|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 29 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі № 1154 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 31, 409-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесі бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру ережесінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесі»; кіріспеде «қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру» деген сөздер «Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою» деген сөздермен ауыстырылсын; мәтінде «қоршаған ортаны ластауға рұқсаттар», «қоршаған ортаны ластауға рұқсат» деген сөздер тиісінше «табиғат пайдалануға рұқсаттар», «табиғат пайдалануға рұқсат» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесі (бұдан әрі - Ереже) табиғат пайдалануға рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсат) беру жөніндегі, беруден бас тарту, тоқтата тұру және жою тәртібін анықтайды және арнайы табиғат пайдалану тәртібімен табиғат пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қойылатын жалпы талаптарды қамтиды.»; 2-тармақтың бірінші абзацында: «қоршаған ортаны ластауға» деген сөздер «табиғат пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын; «Рұқсат» деген сөздің алдынан «Табиғат пайдаланудың нақты мерзімі және көлемі, нормалары, шарттары көрсетілген» деген сөздермен толықтырылсын; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Келесі жылға рұқсаттар алуға өтінімдерді заңды және жеке тұлғалар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін ағымдағы жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін береді.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын: «5-1. Табиғат пайдалануға рұқсатты беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру тәртібi 27-1. Рұқсат беретін органдар табиғат пайдалануға рұқсатты беруден рұқсат алу үшін ұсынылған материалдар толық емес және күмәнді болған жағдайда бас тартуы мүмкін. 27-2. Табиғат пайдалануға берілген рұқсаттың қолданылуын оны берген орган үш айға дейінгі мерзімге табиғат пайдаланушының рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамада белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларды бұзған жағдайда тоқтата тұруы мүмкін. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру табиғат пайдаланушыға қабылданған шешімнің себептері мен табиғат пайдаланушының ластаушы заттардың қоршаған ортаға шығарындылары мен төгінділеріне, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға құқығын тоқтата тұруға әкелетін, оны жою мерзімі туралы жазбаша түрде табиғат пайдаланушыға хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Табиғат пайдаланушы хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жойған жағдайда рұқсатты тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдаған органның жазбаша түрдегі растауы негізінде рұқсаттың қолданылуы жаңартылады.»; көрсетілген Ережеге қосымшада: 3-тармақта: «Шығарындылар*», «Төгінділер*», «Қалдықтар*» деген кестелердегі 3-бағандардағы «өткен жылғы» деген сөздер «өткен жылғы**» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: «(**) Ластаушы заттардың шығарындыларының, төгінділерінің көлемі және қалдықтарды орналастыру жөніндегі нақты деректерді 9 айға, ал күтілетін деректерді 4-тоқсанға беру қажет.»; 4-тармақта «Ластағыш заттар» деген сөздердің алдынан «қолданыстағы заңнамаға сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |