|
ҚР Ішкі Істер Министрлігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы № 35 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 2. Жол полициясы комитеті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ақпарат берсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы милиция генерал-майоры
Ішкі істер министрінің 2007 жылғы № 35 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізімі
1. «Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, қылмыстың жолын кесумен оны ашудағы, сонымен қатар іздестіру жұмыстарының белсенділігін арттырудағы жол полициясының іс-әрекетін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 10 қарашадағы № 568 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2000 жылы 17 наурызда № 1085 болып тіркелген. 2. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы авто тасымалдауларға бақылау жасауды жетілдіру және алымдар мен бопсалау фактілерін жою шаралары туралы» Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қыркүйектегі № 519 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2000 жылы 23 қазанда № 1269 болып тіркелген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|