«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту (2005.15.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес қаулы етемін: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымы бекітілсiн. ҚР Президентінің 10.12.04 ж. № 1495 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің штат саны 3580 адам болып белгiленсiн. 3. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарының күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы Жарлық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi Қазақстанның Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады, Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген шекте Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi, өз қызметiнде Конституцияны, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық және заңнама актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|