|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1254
ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1349 қаулысымен күші жойылды
Акциздердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің заңсыз өндірісі мен айналымын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 600-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын: «2-1. 2007 жылғы 15 сәуірден бастап алкогольдік өнімді жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау енгізілсін. 2-2. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау 2007 жылғы 1 маусымға дейін жүргізіледі.«; 2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Алкоголь өнімін өндірушілер мен импорттаушылар, алкоголь өнімін сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ банкроттың мүлкін (активтерін) сататын конкурстық басқарушылар отандық және импорттық өндірістің алкоголь өнімін ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен сатуды 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырады деп белгіленсін.»; 1) тармақшада «есепке алу-бақылау таңбаларымен» деген сөздердің алдынан «жаңа үлгідегі» деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) 2007 жылғы 1 мамырға дейін есепке алу-бақылау таңбаларын дайындайтын ұйымды айқындайтын тендер өткізсін және тендердің жеңімпазымен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт жасассын;»; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) есепке алу-бақылау таңбаларын пайдалана отырып, алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымына бақылау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банкнот фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға тендердің жеңімпазынан алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбаларының бірінші легі алынғанға дейін есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт (келісім) жасассын;»; көрсетілген қаулымен бекітілген Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Есепке алу-бақылау таңбаларымен міндетті түрде таңбалауға жататын алкоголь өнімі есепке алу-бақылау таңбаларымен осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбаланады.«; осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 177 қаулысына Қосымша
Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесіне қосымша
Алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбасының нысаны
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |