|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 және
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1)«Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 4, 56-құжат): тақырыптағы және 1-тармақтағы «және құмар ойын бизнесіне» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: тақырыптағы «және құмар ойын бизнесіне» деген сөздер алынып тасталсын; «Өндірілетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары» деген бағанның тақырыбындағы «және құмар ойын бизнесіне» деген сөздер алынып тасталсын; мына: «Құмар ойын бизнесі ойын үстелі 300-1400 АЕК (лотереядан басқа) бір ойыншы 20-70 АЕК ойнауға арналған ақшалай ұтысты ойын автоматы бірнеше ойын- 70-100 АЕК шының қатысуымен ойын өткізуге ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электронды рулет- каны қоспағанда); тотализатор 160-400 АЕК кассасы букмекер 40-200 АЕК кеңсесінің кассасы электронды 70-150 АЕК рулетка »
деген жол алынып тасталсын; 2) «Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 434-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерінде* реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 13-жолдар алынып тасталсын. 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |