«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруға және
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 100-Ө Бұйрығымен күші жойылды
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабындағы 8-2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың мынадай нысандары бекітілсін: 1) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы тексеруді тағайындау туралы акт (№ 1 қосымша); 2) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (№ 2 қосымша); 3) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жазбаша өкім (№ 3 қосымша). 2. «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы орган лауазымды тұлғаларының қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 2399 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 144-п бұйрығы өз күшін жойды деп саналсын. 3. Табиғат қорғауды бақылау комитеті осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|