілсін. 2. Төлеушілер 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейін жинақтаушы зейнетақы қорларына есептеген, бірақ олар аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес аударуға жатады. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1-қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың Ережесі ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 қаулысымен тақырыбы өзгерді; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 қаулысымен тақырыбы және мәтіндегі сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 қаулысымен 1-тармақ өзгерді; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Осы Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрлендi және мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердiң (бұдан әрi - агенттер) мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына есептеуiнiң, ұстап қалуының (қоса есептеуiнiң) және аударуының тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды. ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 қаулысымен 2-тармақ өзгерді; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар агент ретiнде өздерiнiң орналасқан (тұратын) жерi бойынша салық органдарында есепке алынуға жатады. ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. № 2010; 22.12.01 ж. № 1671; 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара); 2005.06.30. № 659 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын агенттер қызметкерлерге төленетін кірiстен ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейдi және ұстап қалады, және оларды жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. Агенттердің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі - Орталық) қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы туралы растама алуына болады. Агенттің Қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуын растауға арналған өтінішінде: агенттің атауы, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, әлеуметтік жеке коды көрсетіледі. Егер тегі, аты, әкесінің аты өзгерген болса, онда сонымен қатар әлеуметтік жеке код беруге арналған тіркеу кәртішкесіне жазылған бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиіс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, өтінішке тиісті белгі қойылады. Орталық агенттен қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуын растауға арналған өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде агентке осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерде осы шарттың болуы туралы анықтама-растаманы береді. Жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке меншік нотариустар міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды шаруа (фермер) қожалығы мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. Арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын біржолғы талондар сатып алынатын әрбір отыз күнге есептейді және оларды өзінің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. Республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметте, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында 10 жылға жетпейтiн қызмет стажы бар әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн мiндетті зейнетақы жарналарын есептеу және аудару "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды шаруа (фермер) қожалығы мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. Арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын біржолғы талондар сатып алынатын әрбір отыз күнге есептейді және оларды өзінің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды Орталық әлеуметтік төлемдер алушы ұсынған зейнетақы шартының көшірмесі негізінде жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара); 2005.30.06. № 659 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-1-тармақ өзгертілді 3-1. Ұстап қалынған мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына: заңды тұлғалар (заңды тұлғалардан - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерден басқа) және жеке кәсiпкерлер (шағын бизнес субъектiлерi мен шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ адвокаттар мен жеке нотариустар жалдамалы қызметкерлерге төлейтін табысынан - кiрiстер төленген айдан кейiнгi айдың он бесі күнінен кешiктiрмейтiн мерзiмде; жеке кәсiпкерлер (патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi мен шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ адвокаттар мен жеке нотариустар өз пайдасына - есептiден кейiнгi айдың он бесі күнінен кешiктiрмейтiн мерзiмде; заңды тұлғалар - ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлер арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары - Салық кодексiнде көзделген тәртiппен және мерзiмдерде; арнаулы салық режимiн жеңiлдетiлген декларация негiзiнде қолданатын шағын бизнес субъектiлерi - есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесi күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде; арнаулы салық режимiн патент негiзiнде қолданатын жеке кәсiпкерлер, - Салық кодексiнде патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде төлеуге мiндетті; арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар - біржолғы талондар сатып алынған отыз күннен кейінгі он бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде; Орталық - әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірмейтін мерзімде; ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма қол емес төлемдер жасау жолымен агентт жүргізеді. Банктерде шоттары жоқ жеке кәсiпкерлер, адвокаттар, жеке меншік нотариустар мен арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын, оларды кейiннен осы Ереженiң 7-тармағында белгiленген тәртiппен тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшiн банкке қолма-қол ақшамен салады. ҚР Үкіметінің 23.12.99 ж. № 2010 қаулысымен тараудың атауы өзгерді 2. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың мөлшерi мен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың тәртібі ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. № 2010 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 185 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және төлеу мынадай ставкалар бойынша жүзеге асырылады: заңды тұлғалар, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде жұмыс берушi берген кiрiстi қоса алғанда, жұмыс берушi қоса есептеген ақшалай немесе заттай нысандағы ай сайынғы кiрiстiң он пайызы мөлшерiнде. Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кiрiс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерiнен аспауы тиiс; жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке меншік нотариустар өзінің пайдасына - мәлімдейтін кірісінің он пайызы мөлшерінде, бірақ жалақының ең төменгі мөлшерінің кемінде он пайызы және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінің он пайызынан аспайды; арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары шаруа (фермер) қожалығы мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына - жалақының ең төменгі мөлшерінің кемінде он пайызы мөлшерінде және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінің он пайызынан аспайды; арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар өзінің пайдасына - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің он пайызы мөлшерінде; Орталық - еңбек қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің он пайызы мөлшерінде; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының жүз пайыздық мөлшерінің он пайызы мөлшерінде. ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 185 қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 5-1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 5-1. Салық кодексiнiң 144-бабы 1), 3), 8), 10), 11) (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа), 15), 16), 17), 20) 23), 25), 26), 27), 29), 31-1), 34) тармақшаларымен және 316-бабы 1-тармағының 4), 5) тармақшаларымен белгiленген төлемдерден, сондай-ақ егер мүгедектігі мерзімсіз деп белгіленген болса, І және ІІ топтағы мүгедектерге еңбек қабілетінен айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдерден жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды. ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. № 2010 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 қаулысымен 6-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 7-тармақ жаңа редакцияда 7. Міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару Орталыққа жүргізіледі. Орталық міндетті зейнетақы жарналарын міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына аударады. ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Орталықтың шотына келіп түскен күннен бастап үш банктік күн ішінде, МТ-100 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылады. Орталық сонымен бір уақытта Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорлары арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электронды тәсілмен жинақтаушы зейнетақы қорларына агенттерден келіп түскен, МТ-100 форматы төлемінің сомасына сәйкес келетін төлем тапсырмалары тобынан тұратын, олардың пайдасына міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімін жібереді. Салымшының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты және (немесе) МТ-102 форматындағы тізімде көрсетілген тіркелген әлеуметтік жеке коды болмаған кезде және (немесе) салымшының деректемелерінде қателер жіберілген болса, Орталық салымшының міндетті зейнетақы жарналарының сомасын агенттің шотына қайтарады. Орталық күн сайын жинақтаушы зейнетақы қорларына алдыңғы операциялық күні тиісті жинақтаушы зейнетақы қорына жүргізілген төлемдер (сомасы мен салымшылардың саны) туралы үзінді көшірмені ұсынады. ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. № 2010; 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді 9. Заңды тұлға Орталыққа міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде данада қағазға шығарылған төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен тізімінің бірінші данасы банкте қалады, төлем тапсырмасының екінші және үшінші даналары мен тізімнің бір данасы банктің қабылдағаны туралы белгімен агенттке қайтарылады. Агенттiң банкі міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы аударған жағдайда агент банкке агенттiң банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары мен филиалдарының бөлімшелеріне ұсынатын төлем тапсырмасының қағазға шығарылған төртінші данасын және жеке тұлғалар тізімінің үшінші данасын қосымша тапсырады. Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: әлеуметтік дербес кодын, тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жарнаның сомасын және ол үшін міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтуы тиіс. Егер тегі, аты, әкесінің аты өзгерсе, онда жеке тұлғаның әлеуметтік дербес код берілуі үшін тіркеу кәртішкесінде толтырған бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармаған жағдайда аудару жеке тұлғалардың тізімі қоса беріле отырып, форматы МТ-102 төлем тапсырмасын қалыптастыру арқылы әр ай үшін жеке жүргізіледі. Агенттер міндеттi зейнетақы жарналары аударылатын кезеңдi қағазға жасалатын төлем тапсырмаларында "Төлемнiң мақсаты" деген бағанда, ал форматы МТ-102 электронды төлем тапсырмаларында форматта көзделген "ММГГГГ" жеке жиегiнде көрсетедi. ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. № 2010 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671; 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді 10. Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар жинақтаушы зейнетақы қорына өз қызметкерлерiнiң кiрiсiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары сомаларын аударған (банкке қолма-қол енгiзген) кезде төлем құжаттарында Орталықтың деректемелерiн, ал олармен қоса берiлетiн тiзiмдерде қызметкерлерге тағайындалған әлеуметтiк дербес кодтарды, олардың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған айы-күнiн, жарнаның сомасын және мiндеттi зейнетақы жарнасы төленiп отырған кезеңдi (ай, жыл) көрсетуi тиiс. Егер тегi, аты немесе әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, жаңасымен бiр уақытта әлеуметтiк дербес кодты беру үшiн тiркеу кәртiшкесiне енгiзiлген бұрынғы тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар, жеке меншік нотариустар мен арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар өзiнiң пайдасына, оның iшiнде, банктегі банктiк есеп шотының нөмiрiн, зейнетақы шартының нөмiрi мен жасалған күнiн мiндеттi зейнетақы жарналарын банкке аудару немесе төлеу кезiнде төлем құжаттарын өзi туралы ғана мәлiметтердi көрсете отырып толтырады. ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. № 2010 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 қаулысымен 11-тармақ алып тасталды 11. алып тасталды ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді 12. Банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар агенттердiң банктiк шоттарынан есептен шығарылған күнi Орталыққа аударады. Банктердiң Орталыққа ақша аударуы Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде қолданылатын форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тiзiмдерiмен бiрге электронды төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады. Қызметкерлерінің саны елу адамнан астам заңды тұлға осы Ереженің 9-тармағындағы талаптарды орындаудан басқа, банкке жоғарыда көрсетілген форматта электрондық көздегі жеке тұлғалардың тізімімен бірге төлем тапсырмасын ұсынады.
ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-бөлім жаңа редакцияда 3. Салымшылардың (алушылардың), агенттердің және жинақтаушы зейнетақы қорларының міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны аудару кезінде қателер байқалған жағдайдағы іс-әрекеттерінің тәртібі
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. Салымшы (алушы) төленген мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімақының жекелеген сомаларының болмауын байқаса, зейнетақы төлемдерiн немесе жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы деректер алған кезде, тиiстi деректердi алу және жол берiлген қателердi түзету шараларын қабылдау үшiн қате байқағаны және жинақтаушы зейнетақы қорына немесе Орталыққа кез келген уақыттағы аударылған мiндетті зейнетақы жарналары туралы төлем құжаттарының көшiрмесiн және төлем құжаттарына қоса берілген, өзiнiң жеке басына қатысты жеке тұлғалар тiзiмiнiң көшiрмесiн өзiне беруi жөнiнде агентке жазбаша өтiнiш жiбередi. ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Агент заңнамада белгiленген тәртіппен таратылған және тарату процесi аяқталған жағдайда, салымшы (алушы) Орталық мемлекеттік мұрағатқа, ал тарату өндiрiсi барысында тарату комиссиясына өтiнiш жасайды, олар оған құжаттардың расталған көшiрмелерiн бередi. Салымшы (алушы) алған төлем құжаттарының көшiрмелерiн өтiнiшпен қоса жинақтаушы зейнетақы қорына жібередi. ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15. Салымшының (алушының) деректемелерінде міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны аудару кезінде жіберілген қателер байқалған жағдайда салымшы (алушы) қатені түзеу туралы жинақтаушы зейнетақы қорына өтініш береді. Өтінішке агент осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшы (алушы) өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беретін анықтама-растама қоса беріледі. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қолма қол ақшамен жүзеге асыру кезінде анықтама-растаманың орнына банктік түбіртектердің көшірмелері қоса беріледі. Жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынылған құжаттардың негізінде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотының деректемелеріне өзгерістер енгізеді. ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 15-1-тармақпен толықтырылды 15-1. Агент міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді тапқан немесе салымшының (алушының) қателер байқалғаны туралы жазбаша өтінішін алған жағдайда агент қателерді міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімақының бұдан кейінгі аударымдарын реттеу жолымен түзетеді. Қателерді кейінгі аударымдармен түзету мүмкін болмаған кезде агент қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтару туралы Орталыққа өтініш береді, ол әрбір салымшы (алушы) бойынша жеке ресімделеді. Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтару туралы өтінішке өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы салымшының (алушының) өтініші қоса беріледі. ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16. Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтаруға берілген өтініште: агенттің атауы мен деректемелері, (салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК)), қайтару себебі, қате жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні мен сомасы), сондай-ақ жеке зейнетақы шотынан қайтару мен қайтаруға жататын жеке сомалар жүргізілетін салымшының деректемелері көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиіс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға берілген өтінішке тиісті белгі қойылады. ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 16-1-тармақпен толықтырылды 16-1. Орталық агенттердің немесе банктердің өтініштерін қоса берілген құжаттарымен бірге үш банктік күн ішінде тиісті жинақтаушы зейнетақы қорларына тіркелетін почталық жөнелтілімдермен жібереді. ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17. Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны Орталыққа қайтаруды жинақтаушы зейнетақы қоры тиісті өтініштерді алған күннен бастап он банктік күн ішінде жүргізеді. 18. Агентке қызмет көрсетуші банк электронды төлем тапсырмаларын осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес ресiмдеу кезiнде қате жiберген жағдайда, банк "Төлемдер мен ақша аударымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жiберiлген қателердi реттеу жөнiнде шаралар қабылдайды. ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 19. Қызмет көрсететiн банктiң кiнәсiнен қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімақының сомаларын қайтаруға арналған өтiнiште: салық төлеушiнiң атауы мен тiркеу нөмiрi (СТН), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), банктiк сәйкестендiру коды (БСК), төлем құжаттарының көшiрмелерi, өткiзiлген күнi мен қайтару себебi көрсетiледi. Өтiнiш басшының, бас бухгалтердiң қолы қойылған және мөртаңбамен расталған болуы тиiс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға берілген өтінішке тиісті белгі қойылады. ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 20. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімақының сомаларын Орталықтың банктiк шоты арқылы, жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды жүргiзедi, төлемнiң тағайындау коды "032". 21. ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) |