«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың
2007-2015 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі № 895 Қаулысы
(2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Мүдделі министрліктер, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі және ұйымдар:
1) Бағдарламаны тиісінше және уақтылы орындауды қамтамасыз етсін;
2) жарты жылда бір рет, есептіден кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалуы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2009.19.06. № 950 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 895 қаулысымен
бекітілген
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың
2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Саланың қазіргі заманғы жай-күйін талдау
3.1. Мақта өндіру, тоқыма өнеркәсібінің шикізаттық әлеуеті
3.2. Мақта талшығын өндіру және тұтыну
3.3. Қазақстанның тоқыма саласының өнеркәсіптік әлеуеті
3.4. Иірімжіпті өндіру
3.5. Мақта-мата өндіру
3.6. Маталарды өңдеу
3.7. Дайын тоқыма бұйымдарын өндіру
3.8. Оңтүстік Қазақстан облысының тоқыма өндірісі
3.9. Өндірістік шарттар
3.10. Жібек маталар мен оның негізіндегі бұйымдар өндірісі
3.10.1. Жібек өндірісіне арналған шикізат әлеуеті
3.10.2. Қазақстандағы салалардың жай-күйі
3.11. Матадан жасалмаған тоқыма материалдары мен олардан жасалған бұйымдар өндірісі
3.11.1. Техникалық тоқыманың жіктемесі туралы. Техникалық маталар мен матадан жасалмаған материалдар
3.12. Кілемдер, кілем бұйымдары мен гобелендер өндірісі
3.12.1. Кілем өндірісі. Кілем өнеркәсібінің шикізат әлеуеті
3.12.2. Кілем бұйымдарын өндіру және тұтыну
3.12.3. Қазақстанның кілем саласының өнеркәсіптік әлеуеті
3.13. Мақта целлюлозасы мен мақта шикізатынан жасалған оның туындылары және жоғары сапалы қағаз өндірісі
3.13.1. Қағаз өндірісі. Шикізат әлеуеті
3.13.2. Қағазды өндіру және тұтыну
3.13.3. Қазақстан қағаз саласының өнеркәсіптік әлеуеті
3.13.4. Сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз және картон өндірісі
3.13.5. Өндірістік шарттар
3.14. Былғарыдан жасалған бұйымдар өндірісі
3.14.1. Шикізат базасы
3.14.2. Былғарыны өндіру және тұтыну
3.14.3. Қазақстан былғары саласының өнеркәсіптік әлеуеті
3.15. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мен дамытуды SWOT талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетіктері
5.1. Бірінші кезең (2007 - 2009 жылдар) - «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын салу
5.1.1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамыту
5.1.2. Коммуникациялық инфрақұрылымды салу және қайта жаңарту
5.1.3. Ықтимал инвесторлардың «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктері және басымдықтарымен танысуына бағытталған тұсаукесер және өзге де жарнама іс-шараларын өткізу
5.2. Екінші кезең (2010 - 2012 жылдар) - «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында кәсіпорындар салу және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының ықпалдасқан сервистік-технологиялық орталығын құру
5.2.1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына жауап беретін инвестициялық жобаларды іріктеу
5.2.2. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында кәсіпорындар салу
5.2.3. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының ықпалдасқан сервистік-технологиялық орталығын құру
5.3. Үшінші кезең (2013 - 2015 жылдар) - өндірістерді кеңейту және одан әрі дамыту, тоқыма өнімінің әлемдік нарыққа шығуы
5.3.1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында өндірілген тоқыма тауарларын әлемдік тауар нарықтарына жылжытуға жәрдемдесу
5.3.2. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында тоқыма кәсіпорындарын қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыру
5.3.3. Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
8. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
8.1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
8.2. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың 2007 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы | «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме | «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығы; «Экономикалық басым секторларында пилоттық кластерлерді құру мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 770 қаулысы |
Әзірлеуші | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі |
Мақсаты | Тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруіне алғы шарттар жасауға мүмкіндік беру |
Міндеттері | Тоқыма кәсіпорындарының аумақта ресурстарды (электр энергиясы, газ, су) тиімді пайдалануға ықпал ететін жеткізу инженерлік желілерін салу; коммуникациялық инфрақұрылымдарды (автомобиль жолдарын, темір жолды, телефон желілерін) салу, қайта жаңарту; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктері мен басымдықтарын ықтимал инвесторларға таныстыруға бағытталған тұсау кесер және өзге де жарнамалық іс-шаралар жүргізу; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына жауап беретін инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдерін қалыптастыру; тігінен біріктірілген, жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған өндірістер құрылысын қамтамасыз ету; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында өндірілген тоқыма тауарларын әлемдік тауар нарықтарына жылжытуға жәрдемдесу; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында тоқыма кәсіпорындарын қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыру; кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру |
Іске асыру мерзімі | Бірінші кезең: 2007- 2009 жылдар; Екінші кезең: 2010 - 2012 жылдар; Үшінші кезең: 201- 2015 жылдар |
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері | Бірінші кезең (2007 - 2009 жылдар). 2007 жылдан бастап 2008 жылды қоса алғандағы кезеңде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын салу республикалық бюджеттің есебінен жоспарланып отыр, шығындардың жалпы сомасы 7 068,023 млн. теңге: 2007 жылғы объектілердің жалпы сомасы 2 970,546 млн.теңге; 2008 жылғы объектілердің жалпы сомасы 1 992,936 млн. теңге. 2009 жылғы объектілердің жалпы сомасы 2 104,541 млн. теңге. Екінші кезең (2010 - 2012 жылдар). Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорнын салуға шетелдік және отандық инвесторлардың салған инвестицияларының болжамды сомасы 65 миллиард теңгені құрайды. Сол сияқты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаражаты мен Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінің қаражаты қолданылатын болады. Үшінші кезең (2013 - 2015 жылдар) Маркетингтік шығыстарға бірінші кезекте инвесторлардың жеке қаражаты жұмсалады, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ аумағындағы кәсіпорындарды қолдауға бағытталған іс-шараларды жүргізуге «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаражаты мен Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінің қаражаты қолданылады. Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті бюджет қаражатының көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады. |
Күтілетін нәтижелер | Бірінші кезеңде (2007 - 2009 жылдар кезеңі) мыналар: осы мақсаттарға республикалық бюджеттен бөлінген 7 068,023 млн. теңгені игере отырып, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының заманға сай инфрақұрылымының құрылысын аяқталады; тоқыма өнеркәсібін дамытуға инвестиция салуға ниеттенген отандық және шетелдік компаниялар тартылатын болады. Екінші кезеңде (2010 - 2012 жылдар) мыналар: 15 тоқыма саласы кәсіпорынының құрылысын аяқтауға шамамен 65 млрд. теңге сомасында отандық және шетелдік инвестициялар тарту; шамамен 11 мың жаңа жұмыс орнын құру; мақта талшығының жыл сайын 100 мың тоннаға дейін импортын ескере отырып, мақта талшығының ішкі тұтыну көлемін арттыру; мақта егу алаңын 90 мың га-ға арттыру; өндірістің жалпы көлемінің 30 %-ына дейін ішкі нарықта мақта талшығын тұтыну үлесін арттыру күтіліп отыр. Үшінші кезеңде (2013 - 2015 жылдар аралығында) мыналар күтілуде: Қазақстанның тоқыма өнеркәсібін әлемдік нарыққа біріктіру; «Қазақстан тоқымасы» сауда маркасын (бренд) құру және жылжыту. |
2. Кіріспе
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығымен құрылды және Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-мата иірімжіптері мен мата өндірісі жөніндегі пилоттық кластерінің жүйе құраушы компоненті болып табылады. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - «Оңтүстік» АЭА) өңір және тұтастай алғанда Қазақстан үшін перспективалы тоқыма секторына инвесторларды тарту үшін құрылды.
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме жоғарыда аталған Жарлық және «Экономикалық басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы болып табылады.
Тоқыма жабдығын тиісінше жаңғыртқан кезде Қазақстанның халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін өнім шығаратын жағдайда. Осы мақсатқа жету үшін тоқыма өнеркәсібін дамытуда мүлдем жаңа көзқарас қажет. Әлемдік тоқыма өнеркәсібі өндірістің сапа жағынан өзге деңгейіне ауысуына байланысты отандық тоқыма өнеркәсібін жаңарту емес, озық технологияларды енгізе отырып, қайта құру қажеттілігі туындайды.
Тоқыма өнеркәсібі капиталды қажетсінетін, ал тоқыма жабдығы - ең қымбат тұратын құралдардың бірі болып табылады. Өзінің ерекшелігіне қарай салынып жатқан тоқыма кәсіпорны инвестициялар салғаннан кейін бесінші жылы ғана жобалық қуатқа шығатынына орай, неғұрлым ұзақ кезеңге, бұл жағдайда 2030 жылға дейін жеңілдікті шаралар қажет.
Оңтүстік Қазақстан облысында (бұдан әрі - ОҚО) «Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымын дамыту және құру үшін Сайрам ауданында орналасқан алаңы 200 га жер учаскесі бөлінген. Таңдалған жергілікті жердің қасынан темір жол, ЛЭП ВЛ-220 желісі, бес километрде жоғары қысымды газ құбыры өтеді. «Оңтүстік» АЭА атқарушы органы ОҚО әкімдігі құрған «Оңтүстік» АЭА дирекциясы» мемлекеттік мекемесі болып табылады. Оңтүстік Қазақстан тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат болып табылатын мақта өсетін Қазақстанның жалғыз өңірі болып табылады. Табиғи-климаттық жағдайларға ыңғайлы мақтаның рентабельділігі егіс алаңдарын кеңейтуге және шығымын арттыруға ынталандырады.
Шетел инвестицияларын тарту «Оңтүстік» АЭА-ны дамыту бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады, мұнда отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін жеңілдікті шаралар құрылады.
Бағдарлама халықаралық тоқыма нарығының өзгергіштігін ескере отырып, инвестициялық ұсыныстарды, инфрақұрылымның дамуын, отандық компаниялар мен шетелдік инвесторларға рұқсат берген кезде басымдықтарын анықтауды және бағалау өлшемдерін бағалауда стратегиялық көзқарасты анықтайды.
3. Саланың қазіргі заманғы жай-күйін талдау
3.1. Мақта өндіру, тоқыма өнеркәсібінің шикізаттық әлеуеті
Қазақстанда мақта Оңтүстік Қазақстан облысында ғана өсіріледі, өйткені мұнда ғана оны өңдеу үшін қажетті климаттық жағдай бар: күн сәулесінің көптігі, құнарлы суармалы жердің, сондай-ақ ағын су мен еңбек ресурстарының болуы. Мақта өндіру рентабельділігі кейбір басқа дақылдарға қарағанда жоғары екендігін ескеру қажет.
Егер соңғы 14 жылда ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егін алаңдарының төмендеу үрдісі болса, ал мақтаға қатысты керісінше жағдай байқалып отыр, олардың алаңы 1991 жылдан басталған кезең ішінде 116 мың га көрсеткіштен 80 %-ға ұлғайып (88 мың га), 2005 жылғы жағдай бойынша 204 мың га құрады.
Мақта облыстың 15 ауданы мен қалаларының ішінен 8 ауданында және 2 қаласында өсіріледі. Мақтаның негізгі алаңдары ОҚО-ның Мақтаарал ауданында орналасқан, оның үлесіне жалпы облыстық егістердің 65-тен 75 %-ға дейін тиесілі, мұнда су ресурстарымен қамтамасыз етілуі неғұрлым жоғары, мақта өсірудегі табиғи жағдайлар неғұрлым жоғары, мақта тазалау зауыттарының шоғырлануы жоғары, мақта егуге берілген алаң 2005 жылғы жағдай бойынша 117,8 мың га құрады.
2005 жылы облыста шитті-мақта өнімін жалпы жинау 23,1 ц/га орташа шығымдылық кезінде 464 мың тоннаны құрады, бұл 2004 жылғы 466 мың тонна көрсеткішке ауытқиды және жалпы жинау 2003 жыл бойынша 360 мың тонна болып, 104 мың тоннаға артады. Тұтастай алғанда 2000 жылдан бастап 2005 жылға дейінгі кезеңі ішінде шитті-мақтаны жалпы жинау көлемі өсу үрдісін сақтады, жалпы жинау көрсеткіштері 2000 жылы - 287 мың тоннаны, 2001 жылы - 402 мың тоннаны, 2002 жылы - 416 мың тоннаны, 2003 жылы - 360 мың тоннаны, 2004 жылы - 466 мың тоннаны, 2005 жылы - 464 мың тоннаны құрады.
Мақтаның шығымдылығына көптеген факторлар әсер етеді, олар: топырақтық-климаттық жағдайлар; ұтымды су режимі; өсімдіктердің жұқпалы ауруларымен, арам шептермен және зиянкестермен күресу құралдарының пайдаланылатын тетіктері; жүргізілетін суару жұмыстарының кешені және сапасы; минералдық қорек деңгейі, еселігі және теңгерімдігі; пайдаланылатын агрохимиялық тәсілдер; топырақты өңдеу, жинау және жинаудан кейін жаңарту технологиясының негізгі талаптарын сақтау.
Өсімдік шаруашылығының жалпы өнім көлемінде шитті-мақта 50 пайыздан астамын құрайды. Қазақстанда мақтаның біршама тез пісетін сұрыптары өндіріледі, олар: «С-4727», «С-6524», «Юлдуз». Сол сияқты «Мақтаарал-3044» пен «Мақтаарал-3031» жаңа сұрыптары аудандастырылған және енгізілген. Осы сұрыптардың тұқымдарынан түсетін шығым 36 %-ға жетеді, қорапшаның массасы 6,5 - 6,8 грамм. Облыста мақтаның асыл тұқымды шаруашылығымен 6 қожалық айналысады.
Қазақстанда алынатын мақта орташа талшықты мақта талшығы түрлеріне жатады. Жалпы шитті-мақта жинаудың 80 %-ы шаруа қожалықтарына тиесілі. Мақта талшығынан басқа, тұқым (май, шрот, қабық алынады), линт, мақта мамығы шитті-мақтаны қайта өңдеу өнімдері болып табылады. Мақтаның сабақтары мен жармалары отын ретінде пайдаланылады. Мақта-тоқыма секторының ілеспелі салаларын май шығарғыш, целлюлозалық, азық-түлік, құрама жем және өзге де өнеркәсіп субъектілері ұсынуы мүмкін.
Сол сияқты шикізат базасын кеңейтудің аса маңызды факторы Қызылқұм алқабы алаңдарын мақта егуге бейімдеу болып табылады, шамамен 90 мың га жерді игеру ұйғарылып отыр.
3.2. Мақта талшығын өндіру және тұтыну
ОҚО-да мақта талшығын өндіретін 21 зауыт бар, зауыттардың қайта өңдеу жиынтық жобалық қуаты 770 мың тонна шитті-мақтаны құрайды, олардың 12-сі ОҚО-ның негізгі мақта өңірі - Мақтаарал ауданында, қалғандары - Шымкент, Түркістан қалаларында, Шардара, Сарыағаш, Ордабасы және Отырар аудандарында орналасқан. Орташа жылдық қуаттылығын пайдалану 40 - 45 мың тонна шитті-мақтаға жетеді. Мақта зауыттарының қуаттылықтары 60 %-ға ғана жүктелген, бұл шикізат базасын кеңейткен кезде қосымша қайта өңдеу қуаттылықтарын салмастан мақта өндірісі көлемін өсіруге мүмкіндік береді.
Ішкі нарықтағы баға мақтаның әлемдік нарықтағы баға жағдаятына байланысты, мақтаға әлемдік бағаның барометрі Cotton Outlook LТD агенттігі (Ұлыбритания, Ливерпуль) жариялайтын индекс бағаламасы болып табылады. Өнім жинауды жүзеге асырған немесе оған дейінгі кезеңде индекс бағаламасының ауытқуы ішкі нарықта мақтаның нарықтық бағасына әсер етеді.
Шитті-мақтаны қайта өңдеу процесінде джинирлеу (мақтаны тазалау) және грединг (талшықты сорттау және бағалау) жүзеге асырылады. Джинирлеу және грединг процестерінің бүгінгі жағдайы өңдеудің жеткіліксіз деңгейін көрсетеді. Кәсіпорындар пайдаланатын жабдықтар тұрақты техникалық қолдауды талап етеді (көбісі 1970 - 1980 жылдары салынған). Мақта өндіру өнімділігі мен жылдамдығы төмен. Грединг талшық мақта өндірісінде негізгілердің бірі болып табылады, өйткені бұл процесті жүргізген кезде мақтаның сапасын (ұзындығы, салмағы, тығыздығы, талшықтың түсі және қоқыстың болуы және қысқа талшықты) және тиісінше оның бағасын бағалау жүзеге асады. Мақта саласын дамыту үшін грединг процесінің стандарттарын, оның әлемдік нарықта бәсекелесу қабілетін арттыру қажеттілігі туындайды, бұл сапасы бойынша талшық мақта сапасын бағалау жөнінде қазіргі заманғы техникамен жарақталған заманауи зертханалар желісін салу қажеттігімен шарттасады.
Қазақстанның мақта талшығын әлемдік өндіру көлеміндегі үлесі 2003 жылғы жағдай бойынша жалпы әлемдік өндірістің 20,5 млн. тоннасынан 0,65 %-ды, 2005 жылғы жағдай бойынша Қазақстанның мақта талшығын әлемдік өндіру көлеміндегі үлесі 0,75 %-ға дейін құрады.
Талшықты әлемдік тұтыну көлемінің өсуі екі негізгі фактормен: әлемдік экономиканың өсуімен және халықтың өсуімен анықталады.
Талшықты түрлері бойынша тұтынуын талдау кезінде оның екі негізгі түрінің басымдығы көрінеді: талшық мақта және синтетикалық талшық. Түкті целлюлозды талшықтарды тұтыну өзгерген жоқ, болашақта да негізінен мақта мен синтетиканың бағаларымен салыстырғанда бағаның жоғары деңгейі себепті өсуі күтілмейді.
Сол сияқты мұнайға әлемдік бағаның өсуіне байланысты синтетикалық талшықтарды өндіру үшін шикізат та үздіксіз қымбаттайтын болады, бұл талшық мақтаның бәсекелестік басымдықтарының өсуіне және талшық мақта мен талшықты тұтынудың жалпы салмағындағы оның үлестерінің өсуіне әкеп соқтырады.
Мақта талшығы облыс экономикасының негізгі экспорттық өнімі болып табылады. Облыстың экспортында мақта талшығының үлесі жылдан жылға артып, соңғы жылдардың қорытындылары бойынша 45 - 49 %-ды құрады. Мақта талшығын жиналған орнында өңдеу мен түпкілікті өнімді алған кезде экономика тиімдірек болады.
2005 жылғы бағалармен есептегенде:
1) 330 тонна тазартылмаған мақтадан 100 тонна мақта талшығы алынады, 100 тонна мақта талшығының құны 120 мың АҚШ долларын құрайды;
2) 100 тонна мақта талшығынан 90 тонна кардалық иірімжіп алынады, 90 тонна иірімжіптің құны 211 мың АҚШ долларын құрайды;
3) 90 тонна кардалық иірімжіптен 600 мың м2 мата алынады, 600 мың м2 матаның құны (текше метрінің өлшемі 1 х 1,4 болған кезде) 634 мың АҚШ долларын құрайды;
4) 600 мың м2 матадан 170 мың тігін өнімі алынады, 170 мың тігін өнімінің құны 952 мың АҚШ долларын құрайды.
3.3. Қазақстанның тоқыма саласының өнеркәсіптік әлеуеті
Қазақстан Республикасының тоқыма өнеркәсібі табиғи және синтетикалық талшықтарды иірімжіп пен матаға қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың тобын білдіреді. Қазақстан Республикасы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес тоқыма өндірісі экономикалық қызметтің 7 түрімен және 20 кіші түрімен ұсынылуы тиіс. Саланың құлдырауына байланысты көптеген өндірістік бағыттар жұмысын тоқтатып, жабылды. Мысалға, тігін жіптерді шығару, талшықтар мен иірімжіптерді бояу, маталарды ағарту, баспасуреттеу мен өңдеу, трикотаж жаймасын өндіру және басқалары сияқты қызмет бағыттары жоқ.
Қазақстан Республикасының тоқыма, трикотаж және былғары
өнеркәсібі саласындағы экономикалық қызмет түрлері
Экономикалық қызмет түрі | Экономикалық қызметтің кіші түрі | Өндірістің жағдайы |
Өндіріс бар | Өндіріс жоқ |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Иіру, тігу және өңдеу өндірісі | 1.1. Бөлшектеп сату үшін өлшеніп оралмаған, жібек иірімжіп және жібек қалдықтарынан иірілген иірімжіп | Бөлшектеп сату үшін өлшеніп оралмаған, жібек иірімжіп және жібек қалдықтарынан иірілген иірімжіп | | + |
1.2. Бөлшектеп сату үшін өлшеніп оралған немесе өлшеніп оралмаған жүннен иірілген иірімжіп; жануарлардың жұқа немесе қатты қылынан немесе жылқының қылынан жасалған иірімжіп | Бөлшектеп сату үшін өлшеніп оралған немесе өлшеніп оралмаған жүннен иірілген иірімжіп; жануарлардың жұқа немесе қатты қылынан немесе жылқының қылынан жасалған иірімжіп | | + |
1.3. Бөлшектеп сату үшін өлшеніп оралмаған, тарақпен таралған немесе таралмаған талшықтардан жасалған, мақта-мата иірімжіп; мақта-мата тігін жіптері | Мақта-мата тігін жіптері | | + |
1.4. Мақтадан басқа (зығыр, кендір, кокос талшықтарын, қарапайым сораны қоса алғанда), өсімдіктен алынған тоқыма талшықтардан иірілген иірімжіп; қағаз иірімжіп | Бөлшектеп сату үшін өлшеніп оралмаған, зығырдан иірілген иірімжіп | | + |
Кендірден немесе өзге де қабықтың тоқыма талшығынан жасалған иірімжіп, өзге де өсімдіктен алынған тоқыма талшықтардан жасалған иірімжіп және қағаз иірімжіп | | + |
1.5. Тоқыма иірімжіп және химиялық немесе штапель талшықтарынан жасалған жіптер | Бірнеше рет немесе бір рет ширатылған (тігін жіптерден, полиамидті, полиэфирлі немесе вискозды беріктігі жоғары жіптерден басқа) бөлшектеп сату үшін өлшеніп оралмаған жасанды талшықтардан жасалған жіптер; өлшеніп оралған жасанды талшықтардан жасалған жіптер (тігін жіптерден басқа) | | + |
Осындай талшықтардың салмағы бойынша кемінде 85 %-ды құрайтын, тігін жіптерден басқа, синтетикалық штапель талшықтарына жасалған иірімжіп | | + |
Осындай талшықтардың салмағы бойынша кемінде 85 %-ды құрайтын, тігін жіптерден басқа синтетикалық штапель талшықтарына жасалған иірімжіп | | + |
Бөлшектеп сату үшін өлшеніп оралмаған, тігін жіптерден басқа, жасанды штапель талшықтарына жасалған иірімжіп | | + |
Жасанды және синтетикалық талшықтардан және жіптерден жасалған тігін жіптері мен иірімжіп | | + |
Тоқыма иірімжібін және жіптерді жасау саласындағы қызметтер | + | |
2. Тоқыма бұйымдарын шығару | 2.1. Мақтадан басқа, табиғи талшықтардан жасалған маталар (арнайы маталардан басқа) | Жібектен немесе жібек қалдықтарына жасалған маталар | | + |
Кардо таралған немесе тарақпен таралған жүннен жасалған немесе малдың қатты қылынан не жылқы қылынан жасалған маталар | | + |
Зығырдан жасалған маталар | | + |
Кендірден және өзге де (зығырдан, қарапайым кендірден және рамадан басқа) өсімдік талшығынан алынған тоқыма талшықтардан жасалған маталар | + | |
Өзге де өсімдіктен алынған тоқыма талшықтардан жасалған маталар; қағаз иірімжіптен жасалған маталар | | + |
2.2. Мақта маталар | Мақта маталар | + | |
2.3. Жасанды және штапель талшықтарынан жасалған маталар (арнайы маталардан басқа) | Синтетикалық және жасанды кешенді жіптерден жасалған маталар | | + |
Синтетикалық штапель талшықтарынан жасалған маталар | | + |
Жасанды штапель талшықтарынан жасалған маталар | | + |
2.4. Бүрлі маталар, түкті маталар және өзге де арнайы маталар | Бүрлі маталар және шашақты маталар (түкті маталардан және енсіз маталардан басқа) | + | |
Сүлгілік түкті маталар және мақтадан жасалған ұқсас түкті маталар (енсіз маталардан басқа) | + | |
Сүлгілік түкті маталар және өзге де ұқсас түкті маталар (енсіз маталардан басқа) | + | |
Дәке (енсіз маталардан басқа) | + | |
2.5. Маталар өнеркәсібі саласындағы қызметтер | + | |
3. Дайын тоқыма бұйымдарын шығару | 3.1. Тоқыманы өңдеу жөніндегі қызметтер | Талшықтар мен иірімжіптерді ағарту, бояу жөніндегі қызметтер | + | |
Маталарды және тоқыма бұйымдарын (киімді қоса алғанда) ағарту жөніндегі қызметтер | + | |
Маталарды және тоқыма бұйымдарын (киімді қоса алғанда) бояу жөніндегі қызметтер | + | |
Маталарды және тоқыма бұйымдарын (киімді қоса алғанда) өрнектеу жөніндегі қызметтер | + | |
Маталарды және тоқыма бұйымдарын (киімді қоса алғанда) өңдеу жөніндегі қызметтер | + | |
4. Трикотаж жайма тігу | 4.1. Трикотаж және тоқылған маталар | Машинамен немесе қолмен тоқылатын қылшықты трикотаж жайма | | + |
Жасанды үлбірді қоса алғанда, машинамен немесе қолмен тоқылатын өзге де трикотаж жайма | | + |
4.2. Машинамен немесе қолмен тоқылатын трикотаж жайма тігу саласындағы қызметтер | | + |
5. Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын тігу | 5.1. Үй шаруашылығына арналған киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдары | Жолға арналған көрпелер (электр көрпелерден басқа) мен жапқыштар | + | |
Төсек-орындар | + | |
Асханалық жаймалар | | + |
Дәретханаға төсеніштер мен ас үй жаймалары | | + |
Интерьерге арналған портьерлерді қоса алғанда, перделер; керуетке арналған шымылдықтар мен шашақты әдіптер; | | + |
Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де жиһаздық-сән бұйымдары; маталардың жинақтары және жапқыштарды, драптан тігілген маталарды және т.б. дайындауға арналған иірімжіптер | | + |
| 5.2. Өзге де дайын тоқыма бұйымдары | Буып-түйетін қаптар мен пакеттер | | + |
Қайықтарға, желкенді қайықтарға немесе десантты жүзетін құралдарға арналған брезенттер, желкендер; кемпингтерге арналған төбелік қалқалар, маркизалар, тенттер мен жабдықтар (үрленетін матрастарды қоса алғанда) | | + |
Парашюттер (дирижабльдерге арналған парашюттерді қоса алғанда) және айналмалы парашюттер (ротошюттер) олардың бөлшектері | | + |
Сырылған көрпелер, мамық көрпелер, диван жастықтары, пуфтар, жастықтар, ұйықтауға арналған қаптар және кез келген материалдан немесе жұмсақ резеңкеден немесе кеуекті (жұмсақ) пластмассадан толтырылған ұқсас бұйымдар | | + |
Едендерді, ыдыстарды жууға, шаң сүртуге арналған шүберектерді қоса алғанда, өзге де дайын тоқыма бұйымдары мен тазалауға арналған өзге де керек-жарақтар, құтқару күртелері және белдіктері | | + |
| 5.3. Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын тігу саласындағы қызметтер | | + |
6. Кілемдер мен кілем бұйымдарын тігу | 6.1. Кілемдер мен кілем бұйымдары | Кілемдер және өзге де еденге төсейтін түйіншекті тоқыма төсеніштер | + | |
Кілемдер және өзге де матадан жасалған, еденге төсейтін тафтингтелмеген және флокталмаған тоқыма төсеніштер | + | |
Кілемдер және өзге де тафтингті, еденге төсейтін тоқыма төсеніштер | + | |
Кілемдер және киізді қоса алғанда, өзге де еденге төсейтін тоқыма төсеніштер | | + |
6.2. Кілемдер мен кілем бұйымдарын тігу саласындағы қызметтер | + | |
7. Арқандар, шынжыр арқандар, жіңішке арқандар, баулар, пілтелер жасау және ау тоқу | 7.1. Қалдықтардан басқа, шынжыр арқанды-арқанды бұйымдар, тростар, шынжыр арқандар, шпагат және аулар | Өсімдіктен алынған тоқыма талшықтардан жасалған шынжыр арқанды-арқанды бұйымдар, шынжыр арқандар, тростар мен шпагат | | + |
Шпагаттан, шынжыр арқандардан, шынжырдан немесе тростардан өрілген торлар, тоқыма материалдардан тігілген дайын торлар; басқа топтамаларға енгізілмеген иірімжіптен, лентадан жасалған бұйымдар | | + |
7.2. Шынжыр арқанды-арқанды бұйымдарды, тростарды, шынжыр арқандарды, шпагаттарды және торларды жасау саласындағы қызметтер | | + |
8. Киімді қоспағанда, матадан жасалмаған бұйымдар жасау | 8.1. Матадан жасалмаған материалдар және киімнен басқа, мата емес материалдардан жасалған бұйымдар | | + |
8.2. Матадан жасалмаған материалдар және киімнен басқа, матадан жасалмаған материалдардан жасалған бұйымдар жасау саласындағы қызметтер | | + |
9. Басқа санаттарға кірмеген өзге де тоқыма бұйымдарын жасау | 9.1. Тюль, шілтер және кестелер; гипюр иірімжіп пен жолақтар; шашақты иірімжіп; ілмекті пішімді иірімжіп | Тюль және маталардан басқа, өзге де тор маталар, машинамен немесе қолмен тоқылған тоқыма жайма; жолақ немесе шілтерлі әшекейлер нысанындағы кесек шілтерлер | | + |
Кесектегі, лентадағы немесе жекелеген кесте түріндегі кестелер | | + |
Фетр және киіз, оның ішінде боялған, сіңдірілген немесе ламинантталған | | + |
Ұзындығы 5 мм-ден аспайтын тоқыма талшық (түбіт); тоқыма тозаңы; | | + |
Гипюрлі иірімжіп пен жолақтар; шашақты иірімжіп; ілмекті үлгі иірімжіп | | + |
10. Былғарыдан киім тігу | 10.1. Былғарыдан немесе құрақ былғарыдан тігілген киім | | + |
10.2. Былғары киімдер тігу саласындағы қызметтер | | + |
11. Арнайы киімдерді тігу | 11.1. Ерлердің жұмыс киімі | Ерлерге немесе ұл балаларға арналған жиынтықтар, күртелер және жұмыс пиджактар | + | |
Ерлерге немесе ұл балаларға арналған шалбарлар кеудешелері және баулары бар комбинезондар, жұмыс бриджилер | + | |
11.2. Әйелдердің жұмыс киімі | Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған жинақтар, күртелер және жұмыс пиджактар | + | |
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған шалбарлар, кеудешелер және баулары бар комбинезондар, жұмыс бриджилер | + | |
11.3. Өзге де жұмыс киім | + | |
11.4. Жұмыс киімін тігу саласындағы қызметтер | + | |
12. Сырт киімді тігу | 12.1. Машинамен немесе қолмен тоқылған тоқыма сырт киім | Ерлерге немесе ұл балаларға арналған пальтолар, плащтар, капюшоны бар плащтар, жылы күртелер (шаңғы тебуге арналғандарды қоса алғанда), жұқа күртелер, қалың күртелер және ұқсас трикотаж бұйымдар | | + |
Ерлерге немесе ұл балаларға арналған трикотаж костюмдер, жинақтар, пенжектер, шалбарлар, кеудешелері және баулары бар комбинезондар, бриджилер мен шорттар (суға түсетіндерден басқа) | + | |
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған пальтолар, плащтар, капюшоны бар плащтар, жылы күртелер (шаңғы тебуге арналғандарды қоса алғанда), трикотаж жұқа күртелер, қалың күртелер | | + |
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаж костюмдер, жинақтар, жакеттер, блейзерлер, көйлектер, юбкалар, шалбар-юбкалар, шалбарлар, кеудешелері және баулары бар комбинезондар, бриджилер мен шорттар (суға түсетіндерден басқа) | | |
| 12.2. Ерлерге немесе ұл балаларға арналған трикотаждан басқа, өзге де сырт киім | Ерлерге немесе ұл балаларға арналған пальтолар, плащтар, капюшоны бар плащтар, жылы күртелер (шаңғы тебуге арналғандарды қоса алғанда), жұқа күртелер, жылы күртелер және трикотаждан басқа ұқсас бұйымдар | | + |
Ерлерге немесе ұл балаларға арналған, трикотаждан басқа, костюмдер және жинақтар | + | |
Ерлерге немесе ұл балаларға арналған, трикотаждан басқа пиджактар және блейзерлер, жакеттер, пиджактар түріндегі күртелер | | + |
Ерлерге немесе ұл балаларға арналған, трикотаждан басқа, шалбарлар, кеудешелер және баулары бар комбинезондар, бриджилер және шорттар (суға түсетіндерден басқа) | | + |
| 12.3. Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаждан басқа, өзге де сырт киім | Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған пальтолар, плащтар, капюшоны бар плащтар, жылы күртелер (шаңғы тебуге арналғандарды қоса алғанда), жұқа күртелер, жылы күртелер және трикотаждан басқа ұқсас бұйымдар | | + |
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаждан басқа, костюмдер және жинақтар | + | |
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаждан басқа, жакеттер және блейзерлер, пиджактар, пиджак тәрізді күртелер | | + |
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаждан басқа, көйлектер, юбкалар, шалбар-юбкалар | | + |
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған шалбарлар, кеудешелері және баулары бар комбинезондар, бриджилер мен шорттар (суға түсуге арналған киімдерден басқа) | | + |
12.4. Сырт киімдерді тігу саласындағы қызметтер | | |
13. Іш киім тігу | 13.1. Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотажды іш киім | Ерлерге немесе ұл балаларға арналған трикотаж көйлектер және жейделер | | + |
Ерлерге немесе ұл балаларға арналған кальсондар, трусилер, түнгі жейделер, пижамалар, халаттар және ұқсас бұйымдар | | + |
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған, машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж блузкалар, көйлектер және батниктер | | + |
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаж комбинациялар, ішкі юбкалар, трусилер, дамбалдар, түнгі жейделер, пижамалар, пеньюарлар, халаттар және ұқсас бұйымдар | | + |
13.2. Трикотаждан басқа өзге де іш киімдер | Ерлерге немесе ұл балаларға арналған трикотаждан басқа көйлектер және жейделер | | + |
Ерлерге немесе ұл балаларға арналған трикотаждан басқа, майкалар және өзге де ішінен киетін фуфайкалар, трусилер, кальсондар, түнгі жейделер, пижамалар, халаттар және ұқсас бұйымдар | | + |
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаждан басқа, блузкалар, көйлектер және батниктер | | + |
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаждан басқа, майкалар және өзге де ішінен киетін фуфайкалар, комбинациялар, ішкі юбкалар, трусилер, дамбалдар, түнгі жейделер, пижамалар, халаттар және ұқсас бұйымдар | | + |
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаж немесе трикотаж емес бюстгальтерлер, корсеттер, белдіктер, аспа баулар, байлам жіптер және ұқсас бұйымдар және олардың бөліктері | | + |
13.3. Трикотаж теннискалар, шортысы бар майкалар, фуфайкалар және ұқсас бұйымдар | | + |
13.4. Іш киімдер тігу саласындағы қызметтер | | + |
14. Киімдердің және аксессуарлардың өзге де түрлерін тігу | 14.1. Машинамен немесе қолмен тоқылған, емшектегі балаларға арналған трикотаж киімдер, қыдыруға киетін және өзге де киімдер, аксессуарлар мен киім бөлшектері | Емшектегі балаларға арналған трикотаж киімдер және киім аксессуарлар | | + |
Спорттық, шаңғы тебетін және суға түсетін өзге де трикотаж костюмдер | | + |
Трикотаж қолғаптар, биялайлар және митенкілер | | + |
Өзге де киім аксессуарлары және киім бөлшектері немесе трикотаж киім аксессуарлар | | + |
14.2. Емшектегі балаларға арналған трикотаждан басқа киімдер, өзге де киімдер және өзге де киім аксессуарлары | Емшектегі балаларға арналған киімдер және трикотаждан басқа киім аксессуарлары | | + |
Спорттық, шаңғы тебетін және суға түсетін костюмдер; трикотаждан басқа, өзге де киімдер | | + |
Қол орамалдар, шәлі, бөкебайлар, бет перделер, галстуктер, мойын бөкебайы, қолғаптар және өзге де дайын киім-кешектер; басқа топтамаларға енгізілмеген, трикотаждан басқа, тоқыма материалдардан жасалған киімдердің бөлшектері немесе киім аксессуарлары | | + |
14.3. Киімдердің былғары аксессуарлары; фетрдан немесе матадан жасалмаған материалдардан тігілген киім; тоқыма материалдардан жасалған дайын киім | Спорттық қолғаптардан басқа, киімдердің былғары аксессуарлары | | + |
Фетрден, киізден немесе матадан жасалмаған материалдардан тігілген киім | | + |
14.4. Шляпалар және бас киімдер | Фетрлі шляпалы қалыптар, тульдер мен қалпақтар; қалпақты дайындамалар және фетрлі қалпақтар; өрілген немесе әртүрлі материалдардан жасалған жолақтарды қосу жолымен дайындалған қалпақты жартылай фабрикаттар | | + |
Шілтерден немесе өзге де бір кесекті тоқыма материалдардан дайындалған, машинамен немесе қолмен тоқылған, әртүрлі трикотаж материалдардан жолақтарды қосу жолымен өрілген немесе жасалған өзге де фетрлі шляпалар және бас киімдер; шашқа арналған торлар | | + |
Резеңкеден немесе пластиктен жасалған бас киімдерден, қорғаушы бас киімдерден және астбестен жасалған бас киімдерден басқа, өзге де бас киімдер; басқа киімге арналған таспалар, астарлар және бас киім қаптары, қалпақ қаңқасы және негіздері, бас киімдерге арналған күн қағарлар және баулар | | + |
14.5. Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де киімдерді және аксессуарлар тігу саласындағы қызметтер | | + |
15. Тоқылған және трикотаж шұлық бұйымдарын тігу | 15.1. Колготкилер, рейтуздар, ұзын шұлықтар, шұлықтар және машинамен немесе қолмен тоқылған өзге де трикотаж шұлық бұйымдар | + | |
15.2. Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж ұзын шұлық бұйымдарын тігу саласындағы қызметтер | + | |
16. Өзге де тоқылған және трикотаж бұйымдарын тігу | 16.1. Свитерлер, джемпрлер, пуловерлер, кардигандар, жилеттер және машинамен немесе қолмен тоқылған ұқсас трикотаж бұйымдары | | + |
16.2. Машинамен немесе қолмен тоқылған, өзге де трикотаж киімдер тігу саласындағы қызметтер | | + |
17. Жүк сөмкелерін, әйелдерге арналған сөмкелер және т.с.с, қайыс бұйымдар мен әбзел жасау | 17.1. Қайыс-ер бұйымдары; шабадандар; саквояждар, сөмкелер, портфельдер және ұқсас бұйымдар, өзге былғары бұйымдары | Әртүрлі материалдардан жасалған кез келген жануарларға арналған қайыс-ер бұйымдары мен әбзелдер | | + |
Шабадандар, саквояждар, сөмкелер, портфельдер, былғары галантериялы ұсақ және табиғи былғарыға ұқсас немесе композициялы бұйымдар, пластмассалар, тоқыма материалдар, вулканизацияланған және картон талшықтары; жеке гигиенаға, тігуге немесе тазартуға арналған жол жинақтары | | + |
Қол сағаттарға арналған, металл емес баулар, ленталар мен білезіктер және олардың бөліктері | | + |
Басқа топтамаларға енгізілмеген , машиналарда және механикалық қондырғыларда немесе өзге техникалық мақсаттар үшін қолданылатын, табиғи немесе композициялы былғарыдан жасалған өзге де бұйымдар | | + |
17.2. Шабадандар, саквояждар, сөмкелер, портфельдер және ұқсас бұйымдар, қайыс-ер жасайтын бұйымдар мен өзге де былғары бұйымдар жасау саласындағы қызметтер | | + |
18. Аяқ киім тігу | 18.1. Спорттық әрі қорғайтын және ортопедиялықтардан басқа, аяқ киім | Тұмсығын қорғайтын металдан жасалған аяқ киімдерден басқа, табаны бар және үсті резеңке немесе полимер материалдардан жасалған су өткізбейтін аяқ киім | | + |
Су өткізбейтін немесе спорттық аяқ киімдерден басқа, табаны бар және үсті резеңке немесе полимер материалдардан жасалған аяқ киім | | + |
Спорттық аяқ киімнен басқа, үсті былғарыдан жасалған аяқ киім, тұмсығын қорғайтын металдан жасалған аяқ киім және әртүрлі арнайы аяқ киім | | + |
Спорттық аяқ киімнен басқа, үсті тоқыма материалдардан жасалған аяқ киім | | + |
18.2. Спорттық аяқ киім | Тенниске, баскетболға, гимнастикаға, жаттығуларға арналған және ұқсас аяқ киім | | + |
Шаңғы және коньки бәтеңкелерінен басқа, өзге де спорттық аяқ киімдер | | + |
18.3. Басқа топтамаларға енгізілмеген, қорғағыш және өзге де аяқ киімдер | Қорғағыш металдан жасалған аяқ киім | | + |
Басқа топтамаларға енгізілмеген, ағаш, әртүрлі арнайы және өзге аяқ киімдер | | + |
| 18.4. Былғары аяқ киімнің бөлшектері; алынатын ұлтарақтар, өкшенің астына салатын жастықшалар және ұқсас бұйымдар; гетрлар, гамаштар және ұқсас бұйымдар мен олардың құрамдастары | + | |
| 18.5. Аяқ киім тігу саласындағы қызметтер | | + |