«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен
Осы редакция 2007 ж. 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде: реттік нөмірі 27-1-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызмет.». 3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1276 қаулысымен Бекітілген
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
1. Біліктілік талаптары тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру бойынша лицензия алуға үміткер заңды тұлғаларға қолданылады. 2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына үміткер заңды тұлғалар мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс: 1) бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрі басылған тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасымен расталатын, алдыңғы қаржы жылына және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру бойынша лицензия алуға өтінімдер беру күнінің алдындағы салық есептілігі кезеңі ішінде бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы; 2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардан тарту болжанатын ақшаның кемінде 12 пайызы көлемінде жеке капиталының болуы; 3) құрылыс объектісін салудың аяқталған нөлдік циклының болуы; 4) оны тұрғын үй ғимаратының құрылысына пайдалануға рұқсаты бар өзіне меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесінің болуы; 5) кезеңдер бойынша құрылысқа арналған рұқсаттың болуы; 6) тұрғын үйлерді салуда екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы; 7) тиісті жоғары білімі мен мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажы немесе тиісті орта арнаулы білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техникалық қызметкерлер мен жауапты орындаушылар штатының болуы.
|