«Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан (2005.01.08. берілген өзгерістермен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 7 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы етемін: ҚР Президентінің 2005.01.08. № 1624 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже бекітілсін. 3. Осы Жарлық 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығымен бекітілген «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер ҚР Президентінің 11.02.03 ж. № 1022 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді 1. «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес теңiз сауда портының аумағында, сондай-ақ Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкiмшiлiк-аумақтық шекарасының шегiндегi аумақтың бөлігінде орналасқан. АЭА-ның аумағы 227,1 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады. 2. АЭА республика экономикасының дүниежүзілік шаруашылық байланыстар жүйесiне белсендi енуi, тиiмдiлiгi жоғары, соның iшiнде жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру, өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестицияларды тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетiлдiру, басқарудың және шаруашылық жүргiзудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгізу, сондай-ақ әлеуметтiк мәселелердi шешу үшiн аймақты жеделдете дамыту мақсатында құрылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|