2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 221-239-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2007 ж. 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Мыналардың:
221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
221-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7640449 мың теңге (жеті миллиард алты жүз қырық миллион төрт жүз қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңы; «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңының 6 , 7 , 8-баптары; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9 , 10-баптары; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңы; «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы; «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы; «Патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы; «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңы; «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңы; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 15, 16, 19, 21, 22-баптары; Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік peecтpi және оларды мемлекеттік тіркеуді ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3379 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасау, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының заңнамасымен әділет органдарына жүктелген міндеттерді жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз eту | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | 1) Заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру: заңнамалық актілер бойынша қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізу. Жобаның сапасын, негіздемесін және заңдылығын бағалау жобаны қабылдаудың болуы мүмкін тиімділігін анықтау және болуы мүмкін теріс зардаптарын айқындау үшін консультациялық және эксперттік қызметтерді, ғылыми, оның ішінде ғылыми криминологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу. Заң жобаларын әзірлеу үшін ғалым-заңгерлерді және тәжірибе алып жүрген заңгерлерді тарту. Заң жобаларын ғылыми құқықты сараптамадан, заң жобаларын ғылыми криминологиялық сараптамадан өткізу. Заң жобаларының тұжырымдамасын ғылыми сараптамадан өткізу. Заңға тәуелді актілері жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын өткізу. Криминологиялық сараптама шеңберінде заңнамалық актілері жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын өткізу. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын нормалары бар болуы тұрғысынан қолданыстағы заңнамалық актілеріне талдау жүргізу. Заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының отырыстарын жасау, ұйымдастыру және өткізу. Конференциялар мен дөңгелек үстел өткізуді қамтамасыз ету. Жасалған шарттарға сәйкес қызмет көрсетулерге ақы төлеу. Ғылыми мақалаларды, қолданыстағы заңнамаға жүргізілген талдау қорытындыларын, конференциялар мен дөңгелек үстелдер материалдарын, қабылданған заңдарға ғылыми-практикалық түсініктемелерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасының Заңдар жинағын дайындау және шығару. 2) Зияткерлік меншік құқығын қорғау: Шетелдік делегацияның, сарапшылардың қатысуымен, сабақтас құқықтар шығармалары мен объектілеріне, өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралды микросхемалар топологияларына құқықтарды қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік семинарларды, көпшілік акцияларды мыналармен ұйымдастыру және өткізу. Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу туралы куәлік бланкілерін дайындау. Әдістемелік әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілерін шығару. БАЖ бейне роликтерін жасау және трансляция жүргізу. 3) Құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету; Жасалған шарттарға сәйкес нормативтік құқықтық актілерді жинақтау және есепке алу бойынша қызметтерге ақы төлеу. Мемлекеттік тізілімге нормативтік құқықтық актілер енгізу. Құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету. Аумақтық бөлімшелерді қоса мемлекеттік органдар бойынша жаңарту мерзімділігі айына кемінде 1 рет "Заң" дерекқорын жыл сайын орнату және өзектілендіру. 4) Соттарда мемлекеттің мүддесін қорғау: Қазақстан Республикасының, шетел мемлекеттерінің, халықаралық төрелік соттарында мемлекеттің мүддесін тиімді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету. Орталық атқару органдарына құқықтық мәселелер жөніндегі консультациялық қызметтерді көрсету практикасын реттеу. Жасалған шарттарға сәйкес төрелік шығындар мен қызметтерге ақы төлеу. 5) Лицензиярлардың функцияларын орындау: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариалдық және адвокаттық қызметті лицензиялауды өткізу. Жеке және заңды тұлғаларға нотариалдық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына, бас лицензиялар дайындау. 6) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу бойынша шығындарды өтеуді қамтамасыз ету. 7) Аумақтық бөлімшелерге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік бланкілерін дайындау. 8) Аймақтық бөлімшелерге азаматтардың тіркеу кітаптарын дайындау. 9) Аумақтық бөлімшелерге уақытша жеке куәлік бланкілерін дайындау. 10) Мемлекеттік органдарға "Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағы" баспасөз басылымын шығару. 11) Әділет жүйесінде мемлекеттік тілді дамыту мәселелері жөнінде "дөңгелек үстел", семинар, конференция, семинар-практикум өткізу және әділет жүйесі үшін мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, шығару. 12) Дін қайраткерлері, дін бірлестіктерінің басшылары, мемлекеттік органдар басшылары мен қызметкерлері қатысумен әртүрлі конфессиялар мен деноминациялар арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті нығайту мәселелері жөнінде семинар-кеңес, ғылыми-практикалық, республикалық, халықаралық конференциялар мен өңірлік семинарлар өткізу. Әлеуметтік зерттеулер өткізу. БАҚ-да діни мәселелер жөнінде бейне фильмдер (бейне көріністер) дайындау және трансляциялау. Діни мәселелері жөнінде радио хабарлар ұйымдастыру. Мемлекеттік органдары және коммерциялық емес ұйымдарға ақпараттық, мерзімді, баспасөз өнімдер, әдістемелік материалдар, оның ішінде "Дін және құқық" ақпараттық бюллетень дайындау және шығару. Діни тақырып бойынша республикалық және шетел баспасөз басылымдарына жазылу. Ғалым-теологтарды, заңгерлерді және өзге де ғылыми қызметкерлерді тарта отырып, діни ұстаным бостандығына азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясат мәселелері жөнінде үгіт-насихат іс-шараларын және дін тану сараптамаларын өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Заңды тұлғаларды, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру. Құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мемлекет саясатын іске асыру. Азаматтардың діни ұстаным бостандығына құқықтарын іске асыру, әр түрлі діни сенімдегі діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті нығайтуды, олардың мемлекетпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген норма шығармашылық қызметін және өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік бланкілерін дайындау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдары |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі 7 тақырып бойынша қызмет көрсетулер сатып алу: 1) халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін жүйені жетілдіру; 2) Қазақстан Республикасында қаржы есептемесінің халықаралық стандарттарға көшудің өзекті мәселелері мен проблемалары; 3) іс жүргізу және құжат айналымы; 4) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет; 5) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау; 6) Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеудің өзекті мәселелері; 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу саласында заңнаманың іс-әрекет тиімділігін арттыру шаралары. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары |
5 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Аумақтық әділет органдарының және қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының ғимараттарына, үй-жайлары мен құрылыстарына күрделі жөндеу жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдары |
6 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Орталық аппаратты, Комитеттерді және олардың аумақтық бөлімшелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдары |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамас ыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Есептеу техникасына және телекоммуникациялық жабдықтарға арналған шығыс материалдар, жиынтық және қосалқы бөлшектер сатып алу; телекоммуникациялық қызметтер; Қазақстан Республикасы Әділет бөлімшелері министрлігінің Веб-сайтына қызмет көрсету; есептеу техникасын және телекоммуникациялық жабдықтар сатып алу; өзге де тауарларды сатып алу; әділет органдарының есептеу техникасы мен ақпараттық жүйесі құралдарына жүйелік-техникалық қызметтер көрсету; ақпараттық жүйелерді әкімшілеу, сүйемелдеу және пайдалану; лицензиялық бағдарламалық өнімдерін сатып алу; жергілікті есептеу желілерін монтаждау, құру (төсеу); бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланушыларын оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қылмысты қ-атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық бөлімшелері |
8 | | 100 | Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аппараты | Қылмыстық жазаларды атқару саласында мемлекет саясатын іске асыру, қылмыстық жазаларды атқаратын органдар мен мекемелерде құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жедел-іздестіру қызметін жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қыл мыстық-атқару жүйесі комитеті |
9 | | 101 | Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдарының аппараттары | Мекемелер мен органдарда қылмыстық жазаларды атқару бойынша заңнамасына сәйкес жұмыстар ұйымдастыру; Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жедел-іздестіру қызметін жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық бөлімшелері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелген функцияларды сапалы және уақытылы орындау;
кәсіби деңгейін арттыру кемінде 376 адам;
мемлекеттік тілге оқыту кемінде 334 адам;
ағылшын тіліне оқыту кемінде 50 адам.
Түпкі нәтиже:
мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін 11,6 пайызға арттыруда, мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілге 20 % оқытуда және мемлекеттік қызметкерлерді ағылшын тіліне 1,5 пайызға оқытуда қажеттілігін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау;
мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға орташа шығындар - 10,6 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік тілге оқытуға орташа шығындар - 49,1 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшінің ағылшын тіліне оқытуға орташа шығындар - 29,7 мың теңге.
Уақтылығы: Іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шараларды орындауды уақытылы қамтамасыз ету.
Сапасы:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және оның ведомстволарына жүктелген функцияларға сәйкес халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуді және олардың сапасын қамтамасыз ету;
қазіргі замандағы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметтің кәсіби талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру;
мемлекеттік тілді оқу курстарын өткеннен кейін іс жүргізу қағаздары мемлекеттік тілге көшкен мемлекеттік қызметшілердің үлесі 30 пайыз;
ағылшын тілін оқу курстарын өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 1,2 пайыз;
кәсіби деңгейін арттыру курстарын өткеннен кейін жоғарғы лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2,5 пайыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
222-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Сот сараптамаларын жүргізу»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1430316 мың теңге (бір миллиард төрт жүз отыз миллион үш жүз он алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңы; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 17-баптары; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1245 қаулысы; «Қазақстан Республикасының сот сараптама жүйесін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 қаулысы; «Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1072 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сот сараптамасындағы қылмыстық азаматтық істердің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдары бойынша Қазақстан Республикасының сот ісін жүргізудің қажеттілігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: сот-сараптама қызметін ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Сот сараптамаларын жүргізу | Соттық-сараптама қызметін ұйымдастыру; лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот сарапшыларына лицензиялар беру; сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту; сот сараптамасы саласында ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру және жүргізу; сот-сараптама қызметінің ұйымдастырушылық негізін дамыту; сарапшы кадрларын ipiктеу, кәсіби даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру; Сот сараптамасы орталығы үшін ақпараттық жүйені техникалық, технологиялық, материалдық, бағдарламалық қамтамасыз ету және сүйемелдеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметін толық ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету;
2) бірыңғай және тәуелсіз сот-сараптама жүйесінің қызметін кезең-кезеңмен жетілдіру;
3) азаматтық сот ісін жүргізуде сот сараптамасының ролін арттыру;
4) WEB-сайтты сүйемелдеу және қызмет көрсетулерді;
5) қызметтік ғимарат сатып алу.
Түпкі нәтиже: сот сараптамасындағы Қазақстан Республикасы сот ісін жүргізу қажеттілігін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір сараптама жүргізу үшін шығындар кемінде 8239 теңге құрайды.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шараларды орындауды уақытылы қамтамасыз ету.
Сапасы: Қазақстан Республикасының сот ісін жүргізудің қазіргі заманға сай сапалы сараптамадағы талаптарын неғұрлым толық қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
223-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Сотталғандарды ұстау»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 13738533 мың теңге (он үш миллиард жеті жүз отыз сегіз миллион бес жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексі; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы; «Қазақстан Республикасы ішкі істер қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналды қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері қызметкерлері лауазымдарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: түзеушілік әсер етуді жүзеге асырумен сотталғандарға қатысты сот үкімін, қаулысын және ұйғарымын орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
1) Қылмыстық жазаларды орындау, қылмыстық жазаларды атқаратын мекемелерде құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету.
2) Сотталғандарды түзеуді ұйымдастыру.
3) Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Сотталғандарды ұстау | Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңнамада белгіленген тәртіпті және жазасын өтеу жағдайларын сақтауды қамтамасыз ету мен сотталғандарға қатысты соттардың үкімін, қаулысын және ұйғарымын орындау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық органдары, түзеу мекемелері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қылмыстық жазаны атқару мекемелерінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.
Сотталғандарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сотталғандардың білім алуын қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: сотталғандарға түзеу ықпалын, соның ішінде психологиялық-педагогикалық әдістерді пайдаланып жүзеге асыруды ұйымдастыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: түзелу жолына түскен сотталғандардың санын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
224-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2617400 мың теңге (екі миллиард алты жүз он жеті миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сотталғандар мен тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау үшін коммуналдық-тұрмыстық жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жаңа түзеу мекемелері мен тергеу изоляторының құрылысын салу және қайта жаңарту жолымен сотталғандар мен тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау тығыздығын төмендету; республика бойынша сотталғандарды тасымалдау санын азайту мақсатында сотталғандардың барлық санаттарына сотталғанға немесе тұтқындалғанға дейін тұрған аймағының шегінде жазасын өтеу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және реконструкциялау | "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкес мыналар бойынша ic-шараларға бөлінген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес түзеу мекемелерінің және тергеу изоляторының объектілерін салу және қайта жаңарту жөніндегі мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру: 1. Павлодар қаласындағы "Химпром" ААҚ-тың № 822 және № 823 өндірістік корпустарын 1500 орынды ерекше режимдегі түзеу колониясы етіп қайта жаңарту (жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 37-XIX бұйрығы, жобалау-сметалық құжаттамаға Мемлекеттік сараптаманың 2004 жылғы 29 шілдедегі № 2-365/04 қорытындысы); 2. Орал қаласындағы РУ-170/3 мекемесін 900 орынды қатаң режимдегі түзеу колониясы етіп қайта жаңарту (жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 199 ЖІЖ бұйрығы, жобалау-сметалық құжаттамаға Мемлекеттік сараптаманың 2004 жылғы 28 маусымдағы № 2-264/04 қорытындысы); 3. Атырау қаласындағы "Лейла" ЖШС өндірістік базасын 300 орынды әйелдер түзеу колониясы етіп қайта жаңарту (жобалау-сметалық құжаттамаға Мемлекеттік сараптаманың 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 2-902/05 қорытындысы); 4. Алматы қаласындағы 1500 орынды тергеу изоляторын қайта жаңарту және кеңейту (техникалық-экономикалық негіздемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2004 жылғы 7 қаңтардағы № 6 бұйрығы, (жобалау-сметалық құжаттамаға Мемлекеттік сараптаманың 2005 жылғы 16 қыркүйектегі 2-264/05 қорытындысы); 5. Шымкент қаласындағы тергеу изоляторын қайта жаңарту және кеңейту (техникалық-экономикалық негіздемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 165-ЖІЖ бұйрығы, техникалық-экономикалық негіздемесіне Мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 2 ақпандағы № 2-52/06 қорытындысы); Осы жобалар шегінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес мынадай ic-шаралар өткізіледі: 1) Салуға және қайта жаңартуға жер дайындау бойынша жұмыстар жүргізу: - жер учаскесін бөліп беру; - құрылыс салу аймағына кіретін ғимараттар мен құрылыстарды өтеу; - бұзылатын және көшірілетін ғимараттарға құрылыстарға және әр түрлі мақсаттағы инженерлік желілерге өтемақы төлеу; - қолданыстағы ғимараттардың және құрылыстардың істегі қабілетіне және сейсмикалық тұрақтылығына тексеру жұмыстары; - топографиялық-геодезиялық жұмыстар жүргізу; - инженерлік-геологиялық іздеулер жүргізу; - жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу; - ЖСҚ мемлекеттік сараптамасын жүргізу; - жобаны icкe шығару. 2) Құрылыс-монтаж, санитарлық-техникалық электрмонтаждық жұмыстар. 3) Насос станцияларын, санитарлық-техникалық, технологиялық, асханалық, монша-кір жуу жабдықтарын, сигналдама мен байланыс жабдықтарын, бейне-бақылау және арнайы жабдықтар жүйесін сатып алу және монтаж жасау. 4) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулерге ақы төлеу: - техникалық қадағалауды (шарт негізінде немесе жеке тұлға ретінде инжиниринг қызметтерін көрсететін ұйымдарды тарта отырып) ұстау; - авторлық қадағалауды жүзеге асыру; - алаңды және инженерлік желілерді атқарушылық суреттерге түсіру; - жылжымайтын мүлік орталықтарында жылжымайтын мүлікті тіркеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер; - 3-тармақшада көрсетілген жабдықтарды реттеу жұмыстарын жүзеге асыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, оның аумақтық органдары, түзеу мекемелері, тергеу изоляторлары. |