Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын (2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн (бұдан әрi - мұнай өнiмдерi): бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны мен мазутты өндiру және олардың айналымы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) автомобильдерге жанармай құю станциясы - мұнай өнiмдерiн сақтауды және бөлшек саудамен өткізудi қамтамасыз ететiн жабдықпен жарақтандырылған технологиялық кешен; 2) мұнай өнiмдерi базасы - мұнай өнiмдерiн сақтауға және өткізуге арналған тауар қоймасы; 3) бiртұтас деректер базасы - мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ақпараты негiзiнде қалыптастырылатын мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөніндегі электрондық деректер базасы; 4) компаундирлеу - белгiленген сападағы мұнай өнiмiн алу мақсатында екi немесе бiрнеше компоненттi араластыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5) мұнай өнiмдерiн өндiрудiң ең төменгi көлемi - мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдары мен басқа да шикiзат көздерiнiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын берулерiнiң уәкiлеттi орган бекіткен көлеміне сәйкес мұнай өнімдерін өндіруші күнтізбелік жыл ішінде ай сайын одан кемітпей өндiруге мiндеттi мұнай өнiмдерiнiң көлемi; 6) кондициялық емес мұнай өнiмi - стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн мұнай өнімі; 7) мұнай өнiмдерiнiң айналымы - мұнай өнiмдерiн сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау, экспорттау және импорттау; 8) мұнай өнiмдерiн көтерме саудамен өткізу - мұнай өндiрушiлердiң, берушiлердiң, сондай-ақ мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалардың мұнай өнiмдерiн одан әрi қайта сату мақсатында өткізуi (жөнелтуi); 9) өндiрiс паспорты - мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстiк қуаттарының көрсеткiштерiн, оның негiзгi сипаттамаларын көрсететiн, өндiрiстiң технологиялық процесiнiң сақталуы үшiн қолда бар жабдықтың пайдаланылуын регламенттейтiн белгiленген нысандағы құжат; 10) мұнай берушi - өз шикi мұнайын және (немесе) газ конденсатын өңдеуге беретiн мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымы және (немесе) басқа да заңды тұлғалар; 11) мұнай өнiмдерiн өндiрушi - мұнай өнiмдерiн өндiруге лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды өткізудi жүзеге асыратын мұнай және (немесе) газ өңдеу ұйымы; 12) мұнай өнiмдерiн өндiру - стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес мұнай өнiмдерiн алуды қамтамасыз ететiн шикi мұнай және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөніндегі, сондай-ақ компаундирлеу жөніндегі жұмыстар (операциялар) кешенi; 13) мұнай өнiмдерiн бөлшек саудамен өткізу - мұнай өнiмдерiн жеке және заңды тұлғаларға oдaн әрi қайта сату мақсатынсыз өткізу (жөнелту); 14) iлеспе жүкқұжат - жөнелтушiден алушыға дейiнгi бүкiл жүру жолында мұнай өнiмдерiнiң қозғалысын бақылауға арналған, мұнай өнiмдерiн босату және қабылдау жөніндегі операцияларды ресiмдеуге қажеттi бiрегейлендiрiлген құжат; 15) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн, осы Заңмен белгiленген құзыретi шегiнде мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу 1. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Өзге мемлекеттік органдар мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының жекелеген мәселелерiн осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген өз құзыретi шегiнде реттеуге құқылы. 2. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу: 1) мұнай өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметтi лицензиялауды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) шикi мұнай және (немесе) газ конденсаты көлемiнiң мұнай өнiмдерiн өндiрудiң уәкiлеттi орган бекiткен ең төменгi көлемiн белгiлеудi; 3) мұнай өнiмдерiнiң айналымын бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, ол белгiлейтiн уәкiлеттi және өзге де мемлекеттік органдардың құзыретiне сәйкес, сондай-ақ мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және олардың айналымының бiртұтас деректер базасы арқылы мониторинг, iлеспе жүкқұжатты енгізу және декларациялау тәртібін белгiлеу арқылы жүзеге асыруды; 4) мұнай өнiмдерiнiң сапасын бақылауды қамтиды. 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласында нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi; 3) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мұнай өнiмдерiн Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеу қою мен тыйым салуды белгiлейдi; 4) мұнай өнiмдерiн өндiрудi лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды белгiлейдi; 5) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын Қазақстан Республикасының iшкi рыногына берудi реттеудi жүзеге асырады; 6) мұнай өнiмдерiн өндiрудi лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптарын бекiтедi; 7) мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердi беру нысанын, тәртібі мен мерзiмдерiн белгiлейдi; 8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi орган: 1) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласында өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығарады; 2) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар қызметiнiң мониторингiн жүзеге асырады; 3) мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және олардың айналымының балансын жасай отырып, бiртұтас деректер базасын жүргiзудi жүзеге асырады; 4) өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының көлемi туралы мәлiметтердi және өзге де қажеттi ақпаратты бiртұтас деректер базасына беру нысанын, тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды; 5) iлеспе жүкқұжаттарды ресiмдеу ережелерiн әзiрлейдi және бекiтедi; 6) декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7)-12) тармақшалармен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 7) мұнай өнiмдерi өндiрiсiнiң ең төменгi көлемiн белгiлейдi және мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдарының шикi мұнай және (немесе) газ конденсаты және басқа да шикiзат көздерi жеткiзiлiмдерiнiң көлемдерiн бекiтедi; 8) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң мұнай өнiмдерi өндiрiсiнiң ең төменгi көлемiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады; 9) өндiрiс паспорты нысанын және оны толтыру тәртібін айқындайды; 10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша өндiрiс паспортын бекiтедi; 11) өндiрiс паспортында көрсетiлген мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдарындағы жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарының жүргiзiлу мерзiмдерiн келiсудi және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 12) мүдделi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импорты квоталарының экономикалық негіздемесiн әзiрлейдi. 6-бап. Мұнай өнiмдерiн өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құзыретi 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган: 1) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға мұнай өнiмдерiнiң сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асырады; 2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мұнай өнiмдерiн, автомобильдерге жанармай құю станциялары мен мұнай өнiмдерi базалары көрсететiн қызметтердi стандарттау, олардың метрологиясы және оларды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асырады; 3) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiру және өткізу көлемдерi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн бақылаушы есептеу аспаптарын қолданудың тәртібі мен талаптарын белгiлейдi. 2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мүдделі мемлекеттік органдармен келiсе отырып, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтем баждары ставкаларының экономикалық негiздемесiн әзiрлейдi. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.07.07. № 174-III Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнамаға сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөніндегі қызметтеріне, сондай-ақ мұнай өнімдерін өткізуге, сақтауға арналған тарифтерді бекітеді. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы кезiнде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6. Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, көлiк кешенi қызметiн үйлестiрудi және реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган мұнай өнiмдерiн тасымалдау кезiнде тасымалдаушылардың технологиялық талаптарды қамтамасыз етуiн бақылауды жүзеге асырады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7. Осы бапта аталған мемлекеттік органдар, сондай-ақ кеден iсi жөніндегі уәкiлеттi орган уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының көлемi туралы мәлiметтердi және өзге де қажеттi ақпаратты бiртұтас деректер базасына бередi. 7-бап. Уәкiлеттi органның мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылы 1. Уәкiлеттi орган мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бақылауды жүзеге асыру жөнiнде бiрлескен шаралар қолданады, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi. 2. Осы Заңды бұзу фактілері анықталған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттік органдардың анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолдануы үшiн оларды бұл туралы жазбаша хабардар етедi. 8-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметтi лицензиялау 1. Мұнай өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялауға жатады. 2. Мұнай өнiмдерiн өндiруге лицензияның қолданылуын Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұру: 1) осы Заңның 9-бабында көзделген мұнай өнiмдерiн өндiру жағдайлары бұзылған; 2) осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген мiндеттер орындалмаған жағдайларда мүмкiн. 9-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiру жағдайлары 1. Мұнай өнiмдерiн өндiру: 1) лицензияда көрсетiлген мекенжайда; 2) стандарттау және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі тиiстi нормативтiк құжаттарға сай келетiн жабдықта; 3) өндiрiс паспорты болған жағдайда; 4) уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiру және өткізу көлемi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн бақылаушы есептеу аспаптары болған жағдайда жүзеге асырылады. 2. Лицензиясы бар мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң ғана: 1) октан санын арттыру мақсатында компаундирлеуiне, тауарлық бензиндерге телiмдер, қоспалар мен компоненттер енгізуiне; 2) белгiленген сападағы бензин алу мақсатында компаундирлеуiне, кондициялық емес мұнай өнiмдерiне телiмдер, қоспалар мен компоненттер енгізуiне; 3) дизель отынына, мазутқа телiмдер мен қоспалар енгізуiне жол берiледi. 3. Екi және одан көп өндiрушiлердiң мұнай өнiмдерiн бiр ғана жабдықпен өндiруiне тыйым салынады. 10-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң мiндеттерi 1. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер: 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) уәкiлеттi органның мұнай өнiмдерiн өндiрудiң ең төменгi көлемiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын орындауға; 2) өзiнiң өндiрiстiк қуаттары өндiрiс паспортына сәйкес тоқсан iшiнде толық жүктелмеген жағдайда олардың шегiнде шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қабылдауға; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) өндiрiстiк процесс қауiпсiздiгiне төнген қатердiң дереу алдын алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесiн уәкiлеттi органмен келiсуге мiндеттi. 2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізудi жүзеге асыруына тыйым салынады. 3. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң этилдендiрiлген бензин өндiрудi жүзеге асыруына тыйым салынады. 11-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын декларациялау мен олардың мониторингi 1. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және (немесе) өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар уәкiлеттi органға өнiм қалдығы мен (немесе) мұнай өнiмдерi айналымының көлемi туралы декларациялар табыс етуге мiндеттi. 2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар уәкiлеттi органға мониторингтi жүзеге асыру үшiн мәлiметтер табыс етуге мiндеттi. 12-бап. Мұнай өнiмдерiн өткізу жағдайлары 1. Қазақстан Республикасының аумағында этилдендiрiлген бензиннiң айналымына, сондай-ақ кондициялық емес мұнай өнiмдерiн өткізуге және оларды әрi қарай өңдемей сақтауға тыйым салынады. 2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң, мұнай берушiлердiң, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтерi сертификатталған автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалардың мұнай өнiмдерiн өткізуiне жол берiледi. Мұнай берушiлердiң мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң есептеу аспаптары арқылы, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтерi сертификатталған автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және мұнай өнiмдерi базаларынан мұнай өнiмдерiн өткізуiне жол берiледi. 12-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгi 01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгiзiледі 3. Мұнай өнiмдерiн автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және мұнай өнiмдерi базаларынан өткізуге компьютерлiк есептеу жүйесi болған жағдайда уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн сатып алу және өткізу көлемi туралы ақпаратты бере отырып жол берiледi. Халқының саны он мың адамға дейiнгi елдi мекендерде, ауылдық жерде (ауыл (село), сондай-ақ дала жұмыстарында ауыл шаруашылық техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде орналасқан автомобильдерге жанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн өткізуге мұнай өнiмдерiн сатып алу және өткізу көлемiнiң оңайлатылған есептеу жүйесi болған жағдайда жол берiледi. 4. Автомобильдерге контейнерлiк үлгідегі жанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн өткізуге халқының саны он мың адамға дейiнгi елдi мекендерде, сондай-ақ ауылдық жерде (ауыл (село) жол берiледi. Автомобильдерге жылжымалы үлгiдегi жанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн өткізуге тек дала жұмыстарында ауыл шаруашылық техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде ғана жол берiледi. 5. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар жыл сайын 1 наурыз - 31 мамыр және 1 тамыз - 31 қазан аралығындағы кезеңде ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мұнай өнiмдерiн өткізу шарттарын жасасуға басымдық беруге мiндеттi. 13-бап. Мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импортын реттеу Мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импортын реттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның iшiнде акциздердiң, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтеу баждарының ставкаларын, мұнай өнiмдерiнiң импорты мен экспортына квоталарды бекіту (өзгерту) арқылы жүзеге асырылады. 14-бап. Мұнай өнiмдерiн тасымалдау жағдайлары 1. Мұнай өнiмдерiнiң, қауiптi жүктердi тасымалдауға қойылатын талаптарға және техникалық пайдалану ережелерiне сәйкес, арнайы жабдықталған және тасымалдауға рұқсат етiлген көлiк арқылы тасымалдануына жол берiледi. 2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар мұнай өнiмдерiн көтерме және бөлшек саудамен өткiзген кезде, мұнай өнiмдерiн тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезiнде мiндеттi түрде iлеспе жүкқұжаттар ресiмделедi. 3. Мұнай өнiмдерiн тасымалдауға байланысты құжаттар қауiптi жүктерді тасымалдау үшiн көліктің әрбір түрiне белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс. 15-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапты болады. 16-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 12-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiн қоспағанда, 2003 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының
|