«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру
дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі
шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қазандағы
№ 300-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын, қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін және жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі уәкілетті органды хабардар етсін.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 20 қазандағы
№ 300-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
кесімдердің тізбесі
р/с № | Нормативтік құқықтық кесімнің атауы | Кесімнің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қазақстан Республикасында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ЭБЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ТЖМ | 2006 жылғы қараша |
2 | Жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмылдыру дайындығын бағалау ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ЭБЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ТЖМ | 2006 жылғы қараша |
3 | Жұмылдыру туралы хабарлау ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ЭБЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ТЖМ | 2006 жылғы қараша |
4 | Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарымен белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын ұйымдардың орындау ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭБЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ТЖМ | 2006 жылғы қараша |
5 | Ұйымдардың банкроттығы, жойылуы, қайта ұйымдастырылуы және жұмыс бейінін өзгертуі кезінде жұмылдыру тапсырыстарын (тапсырмаларын) алу, беру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭБЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ТЖМ | 2006 жылғы қараша |
6 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қыркүйектегі № 988-47қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭБЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ТЖМ | 2006 жылғы қараша |
7 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 1 тамыздағы № 858-38қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭБЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ТЖМ | 2006 жылғы қараша |
8 | Қазақстан Республикасының халқын соғыс уақытында жабдықтау нормаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭБЖМ (жинақтау), ДСМ, ТЖМ, Еңбекмині | 2007 жылғы ақпан |
9 | Соғыс уақытында тамақтандыру мен сауданы ұйымдастыру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИСМ (жинақтау), ДСМ, ТЖМ, Еңбекмині | 2006 жылғы қараша |
10 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ЭБЖМ | 2006 жылғы қараша |
11 | Мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарды қалыптастыру, жинақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ЭБЖМ | 2006 жылғы қараша |
12 | Мемлекеттік резервті сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге шығындарды өтеудің, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын жою, рынокқа реттейтін ықпал жасау және ізгілік көмек көрсету үшін шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ЭБЖМ | 2006 жылғы қараша |
13 | Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы | Бұйрық | ТЖМ (жинақтау), Қорғанысмині, ЭБЖМ | 2006 жылғы қараша |
Ескертпе:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі