|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінде: 10-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы Қазақстан Республикасының мына азаматтарына ресімделеді: Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрып жатқандарға; шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында күндізгі оқу нысанында білім алушыларға; шет мемлекеттерде кемінде бір жыл мерзімге жасалған еңбек шарты бойынша жұмыс істеп жатқандарға; көрсетілген адамдардың олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне; шетелде дипломатиялық қызметтің персоналымен бірге тұратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дипломатиялық немесе қызметтік паспортты алуға құқығы жоқ дипломатиялық қызмет персоналының туысқандарына.»; 11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Осы Ереженің 10-тармағының үшінші абзацында көрсетілген адамдар жоғарыда көрсетілген құжаттардан бөлек, сондай-ақ олардың тұру; оқу; жұмыс істеу отбасылық жағдайы фактісін; растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.». 2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |