|
|
|
«2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 14-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен ; 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 14-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 15-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Елдің қоғамдық тәртіп саласындағы саяси мүдделерін қамтамасыз ету» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 7330 мың теңге (жеті миллион үш жүз отыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Т.А. Төлеубаев туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 маусымдағы № 608 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық және трансұлтты қылмысқа қарсы күрес. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты дамыту және бір ақпараттық кеңістік құру мақсатында Интерполмен байланыс ұстауды қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық әлемдегі қылмыстық полицияның ұлттық органдары арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейіне байланысты болатын халықаралық қылмыспен ең тиімді күрес жүргізуді қамтамасыз ету үшін, әсіресе оның ұйымдастырылған түрлерімен, оның ішінде ылаңкестік және есірткі бизнесіне қарсы тиімді күрес жүргізу үшін ақпараттық қамтамасыз ету. Интерполдың басқа да қатысушы-мемлекеттерінің өкілдерімен халықаралық қылмыс мәселелері бойынша жедел ынтымақтастық құру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Интерпол каналдары бойынша халықаралық іздеуге жар салған адамдар саны - жыл бойы 500 адамнан кем емес; Интерпол тарапы бойынша халықаралық іздеуде болған адамдардың ұсталған саны - жыл бойы 25 адамнан кем емес. Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын тергеу, жедел, ғылыми-практикалық және анықтама-аналитикалық ақпаратпен қамтамасыз ету; Интерполдың мүшелері болып табылатын шет ел мемлекеттерінің құқық қорғау органдарына жіберілген сұратулар мен ақпаратты жеткізуді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының қылмыстық істер және экстрадициялар бойынша құқықтық көмек туралы келісім-шарт жасалмаған мемлекеттермен мәселелерді шешу. Қаржылық-экономикалық нәтиже: Интерполдың Бас Хатшылығында Қазақстан Республикасының өкілін ұстау үшін бөлінген лимит шегінде шығындалатын шығыстар. Уақтылығы: ақпаратпен уақтылы қамтамасыз етіп отыру, Интерполдың басқа қатысушы-мемлекеттерінің өкілдерімен халықаралық қылмыс мәселелері бойынша жедел ынтымақтастық құру. Сапасы: жедел-іздестіру қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты бекіту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 16-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен ; 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 17-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 17-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Арнайы және әскери тасымалдар» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 140 442 мың теңге (бір жүз қырық миллион төрт жүз қырық екі мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: министрліктің және әскери бөлімдердің жеке құрамының әскери және арнайы жүктері, арнайы контингенттерінің қозғалысын тәуліктік бақылауға алуды, эшелондардың және басқа да есептегі бірліктердің тез жүруін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: министрліктің және әскери бөлімдердің жеке құрамының арнайы контингенті мен арнайы жүктерін тасымалдау бойынша жоспарланған іс-шараларды бұзуға жол бермеу, азаматтардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін теміржол көлігімен әскери және арнайы тасымалдауларды ұйымдастыру және жедел басқару; арнайы контингентті жазасын өтеу орындарына тасымалдау жөніндегі соттардың қаулыларын орындау. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) Қаулысымен; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: арнайы контингентті, жүктерді және басқа да тасымалдарды тасымалдау бойынша атқарылатын рейстер саны - 372 рейс; вагон саны - 14. Түпкі нәтиже: арнайы контингентті және арнайы жүктерді тасымалдауды тәулік бақылауды орындау. Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір арнайы вагонды бір тәулікке жалға алу бағасы - 28,3 мың теңге. Уақтылығы: мемлекеттік әскери тасымалдаулар қозғалысы орындалуына қауіпсіздік графигін орындау, арнайы контингенттің қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес жеткізілуін қамтамасыз ету. Сапасы: арнайы контингент пен жүктердің белгіленген орнына жеткізілуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 18-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 19-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 19-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 20-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Мәліметтер берудің спутниктік желісі мен телефонияны жаңғырту және дамыту» деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 103188 мың теңге (бір жүз үш миллион бір жүз сексен сегіз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасында 2006-2008 жылдарға арналған Телекоммуникация саласын дамытудың бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы № 519 қаулысы Іс-шаралар жоспарының 2.4-тармағының 2.4.2-тармақшасы; 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «KAZSAT» спутнигін пайдалана отырып, мәліметтерді берудің және телефонияның қазіргі заманғы, бас тарта алатын, бір орталықтан басқарылатын жүйесін құру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қалалық, аудандық, желілік органдарды мәліметтерді берудің және телефонияның мультисервисті жүйесін құру үшін қазіргі заманға сай спутниктік байланыс желілеріне қосу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: IIМ-нің корпоративтік спутниктік жүйесін «Kazsat» ұлттық спутнигіне көшіру. Соңғы нәтиже: ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінде 51 спутниктік терминалды жетілдіру, спутниктік байланыстың сапасын жақсарту және IIМ-нің бөлімшелерін жедел басқаруды көтеру. Уақтылығы: тиісінше шарттар мерзімдеріне сәйкес тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізу. Сапасы: бекітілген техникалық тапсырысқа сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 21-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2007.19.12. № 1238 Қаулысымен 21-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 22-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 22-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 23-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау» деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 122 415 мың теңге (бір жүз жиырма екі миллион төрт жүз он бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңының 19-бабы; «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы; «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметіне алғаш рет түскен адамдары мен қызметкерлерін кәсіби даярлау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 мамырдағы № 847 қаулысы; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігімен 2003 жылғы 6 маусымдағы № 335/5/14 келісім-шарты. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілерінің теориялық білімдері мен практикалық біліктіліктерінің деңгейін максималды түрде көтеру; Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке үміткерлерді алғашқы дайындықтан өткізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: біліктілік арттыру курстарынан өткен қызметкерлер саны - 450 бірлік; қайта даярлау курстарынан өткендер саны - 50 бірлік; ішкі істер органдары қызметіне үміткерлердің алғашқы арнайы оқуынан өткендер саны - 600 бірлік; Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында және орталықтарында курстарын өткен ішкі істер органдары қызметіне үміткерлер саны 50 бірліктен артық емес; Ресей Федерациясының оқу орындарында біліктілік арттыру курстарынан өткен әскери қызметшілер саны - 96 бірлік. Арнайы жарақтарды, көшіргіш аппараттарын сатып алу. Түпкі нәтиже: ішкі істер органдарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесінде біліктілік арттыру, қайта даярлау және алғашқы арнайы оқу курстарын өткен қызметкерлермен қамтамасыз ету 1,6 пайызға; ішкі істер органдарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында біліктілік арттыру курстарынан өткен қызметкерлермен қамтамасыз ету 0,2 пайызға; ішкі істер органдарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында біліктілік арттыру курстарын өткен әскери қызметшілермен қамтамасыз ету 0,6 пайызға; жаңа үлгідегі киім-кешекпен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 80 пайызға; арнайы жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 74 пайызға; активтермен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 63,2 пайызға. Қаржылық-экономикалық нәтиже: жылына бір оқушыға кететін орташа шығындар - 110,2 мың теңге; Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында өтетін бір қызметкерге кететін орташа шығындар - 354,0 мың теңге; Ресей Федерациясының оқу орындарында өтетін бір әскери қызметшіге кететін орташа шығындар - 117,7 мың теңге; 1 қызметкерге кететін орташа шығындар - 697,3 мың теңге. Уақтылығы: ішкі істер органдарының қызметкерлері мен қызметіне үміткерлерді біліктілік арттыру курстарында, қайта даярлау және алғашқы арнайы оқу курстарында өкімдемеге сәйкес өз уақытында оқыту. Сапасы: алғашқы арнайы оқу курстары түлектерінің біліктілік талаптарына сай болуы; ішкі істер органдарының біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы; ішкі істер органдарының біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы; ішкі әскерлердің біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын Ресей Федерациясының оқу орындарында бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 24-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау» деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 2086876 мың теңге (екі миллиард сексен алты миллион сегіз жүз жетпіс алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңының 19-бабы; «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 наурыздағы № 349 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы № 675 қаулысы; «Құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлауды, құқық қорғау органдарының қызметін және үкіметтік байланыс әскерлері әскери қызметшілерін әлеуметтік қорғауды қаржыландыруға байланысты жекелеген мәселелер» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1427 қаулысы; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен 2003 жылғы 6 маусымдағы келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Волгоград академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 8 қыркүйектегі № 270 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Омбы академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 1 қазандағы № 255 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Мәскеу университетімен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 4 қазандағы № 191 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 5 қазандағы № 264 келісім-шарты. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі істер органдарының жүйесі үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандармен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: сапалы жоғары кәсіби білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: күндізгі оқу бөлімінде оқитындар саны - 2 889 бірлік; сырттай оқу бөлімінде оқитындар саны - 1 651 бірлік; алғашқы арнайы оқу оқитындар саны - 300 бірлік; Ресей Федерациясының IIМ оқу орындарында оқитын қызметкерлер саны - 220 бірлік; Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарында оқитын әскери қызметшілердің саны - 43 бірліктер; күндізгі оқу бөлімі бойынша курсанттарды шығару - 419 бірлік, оның ішінде үздік - 60 бірлік; 1997-1998 жылдар үшін сыйақы алуы керек әскери қызметшілер саны - 50 адам; арнайы құрылғылар, ас үй жарақтарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, есептеуіш техникаларын сатып алу. Түпкі нәтиже: Ішкі істер органдарын жоғары кәсіби білімі бар мамандармен қамтамасыз ету 32,2 пайызға; ішкі әскерлерді жоғары кәсіби білімі бар мамандармен қамтамасыз ету - 17,0 пайыз; жаңа үлгідегі киім-кешекпен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 80,0 пайызға; арнайы жарақпен және материалдармен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен - 75,3 пайызға; активтермен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 55,4 пайызға. Қаржылық-экономикалық нәтиже: Жылына бір оқушыға кететін шығын - 701,7 мың теңге; Ресей Федерациясының IIМ оқу орындарында оқитын 1 қызметкерге кететін шығын - 910,1 мың теңге; Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын 1 әскери қызметшіге кететін шығын - 220,9 мың теңге; жылына бір қызметкерге кететін шығын - 758,2 мың теңге. Уақтылығы: қабылдау жоспарына сәйкес күндізгі және сырттай оқу бөлімі бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін өз уақытында оқыту. Сапасы: жалпы оқитындар санынан оқудан шығарылғандардың үлесі - 1,7 пайызға; жалпы оқитындар санынан жоғары оқу орнын үздік бітірген, жоғары кәсіби білімі бар түлектердің үлесі - 8,0 пайызға.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 25-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 25-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 26-ҚОСЫМША
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін емдеу» деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 1 343 325 мың теңге (бір миллиард үш жүз қырық үш миллион үш жүз жиырма бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 32-бабы; «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы; «Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарында қызмет ету туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі № 1642 Жарлығының 128-бөлімі; «Ішкі істер органдарының тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі зейнеткерлеріне медициналық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қыркүйектегі № 957 қаулысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |