|
|
|
2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 7, 8, 9, 10, 11, 12-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 7-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.10. № 912 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Құны: 1117108 мың теңге (бір миллиард бір жүз жиырма сегіз миллион елу төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және мемлекеттік құпияларын қорғаудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 31 наурыздағы № 1532 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысы; «Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және мемлекеті құпияларын қорғаудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 399қбү қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Премьер-Министрдің Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметіне басшылық жасау жөніндегі қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету; өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны жаңарту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Премьер-Министрдің Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметіне басшылық жасау жөніндегі қызметін қамтамасыз ету. кәсіптік деңгейін арттыру - 20 адам; мемлекеттік тілді оқыту - 125 адам; ағылшын тілін оқыту - 24 адам; Түпкі нәтиже: мемлекеттік атқарушы органдардың жүргізілетін мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған тиімді қызметі. Қаржы-экономикалық нәтиже: республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиімділігі; бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығындар - 51,0 мың теңге; бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытуға арналған орташа шығындар - 35,1 мың теңге; бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін оқытуға арналған орташа шығындар - 18,6 мың теңге. Уақтылығы: бір жыл ішінде жоспарланған іс-шаралар мен қойылған міндеттерді уақтылы орындау. Сапасы: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін белгіленген мерзімді ескере отырып, іс-шараларды сапалы орындау; қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; біліктілігін арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалуы мүмкін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 20 пайыз; мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік тілді іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 30 пайыз; ағылшын тілін оқыту курстарынан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 30 пайыз.
Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 8-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 281312 мың теңге (екі жүз сексен бір миллион үш жүз он екі мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және мемлекеттік құпияларды қорғаудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 31 наурыздағы № 1532 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16 қаулысымен бекітілген Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық; «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 435 қаулысы; «Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және мемлекеттік құпияларын қорғаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 399қбү қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік органдар мен мекемелерде ақпаратты техникалық қорғау және білікті кадрларды даярлау арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік органдарды ақпаратты техникалық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету арқылы ақпараттың жария болу техникалық арналарының санын барынша азайту; мемлекеттік органдар мен мекемелерде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы даярланған білікті мамандардың санын ұлғайту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік органдарды ақпаратты техникалық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету арқылы ақпараттың жария болу техникалық арналарының санын барынша азайту; мемлекеттік органдар мен мекемелерде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы даярланған білікті мамандардың санын ұлғайту. Түпкі нәтиже: мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтиже: республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиімділігі. Уақтылығы: мемлекеттік органдарда ақпараттың жария болу техникалық арналарын уақтылы анықтау және оларды жою, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандардың кәсіби деңгейін арттыру. Сапасы: мемлекеттік органдарда ақпараттың жария болуын ескерту.
Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 9-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Мемлекеттік мекемелерді фельдъегерлік байланыспен қамтамасыз ету» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 407 915 мың теңге (төрт жүз жеті миллион тоғыз жүз он бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы; «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1042қбү қаулысы; 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік құпиялардың қорғалуын сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерді үкіметтік курьерлік байланыспен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: арнайы жөнелтімдерді жедел жеткізуді қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Арнайы жөнелтімдерді жедел жеткізуді қамтамасыз ету. Түпкі нәтиже: Құпиялылық режимін сақтай отырып, хат-хабарлар мен жүктерді уақытылы және толық жеткізу. Қаржы экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиімділігі. Уақытылығы: Хат-хабарлар мен жүктерді уақытылы жеткізу. Сапасы: Құпиялылық режимін сақтай отырып, хат-хабарлар мен жүктерді толық көлемде жеткізу.
Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 10-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «»Қазына» орнықты даму қоры» АҚ үшін әкімшілік ғимарат сатып алу» деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3000000 мың теңге (үш миллиард теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығына ие мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ-ның тиімді корпоративтік басқаруды жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: объектінің мемлекеттік меншікке кезең-кезеңімен сатып алу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - әкімшілік ғимаратты мемлекеттік меншікке сатып алу үшін төлеудің екінші кезеңін жүзеге асыру; Түпкі нәтиже: - объектіні мемлекеттік меншікке сатып алу. Қаржы-экономикалық нәтиже: - мемлекеттік меншіктің активтерін көбейту. Уақтылығы: - белгіленген мерзімдерге сәйкес.
Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 11-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Мемлекеттік органдардың қызметін автокөлікпен қамтамасыз ету» деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 600000 мың теңге (алты жүз миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: автокөлікті орталықтандырылған сатып алу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Мемлекеттік органдарды автокөлікпен қамтамасыз ету. Түпкі нәтиже: Мемлекеттік органдардың оларға жүктелген функцияларды уақтылы орындауы. Қаржы-экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиімділігі. Уақтылығы: Мемлекеттік органдар үшін автокөлікті уақтылы жеткізу. Сапасы: Сатып алынған автокөліктің техникалық айрықшалық талаптарына сәйкес келуі.
Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 12-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Электрондық үкімет құру» деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 168149 мың теңге (бір жүз алпыс сегіз миллион бір жүз қырық тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; «Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастырудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі нормативтік құқықтық кесімдерінің электрондық мұрағатын құру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі үшін Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Yкіметінің, Министрлер Кабинетінің, Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің кесімдерін қамтитын электрондық мұрағатын құру және енгізу. Мемлекеттік билік органдары нормативтік құқықтық кесімдерінің мұрағаттары үшін үлгі шешім ретінде пайдаланылуы мүмкін бағдарламалық-техникалық кешен құру. Құжаттардың қағаз қорының сақталу деңгейін ұлғайту, қағаз нормативтік құқықтық кесімдер түпнұсқаларының тозу және жоғалу қауіптерін азайту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: Мұрағаттағы құжаттардың көшірмелерін ұсыну уақытын қағаз технологиямен салыстырғанда 30 минутқа азайту. Түпкі нәтижесі: Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Yкіметінің, Министрлер Кабинетінің, Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің кесімдерін қамтитын электрондық мұрағатқа рұқсатты қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтижесі: Республикалық бюджет қаражатының жұмсауын оңтайландыру және оның тиімділігі. Уақтылығы: Жоспарланған іс-шараларды және қойылған міндеттерді жыл бойы уақытылы орындау. Сапасы: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметкерлеріне жүктелген функциялардың барынша тиімді орындалуына қол жеткізу.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |