|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын: «1-1) агрометеорологиялық мониторинг - жер бетіндегі агрометеорологиялық желі арқылы байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; агротехникалық жұмыстарды жоспарлау жөніндегі ақпаратты жинау, беру, талдау мен өңдеу жүйесі және ауыл шаруашылығы мүддесіне орай агрометеорологиялық болжаулар жасау;»; «13-1) ғарыштық мониторинг - жердің пайдаланылуына байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде ғарыштан ақпарат беру, оны ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінің жай-күйі мен өнімділігін бағалау және болжау үшін өңдеу;»; 2) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: «12-1) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өткізілген бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;»; 3) тармақшадағы «, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру» деген сөздер алып тасталсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) Қазақстан Республикасының Үкіметі басым деп айқындаған дақылдар бойынша егістік жердің бір гектарына есептеп субсидия беру арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;»; 4) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) агроөнеркәсіптік кешенді агрометеорологиялық және ғарыштық мониторинг деректерімен қамтамасыз ету;». 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2007 жылғы наурыздың 27-сі. № 242-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |