«Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық
Осы редакция 2007 ж. 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберінде сауда саясатын жетілдіру, ықпалдасу үдерістерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Ведомствоаралық комиссияның құрамы; 2) Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер- Кәрім Қажымқанұлы Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия Владимир Сергеевич және сауда министрі, төрағаның орынбасары
Айтжанова - Қазақстан Республикасының Индустрия Жанар Сейдахметқызы және сауда вице-министрі, хатшы
Әйтекенов - Қазақстан Республикасының Қайрат Медібайұлы Туризм және спорт вице-министрi
Ақанов - Қазақстан Республикасының Айқан Ақанұлы Денсаулық сақтау вице-министрi
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Энергетика Болат Оралұлы және минералдық ресурстар вице-министрi
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрi
Бірәлиев - Қазақстан Республикасының Әлжан Хамидоллаұлы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Рәпіл Сейітханұлы министрінің орынбасары
Қасымбек - Қазақстан Республикасының Көлік және Жеңіс Махмұдұлы коммуникация вице-министрi
Мусина - Қазақстан Республикасының Ауыл Лилия Сәкенқызы шаруашылығы вице-министрi
Нұғманов - Қазақстан Республикасының Серік Пикұлы Әділет вице-министрi
Палымбетов - Қазақстан Республикасының Экономика Болат Әбілқасымұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Смайылов - Қазақстан Республикасының Қаржы Әлихан Асханұлы вице-министрi
Yмбетәлиев - Қазақстан Республикасының Еңбек Мәди Тоқтарұлы және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрi
Өскімбаев - Қазақстан Республикасының Ішкі істер Қожамұрат Бейісұлы вице-министрi
Алдабергенов - Қазақстан Республикасы Табиғи Нұрлан Шәдібекұлы монополияларды реттеу агенттігi төрағасының орынбасары
Нұршабеков - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру Ризат Рахатбекұлы және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары
Тортаев - Қазақстан Республикасы Статистика Бауыржан Қадырұлы агенттігі төрағасының орынбасары
Мәмбеталин - Қазақстан Республикасы Қаржы Әлихан Есенғосұлы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары
Сахипова - Қазақстан Республикасы Нұрғайша Нұртайқызы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитеті төрағасының орынбасары
Сағадиев - Қазақстан Республикасы Парламентінің Кенжеғали Әбенұлы Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы
Өтебаев - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мүсірәлі Смайылұлы Сенаты Экономика, қаржы және бюджет комитетінің төрағасы
Өзбеков - Қазақстан Республикасы Ғани Нұрмаханбетұлы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігi төрағасының орынбасары
Айманбетова - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Гүлбану Зарлыққызы Төрағасының орынбасары
Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
2. Комиссия қызметінің мақсаттары
4. Комиссия қызметінің мақсаттары: Қазақстан Республикасындағы сауда саясатын дамыту және жетілдіру жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына(н) тауарларды әкелуді (әкетуді) реттеудің кеден-тарифтік және тарифтік емес шараларын қолдану жөніндегі, тарифтік квоталарды енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты және ішкі нарықты қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу; Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) кіру жолымен Қазақстанның әлемдік сауда жүйесіне тиімді ықпалдасуы жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру болып табылады.
5. Комиссияның негізгі міндеттері: кедендік баж ставкаларын енгізу және өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; сауда қызметін дамыту және тауарларды өндіру мен сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Қазақстанның ДСҰ-ға, сондай-ақ оның екі жақты және көп жақты сауда келіссөздері барысында жасалатын жекелеген келісімдеріне қосылу шарттары мен кезеңдерін қоса алғанда, экономикалық саясаттың нақты мәселелері бойынша ДСҰ-ға кіру үдерісінде Қазақстанның келіссөз ұстанымы жөнінде ұсыныстар әзірлеу; өспелі, демпингтік немесе субсидияланатын тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импортына байланысты отандық өндірушілерге елеулі немесе материалдық зиян келтіру фактісі немесе осындай зиян келтіру қаупі бар немесе жоқ екені туралы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дайындалған тиісті қорытындысы негізінде уақытша шараларды қoca алғанда, қорғау, демпингке қарсы, өтем шараларын қолданудың орындылығы туралы ұсыныстар әзірлеу; тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталарды қолдану туралы ұсыныстар әзірлеу; Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдар алдындағы міндеттемелерін орындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; халықаралық экономикалық ұйымдардың қағидаттары мен ережелеріне оның сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде сауда қызметі саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мемлекеттік қауіпсіздікке, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, сондай-ақ халықаралық санкцияларға қатысу ретінде жедел тәртіппен қабылданатын шараларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден аумағына(н) тауарларды әкелудің (әкетудің), оның ішінде сандық тыйымдарын немесе шектеулерін қолдану туралы ұсыныстар әзірлеу; Қазақстан Республикасында қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарау және дайындау; преференциялардың ұлттық схемасын өзгерту және нақтылау жөніндегі ұсыныстарды қарау және дайындау, сауда әріптестерімен, оның ішінде өңірлік бірлестіктер шеңберінде Қазақстан Республикасының өзара сауда саясаты мәселелері жөніндегі ұстанымын әзірлеу болып табылады.
6. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзыреті шеңберінде: белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының сауда қызметі саласындағы заңнамасын жетілдіру, тауарлардың импорты кезінде тарифтік квоталарды, ішкі нарықты қорғау жөніндегі шараларды, кеден-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану және Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы жөнінде ұсыныстар енгізеді; заңнамада белгіленген тәртіппен министрліктерден, ведомстволардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты сұратады және алады; Комиссияның қарауына енгізілетін мәселелерді шешу жөніндегі проблемаларды талдауға және ұсыныстар әзірлеуге ғылыми ұйымдарды, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшыларды тартады.
5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Комиссияны төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Комиссия әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды. 8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 9. Комиссияның хатшысы Комиссияның отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және отырыстар өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді. 10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Комиссияның төрағасы Комиссияның қарауына ұсынылатын материалдардың негізінде Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын шақырады. 11. Егер Комиссияның отырыстарында Комиссия мyшелерінің жалпы санының кемінде үштен eкici қатысса, ол заңды болып саналады. Комиссияның мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады. 12. Комиссияның отырыстары ашық болып табылады. Төрағаның шешімі бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін. 13. Комиссияның шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады және Комиссияның төрағасы немесе отырысты өткізген оның орынбасары, сондай-ақ міндетті түрде оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіру құқығы бар, ол білдірген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс. 14. Қажет болған кезде Комиссияның шешімі хаттаманы ресімдей отырып, оның мүшелеріне жазбаша сауалдама жүргізу жолымен қабылдануы мүмкін. 15. Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін орны мен уақытын белгілейді және нақтылайды.
Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегi № 903 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 1 қарашадағы № 1388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 38, 489-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 қарашадағы № 1388 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 462 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 12, 123-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 қарашадағы № 1388 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы № 1115 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 34, 367-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 1 қарашадағы № 1388 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 маусымдағы № 506 қаулысы. 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қарашадағы № 1120 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы. 6. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 1 қарашадағы № 1388 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 шілдедегі № 733 қаулысы. 7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 қарашадағы № 1388 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 585 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 23, 299-құжат).
|