|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік
ҚР Үкіметінің 2007.07.05. № 363 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 483 қаулысымен мақұлданған Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Кеңестің құрамы; 2) Кеңес туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы № 1114 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамы
Yкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы № 1114 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (бұдан әрі - ӘКК) қызметін үйлестіру мақсатында құрылады. 3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Кеңестің міндеттері: 1) ӘКК-ні құру тұжырымдамасының негізгі ережелерін ескере отырып, ӘКК-ні дамытуды іске асырудың негіз қалаушы міндеттері мен тетіктері бойынша ұсынымдар әзірлеу; 2) ӘКК қызметінің басты стратегиялық бағыттарын айқындау; 3) ӘКК-нің қызметін үйлестіру болып табылады. 5. Міндеттерді шешу кезінде Кеңес мына мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлейді: 1) ӘКК-ні басқару органдарының құрамын айқындау (акционерлердің жалпы жиналысы, Директорлар кеңесі); 2) экономикалық субъектілердің қалың тобын экономикалық үдерістерге тарту; 3) берілген мемлекеттік активтерді елдің тиісті өңірінде тиімді басқару; 4) ӘКК-нің мақсаттар мен қаржылық нәтижелерге қол жеткізуі бойынша олардың қызметін бағалауды жүргізу; 5) өңірлерде тиісті кластерлерді құру кезінде басым салаларды айқындау; 6) мемлекеттік меншік активтерін, жерді ӘКК-нің меншігіне беру жөнінде билік органдарымен, сондай-ақ инвестициялар тарту мақсатында әлеуетті инвесторлармен, даму институттарымен және басқа да қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.
6. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға; 2) Кеңес мәжілістеріне мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және оларды қаралатын мәселелер бойынша тыңдауға құқылы.
4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
7. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі басқарады. Кеңес төрағасы Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Кеңестің қызметіне жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасар орындайды. 8. Кеңестің құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді. 9. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі болып табылады. 10. Кеңестің жұмыс органы Кеңес қызметін ұйымдастырушылық-ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 11. Кеңес жұмыс органының жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы Кеңестің хатшысы болып табылады. Кеңестің хатшысы Кеңес мәжілісінің күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және мәжіліс хаттамасын ресімдейді. 12. Кеңестің мәжілісі оның мүшелерінің кемінде үштен eкici болған кезде, қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі. 13. Мәжілістердің күн тәртібін Кеңестің төрағасы Кеңес мyшелерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырады. Кеңес мәжілістерін өткізу уақыты мен орнын Кеңестің төрағасы айқындайды. 14. Мәжілістің күн тәртібін Кеңестің хатшысы Кеңестің мүшелеріне, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғаларға жібереді. 15. Мәжілістің күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер ашық дауыспен, Кеңеске қатысушы мүшелердің басым дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады. 16. Кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді. Мәжілістің хаттамасын хатшы дайындайды және оған Кеңестің мәжіліске қатысқан барлық мүшелері қол қояды. Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол жазбаша түрде жазылады және хаттамаға қоса берілуге тиіс. 17. Кеңес мәжілісінің қол қойылған хаттамасы Кеңестің мүшелері мен мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.
18. Кеңес өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |