|
|
|
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы
2007 жылғы 21 шілдедегі № 287-ІІІ ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісті: 1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы жер учаскелерін жалға беру шартымен Полигонның онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен бірге Ресей Федерациясына уақытша пайдалануға береді. 2. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен ұрыс алаңдарын жалға беру туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа сәйкес жер учаскелерінің, оның ішінде онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен бірге жер учаскелерінің жалға берілу кезеңінде Ресей Федерациясының мүддесінде Ресей Федерациясы Полигонды пайдаланғаны үшін ақы төлеуді жүзеге асырады.»; 2) 4-баптағы «субарендаға» деген сөздің алдынан «Тараптардың немесе үшінші мемлекеттердің заңды және жеке тұлғаларына» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 7-баптың 1-тармағында «Ресей Федерациясының құқық сақтау органдарының Полигон аумағындағы юрисдикция сұрақтары Тараптардың жеке келісімімен» деген сөздер «Ресей Федерациясының құзыретті органдарының Полигон аумағындағы заңдық құру мәселелері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының мәртебесі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісіммен және Тараптардың басқа да келісімдерімен» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: екінші абзацтағы «қалпына келтіруді және» деген сөздер алып тасталсын; оныншы абзацта «келтіруді» деген сөзден кейін «(қажет болған жағдайда Тараптардың келісімі бойынша айқындалатын тәртіппен)» деген сөздермен толықтырылсын; бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Осы Келісімнің 8-бабында көзделген ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары негізінде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 4 Мемлекеттік орталық түраралық полигонының мүдделерінде сынақ жұмыстарын жүргізу кезінде Полигонының жер учаскелері мен әуе кеңістігін пайдалануға жол беріледі.»; 5) 11-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Полигонның аумағында жер кадастрын және мониторингті жүргізуді, жердің мақсатты пайдаланылуын бақылауды Полигонның қолбасшылығымен келісілген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.»; 6) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Полигон объектілерінде кедендік және шекаралық қарап тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден және шекара қызметтерінің өкілдері жүзеге асырады. Полигонның қол басшылығы Қазақстан Республикасының кеден және шекара қызметі өкілдерінің Полигон объектілеріне кедергісіз жіберілуіне мүмкіндік береді және оларды Полигонға және кері қарай жеткізуді қамтамасыз етеді.»; 7) Келісімге № 1 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының жер учаскелерінің шекаралары
8) Келісімге № 2 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударылған Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының әскери объектілерінің ТІЗБЕСI
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер өзара консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі. Тараптардың біреуінде бірлескен шешімді талап ететін мәселелер туындаған кезде осы Тарап екінші Тарапты келіссөздер басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей ол туралы жазбаша хабардар етеді. Осы Хаттама Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша алған күнінен бастап күшіне енеді. Осы Хаттама өз қолданысын Келісімнің қолданысы тоқтатылған кезде бір мезгілде тоқтатады. Мәскеу қаласында 2006 жылғы 4 сәуірде әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |