Интернатура туралы ережені бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 452 Бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы», «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және «Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Интернатура туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын. 5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 8 қарашадағы № 523 бұйрығымен бекітілген
Интернатура туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Интернатура медициналық жоғары оқу орындары жүзеге асыратын нақты мамандану бойынша студенттерді бір жылдық даярлаудың міндетті нысаны болып табылады. 2. Интернатураның негізгі міндеті медициналық жоғары оқу орындарын бітірушілерді практикалық даярлауды жақсарту, олардың кәсіби деңгейін және дербес дәрігерлік қызметке дайындық дәрежесін көтеру болып табылады. 3. Интернатурадан өтпеген адамдар клиникалық практикаға жіберілмейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|