Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің түсініктемесін қара
ҚР Президентінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 1101 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес дене шынықтыру және спорт жүйесін дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін. 3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2006 жылғы желтоқсаның 28-і. № 230
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|